Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сникерс» чизкейкіне арналған тұздалған карамель



«Сникерс» чизкейкіне арналған тұздалған карамель

(соленая карамель для чизкейка «Сникерс»)

Құрамы:

Қант – 110 гр.

Кілегей 33-35% (сливки) – 65 гр.

Сарымай (слив.масло) – 50 гр.

 

Дайындалуы:

Кілегейді қыздырамыз (микротолқынды пеште қыздыруға болады). Түбі қалың ыдыста қантты ерітеміз. Қант ерігенге дейін аралстырмаймыз. Қанттың біркелкі еруіне жағдай жасап, силиконды күрекшемен араластыруға болады. Еріген қанттың түсі қызғылт сары түске енген кезде салқын сарымайды салып жылдам араластырамыз. Масса біріккен кезде кілегейді қосамыз.

 

______________________________________________________________________________

«Шоколадты чизкейкке»арналған ганаш

(ганаш для «Шоколадного чизкейка»)

Құрамы:

Сүтті шоколад (молочный шоколад) – 100 гр

Кілегей 33-35% (сливки) –150 гр.

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 50 гр

 

Дайындауы:

Кілегейді қайнағанға дейін қыздырып, шоколадқа құямыз, араластырамыз. 6-7 сағатқа біркелкі қалыпқа келегенше тоңазытқышқа саламыз. Уақыт өткен соң ганашты алып миксермен араластырып, бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікі қосамыз, араластырамыз.

 

______________________________________________________________________________

«Таңқурайлы чизкейкке» арналған сүзбелі крем

(творожный крем для «Творожного чизкейка» )

Құрамы:

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 100 гр

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 1 а.қ (ст.л)

Кілегей 33-35% (сливки) –20 гр.

Крахмал қосылып қайнатылған таңқурайлы пюре

(малиновое пюре уваренное с крахмалом) – 1 а.қ (ст.л)

 

Дайындалуы:

Сүзбелі ірімшікке қант ұнтағы мен кілегейді қосып аралстырамыз. Таңқурайлы пюрені қосып және жақсылап араластырамыз.

 

 

 

«Макаронс»

Құрамы:

Ақуыз (белки) – 160 гр.

Қант – 160 гр.

Альбумин – 10 гр.

Бадам ұны (миндальная мука) - 200 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 100 гр.

 

Дайындалуы:

Бөлме температурасындағы ақуызды миксердің орташа жылдамдығында араластыра бастаймыз. Жылдамдығын өзгертпейміз.

Альбуминді қантпен аралстырып аламыз, сосын оны ақуызға ақырындап саламыз және француз меренгасын жасаймыз.

Ұн мен қант ұнтағын біріктіріп, меренгаға қосамыз. Өзіңізге керек түсті бояғыштардың көмегімен шығарып алсаңыз болады.

Макронажды біркелкі болып ағатын лента тәрізді күйге дейін араластырамыз. Диаметрі 4/5 мм болатын силиконды кілемшеге құйып шығамыз. 1,5-2 сағат уақыт аралығында кептіріп аламыз. Кепкен макаронстарды 140 ◦С-та 13-15 минут аралығында пісіріп аламыз.

Өз пешіңізге қарап, грдусы мен уақытын бақылауда ұстаңыз.

 

 

 

                                                                                                                                             

 

Салмалары  (начинки)

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.