Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Клубничка» тәттісі



«Клубничка» тәттісі

(пирожное «Клубничка»)

Құрамы:

Бисквит:

Жұмыртқа – 220 гр.

Қант – 100 гр.

Ұн – 110 гр

Құлпынай (клубника) – 40 гр.

 

Құлпынайлы компоте (клубничное компоте):

Құлпынай пюресі (клубничное пюре) – 350 гр.

Құлпынай «балғын» (свежая клубника) – 300 гр.

Қант – 170 гр.

Пектин NH – 14 гр.

Лимон қышқылы (лимонная кислота) – 2 г.

 

«Құлпынай - пломбир» муссы ( мусс «Клубника - пломбир»)

Құлпынай пюресі (клубничное пюре) – 100 гр.

«Италия» меренгасы – 140 гр.

Желатин – 12 гр.

Су - 72 гр.

Шайқалған кілегей 33-35% (взбитые сливки) – 150 гр.

 

«Италия» меренгасы: («Итальянская меренга»)

Су – 40 гр.

Қант – 130 гр.

Ақуыз (белки) – 80 гр.

 

Глазурь:

Ақ шоколад (белый шоколад) – 500 гр.

Сұйық май (растительное масло) – 110 гр.

Бояғыштар «майда еритін» – ақ/қызғылт

(Жирорастворимый краситель – белый/розовый)

 

Дайындалуы:

Бисквит:

Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлейміз, масса ұлғайып, ағарып, тығыз көбік (плотная, пышная пена) болғанға дейін миксерлейміз. Ұнды електен өткізіп қосып, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) араластырамыз. Табаға (противень) 1 см биіктікке жайып, үсіне текшелеп (кубик) туралған құлпынайды орналастырып 170°С-та 12-14 минут шамасында пісіріп аламыз.

 

Құлпынайлы компоте (клубничное компоте):

Құлпынай пюресі мен балғын құлпынайды қайнағанға дейін жеткіземіз. Қант пен пектинді бөлек араластырып алып саламыз. 20 секунд шамасында қайнатамыз. Лимон қышқылын қосамыз.

 

«Италия» меренгасы: («Итальянская меренга»)

Миксердің ыдысына ақуызды салып (белок) төменгі жылдамдықта шайқай бастаймыз. Жылдамдығын ақырындап қосамыз. Бөлек ыдысқа су мен қантты араластырып 110°С-қа деін қайнатамыз. Ақуыз өз формасын ұстап, екі есеге ұлғая бастаған кезде сиропты ақырын ағызып (тонкой струей) құямыз. Сосын миксердің ыдысы суығанша миксерлейміз.

«Құлпынай - пломбир» муссы ( мусс «Клубника - пломбир»)

Желатинге су құйып алдын ала бықтырып қоямыз. Түбі қалың ыдыста құлпынай пюресін ерітіп,қыздырып, алдын-ала дайындаған желатинді саламыз. Пюрені 32°С-қа деін суытамыз. Жартылай шайқалған кілегейді суыған пюреге араластырамыз.

Глазурь:

Ақ шоколадты бу моншасында (водяная баня) н/е микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп қалаған түсіңізді шығару үшін бояғышты қолданасыз. Үстіне сұйық майды құямыз да қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып біркелкі болғанша езіп аламыз. Кептірілген таңқурай н/е құлпынай (сублимированная малина или клубника) қосуға болады, бірақ маңызды емес !!! (не важно!!!)

 

Тәттімізді (пирожное) видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз.

Бізде формамыз 20/30 см.

Дайын болған пирожныйларымыздың тігінен ортасынан (по вертикали от середины) кесеміз. Тігінен кесу өз табаларыңыздың ұзындығына байланысты. Ал ені 3 см болады. Бізде 8/3 см пирожный шықты.

«Фисташка-таңқурай» тәттісі

(пирожное «фисташка-малина»)

 

Құрамы:

Фисташкалы бисквит (фисташковый бисквит):

Жұмыртқа – 220 гр.

Қант – 100 гр.

Ұн – 80 гр

Фисташка ұны (фисташковая мука) – 40 гр.

 

Таңқурайлы компоте (малиновое компоте):

Таңқурай пюресі – 350 гр.

Таңқурай «балғын» (свежая малина) – 200 гр.

Қант – 170 гр.

Пектин NH – 14 гр.

Фисташкалы мусс (фисташковый мусс):

Фисташка пастасы (фисташковая паста)- 80 гр.

№1 Кілегей 33-35% (сливки) – 250 гр.

Глюкоза – 20 гр.

Ақ шоколад (белый шоколад) – 220 гр.

Желатин – 6 гр.

Су – 36 гр.

№2 Кілегей 33-35% (сливки) – 500 гр.

 

Глазурь:

Ақ шоколад (белый шоколад) – 500 гр.

Сұйық май (растительное масло) – 110 гр.

Бояғыштар «майда еритін» – ақ/жасыл

(Жирорастворимый краситель – белый/зеленый)

 

Дайындалуы:

Фисташкалы бисквит (фисташковый бисквит):

Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлейміз, масса ұлғайып, ағарып, тығыз көбік (плотная, пышная пена) болғанға дейін миксерлейміз. Ұнды және фисташка ұнын електен өткізіп қосып, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) араластырамыз. Табаға (противень) 1 см биіктікке жайып, 170°С-та 12-14 минут шамасында пісіріп аламыз.

 

Таңқурайлы компоте (малиновое компоте):

Таңқурай пюресі мен балғын таңқурайды қайнағанға дейін жеткіземіз. Қант пен пектинді бөлек араластырып алып саламыз. 20 секунд шамасында қайнатамыз. Лимон қышқылын қосамыз.

 

Фисташкалы мусс (фисташковый мусс):

Желатинге су құйып алдын ала бықтырып қоямыз . Түбі қалың ыдыста №1 кілегейді (сливки) мен глюкозаны қосып қайнатамыз. Үстіне желатинді саламыз. Массаны шоколадқа құйып, шоколад ерігенге дейін араластырамыз. Қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып эмульсия күйіне дейін араластырамыз. №2 салқын кілегейді қосып араластырамыз, бетін пленкамен «в контакт» жауып тоңазытқышқа шамамен 4 сағатқа қоямыз.

Глазурь:

Ақ шоколадты бу моншасында (водяная баня) н/е микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп қалаған түсіңізді шығару үшін бояғышты қолданасыз. Үстіне сұйық майды құямыз да қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып біркелкі болғанша езіп аламыз.

 

Тәттімізді (пирожное) видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз.

Бізде формамыз 20/30 см.

Дайын болған пирожныйларымыздың тігінен ортасынан (по вертикали от середины) кесеміз. Тігінен кесу өз табаларыңыздың ұзындығына байланысты. Ал ені 3 см болады. Бізде 8/3 см пирожный шықты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.