Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шоколадты карамельді латте» торты



«Шоколадты карамельді латте» торты

(торт «Шоколадно карамельная латте»)

Шоколадты Бисквит (18 см)

(Шоколадный бисквит)

 

Құрамы:

Жұмыртқа – 5 дана (шт.) (С1)

Қант -160 гр.

Тұз – шым-шым (щепотка)

Ұн – 160 гр.

Какао 45 гр.

Сода – 0,5 ш.қ толтырмай (ч. л без горки)

Қопсытқыш (Разрыхлитель) –4 гр.

Ыстық су (горячая вода) – 100 гр. (60-70 °С)

Кофе (еритін), (растваривый)– 4 гр

 

Дайындалуы:

Миксердің ыдысына жұмыртқаны шағып салып, үстіне тұз салып миксердің төменгі жылдамдығынан бастап миксерлей бастаймыз. Жылдамдығын ақырындап қосып отырамыз. Қантты 3-4 бөлікке бөліп саламыз. Жұмыртқаның көлемі 3-4 есеге ұлғайып, ағарады, қоюланады. Ыстық суға еритін кофені салып дайындап аламыз. Жұмыртқаға жылы кофені қосып силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) арластырамыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді електен өткізіп қосамыз, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) жұмыртқаның көлемін басып алмай араластырамыз. Формамызды алдын ала дайындап аламыз. Түбі жоқ (в кольцах без дна) форманың астын сапасы жоғары фольга қағазымен бекітіп дайындап аламыз. Дайын болған қамырды диаметрі 18 см 3 формаға теңдей етіп бөліп саламыз. 150°С-та 25-30 минут шамасында пісті. Өз пешіңіздің жағдайына қараңыз. Ағаш шпажкамен тексеріп көреміз. Піскен бискитті суыған соң ғана формасынан босатамыз.

_________________________________________

Мусс «Карамельді Латте». (16см)

(Мусс «Карамельная латте»)

1 салмаға арналған керек заттар

(Ингредиенты на 1 начинку)

Құрамы:

Ұсақ қант (мелкий сахар) –100 гр маңызды!!! (важно!!!)

Сарымай 82,5% (слив. масло)–30 гр.

Кілегей 33-35% (сливки) –80 гр «карамель дайындауға»

(для приготовления карамели)

Кофе (еритін), (растваривый)– 2 гр

Желатин – 4-5 гр (20-25 гр су)

Кілегей 33-35% (сливки) – 130 гр «шайқауға» (для взбивания)

 

Дайындалуы:

Желатинге су құйып алдын-ала бықтырып қоямыз. Кілегейге (сливки) кофені салып микротолқынды пеште (микроволновая печь) кофе ерігенше қыздырып аламыз. Қантымызды түбі қалың тостағанға салып төменгі отқа қойып, толық ерігенге дейін ерітеміз. Қоңырқай сары (янтарный цвет) болған кезде бөлме температурасындағы сарымайды саламыз. Кофе араласқан сливкиді 3-4 бөлікке бөліп құямыз. Кілегейдің әр бөлігін құйған кезде жақсылап араластырамыз. Оттан алып, 2-3 минуттан кейін дайын болып бығып тұрған желатинді саламыз. Қанттың ерімеген түйіршіктері қалған болған електен (сито) өткізіп алуға болады. Кілегейдің жеке өзін орташа қоюланғанша (полувзбитые сливки) шайқаймыз. Жартылай суыған карамельді кілегейге қосып, ақырындап силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) арластырамыз. Диаметрі 16 см 2 формаға теңдей етіп бөліп, толық суығанға дейін мұздатқыш (морозильник) салыамыз.

_________________________________________

 

Кремчиз:

Құрамы:

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.

Кілегей 33-35% (сливки) – 130 гр

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 90-120 гр.

 

Дайындалуы:

Барлығын бірге қою крем болғанға дейін араластырамыз. Дайын!



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.