|
|||
Ылғалдандырудың (пропитка) 3 түрлі нұсқасы берілді. Қалаған ылғалдандыруды қолдансаңыздар болады. Біз какаолы ылғалдандыруды (Какао пропитка) пайдаландық.. Манго - Маракуйя» торты. Би_______________________________________
Ылғалдандырудың (пропитка) 3 түрлі нұсқасы берілді. Қалаған ылғалдандыруды қолдансаңыздар болады. Біз какаолы ылғалдандыруды (Какао пропитка) пайдаландық. _______________________________________ «Какаолы ылғандандыру» (Какао пропитка) Құрамы: Сүт – 50 гр Кілегей 33-35% (сливки) – 30 гр Какао –1-2 ш.қ (ч. л) Қант –1-2 а.қ(с. л)
Дайындалуы: Барлығын бірге араластырып, отқа қойып, қайнатамыз. Суытамыз. Араластырамыз, дайын! __________________________________ «Кофелі ылғалдандыру» (Кофейная пропитка) Құрамы: Қайнаған су (кипяток)– 100 гр. Кофе – 1 ш.қ (ч. л) Қоюлатылған сүт (сгущеное молоко) –1-2 а.қ (с. л)
Дайындалуы: Қайнаған суға еритін кофені (растваримый кофе) салып дайындап, қоюлатылған сүтті саламыз. Дайын! _________________________________________ «Шоколадты ылғалдандыру» (Шоколадная пропитка) Құрамы: Сүт – 50 гр Кілегей 33-35% (сливки) – 50 гр Қара шоколад (темный шоколад) –30-40 гр.
Дайындалуы: Барлығын микротолқынды пеште (микроволновая печь) қыздырып, араластырамыз. Дайын! _________________________________________
«Манго - Маракуйя» торты (торт «Манго-Маракуйя») Құрамы: Бисквит: 18 см Қант - 160гр Жұмыртқа –5 дана (шт) Ұн – 100 гр Бадам ұны (Миндальная мука) - 60 гр Кукуруз крахмалы– 30 гр Қопсытқыш (Разрыхлитель) – 12гр Қайнаған су (кипяток)– 3 а.қ (с.т) Сұйық май (Растительное масло) – 20 гр.
Дайындалуы: Миксердің ыдысына жұмыртқаны салып жәй жылдамдықта араластырамыз. Қанты 2-3 бөлікке бөліп саламыз. Жұмыртқа ағарып, 2-3 есе ұлғаяды. Құрғақ ингредиенттерді біріктіріп, араластырып алып, аз-аздан 3-4 бөлікке бөле отырып жұмыртқаға салып силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) астынан үстіне қарай жұмыртқаны басып алмай бір бағытта ақырындап аралстырамыз. Осы массаға сұйық май (растительное масло) құйып араластырамыз, сосын қайнаған суды (кипяток) құямыз. Қамыр дайын. 160-180°С- та 20-30 минут аралығында пісіреміз. Піскен соң толығымен суытамыз. Формадан босатамыз. Салмасы (Начинка): Манго – 150 гр. Маракуйя – 100 гр. Қант – 30- 40 гр. Кукуруз крахмалы– 1 а.қ (ст.л)
Дайындалуы: Түбі қалың тостағанға манго, маракуйя және қантты салып орташа отта қайнатамыз. Көп қайнатпаймыз. Енді қайнай бастаған кезде крахмалды кішкене сумен араластырып манго-маракуйяның үстіне саламыз. 2-3 минут қайнатамыз. Оттан алып басқа ыдысқа аударып, суытамыз. Суыған соң кондитерлік қалташаға (кондитерский мешок) салып, дайындап қоямыз.
Крем: Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 420 гр. Ақ шоколад (белый шоколад) – 260 гр.
Дайындалуы: Ақ шоколадты микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп дайындап аламыз. Сүзбелі ірімшікті миксердің жәй жылдамдығында араластыра бастаймыз. Жылдамдықты ақырындап арттырып отырамыз. Араласып жатқан сүзбелі ірімшікке еріген, суыған шоколадты қоса отырып аралстырамыз. Крем дайын!
Ганаш-Қолға жабыспайтын крем. (2 кг тортқа арналған рецепт) Құрамы: Ақ шоколад(Белый шоколад) – 300 гр. Сары май (бөлме температурасындағы) – 140 гр. Кілегей 33-35% (Сливки)– 100 мл Глюкоза шәрбаты (Глюкозный сироп) – 40 гр.
Дайындалуы: 1. Ақ шоколадты әр 30 секунд сайын араластыра отырып микротолқынды пеште (микроволновка) ерітеміз. 2. Кілегейге глюкоза шәрбатын қосып, 60 градусқа дейін жылытамыз. Қайнатпаймыз !!! Араластырамыз. 3. Еріген ақ школадқа жұмсақ сарымайды қосып, венчикпен !!! араластырамыз. 4. Шоколадқа кілегейді қосып араластырамыз. 5. Тоңазытқышқа 40 минтқа саламыз. Әр 10-15 минут сайын венчикпен араласырамыз. 6. 40 минут өткен соң ганаш 18-19 градусқв дейін салқындап, өз пішінін ұстайтын болады
|
|||
|