Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Фисташкалы ганаш». Жаңғақты ганаш». Мангалы ганаш»



1. «Фисташкалы ганаш»

«Фисташковый ганаш»

Құрамы:

Кілегей 33-35% (сливки) – 150 гр.

Глюкоза – 30 гр.

Ақ шоколад (белый шоколад) – 180 гр.

Фисташкалы паста – 20 гр.

 

Дайындалуы:

Кілегей мен глюкозаны араластырып қайнағанға дейін жеткіземіз. Ақ шоколадқа құйып, фисташкалы пастаны қосып араластырамыз, блендермен масса біріккенше араластырамыз. Бетін пленкамен «в контакт» жауып, 24 сағатқа тоңазытқышқа жібереміз. Немесе 12 сағаттан кейін блендерлеп пайдалана беруге болады.

______________________________________________________________________________

 

2. «Жаңғақты ганаш»

«Арахисовый ганаш»

Құрамы:

Кілегей 33-35% (сливки) – 150 гр.

Глюкоза – 30 гр.

Ақ шоколад (белый шоколад) – 180 гр.

Жаңғақ пастасы (арахисовая паста)– 20 гр.

 

Дайындалуы:

Кілегей мен глюкозаны араластырып қайнағанға дейін жеткіземіз. Ақ шоколадқа құйып, жаңғақ пастаны қосып араластырамыз, блендермен масса біріккенше араластырамыз. Бетін пленкамен «в контакт» жауып, 24 сағатқа тоңазытқышқа жібереміз. Немесе 12 сағаттан кейін блендерлеп пайдалана беруге болады.

__________________________________________________________________________

 

3. «Мангалы ганаш»

«Манговый ганаш»

Құрамы:

Манго пюресі (пюре манго) – 80 гр

Ақ шоколад (белый шоколад) – 180 гр.

Сарымай (слив.масло) – 33 гр.

 

Дайындалуы:

Пюрені қайнағанға дейін жеткіземіз, қайнатпаймыз (!!!), шоколдқа құямыз. Жақсылап араластырамыз, блендерлейміз. Сарымайды қосып тағы да блендерлейміз. Ганашты кондитерлік қалтаға салып біркелкі қалыпқа келгенше 3-4 сағатқа тоңазытқышқа саламыз.

______________________________________________________________________________

 

4. «Маракуядан ганаш»

«Ганаш из маракуи»

 

Құрамы:

Маракуя пюресі (пюре маракуи) – 80гр

Ақ шоколад (белый шоколад) – 180 гр.

Сарымай (слив.масло) – 33 гр.

Дайындалуы:

Пюрені қайнағанға дейін жеткіземіз, қайнатпаймыз (!!!), шоколдқа құямыз. Жақсылап араластырамыз, блендерлейміз. Сарымайды қосып тағы да блендерлейміз. Ганашты кондитерлік қалтаға салып біркелкі қалыпқа келгенше 3-4 сағатқа тоңазытқышқа саламыз

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.