Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шие қосылған шоколад торты



"Шие қосылған шоколад" торты

(Торт "Школад с вишней")

Құрамы:

1 коржға арналған заттар:

(Тортқа 4 корж керек)

 

Ақуыз - 165 гр.

Қант - 75 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра) - 90 гр.

Жүгері крахмалы (кукурузный) - 9 гр.

Ұн - 9 гр.

Фундук - 125 гр.

Какао - 1 ас.қ (ст.л)

 

Кремге керек заттар:

Сүтті шоколад (молочный) - 400 гр.

Қара шоколад (черный) - 300 гр.

Кілегей 33-35% (сливки) - 1 л

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) - 350 гр.

 

Салмасына (начинка):

Шие (вишня) - 600 гр.

Жүгері крахмалы - 2 ас.қ (ст.л)

Қант - 3-4 ас.қ (ст.л)

Су (крахмалға)

 

 

Дайындалуы:

 

Корждардың дайындалуы:

Ақуызды кішкентей көпіршіктер пайда болғанға дейін миксейлерміз де, қантымызды 2-3 бөлікке бөле отырып қосамыз.Ақуызымызды қоюлығы орташа болғанға дейін миксерлейміз. Қант ұнтағын қосып, қатты қоюланғанша миксерлейміз. Ақуыз бен қант араласып болғанша қалған құрғақ заттарды біріктіреміз. Құрғақ заттарды ақуызды массаға аз-аздан қосамыз, силиконды күрекшемен араластырамыз. Дайын болған массаны формаға жақсылап, біркелкі етіп саламыз. (Форманың диаметрі 35×40). Конвекция режимінде 140 °С-та 40 минут пісіреміз (Конвекция жоқ болса 140 °С-та 30 минут ортасын, 10 минут астын пісіреміз.) Піскен коржымызды пештен шығарып, суытамыз. Осылайша 4 коржды пісіріп аламыз.

 

 

Кремнің дайындалуы:

Кілегейді қатты ысытамыз, бірақ қайнатпаймыз. Шоколадқа қосып, жақсылап араластырамыз. Кремді пленкамен "в контакт" жауып, тоңазытщышқа 8 сағатқа қоямыз.

Мұздаған кремді миксерлеп, аз-аздан сүзбелі ірімшікті қосамыз.

 

Салмасы:

Шие мен қантты араластырып, қайнағанға дейін күтеміз. Крахмалды аз мөлшердегі сумен араластырып, шиеге қосып, қайнағанын 1 минуттай күтеміз. Салмасы дайын.

Тортты видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз

 

 

 

"Алмалы зефир"

("Яблочный зефир")

 

Құрамы:

 

Миксерлеуге:

Ақуыз - 35 гр.

Қант - 100 гр.

Алмалы пюре (яблочное) - 100 гр.

Тостағанға:

Қант - 200 гр.

Су - 120 гр.

Агар-агар - 7 гр.

 

Дайындалуы:

Миксердің ыдысына пюрені, қантты және ақуызды салып миксерлейміз.

 

Сиропқа керек заттарды тостағанға салып, қосып, орташадан төмен отқа қоямыз.

 

Сироп қайнай бастаған уақытта миксердің жылдамдығын ең жоғарғы жылдамдыққа арттырамыз. Масса 5-6 есеге ұлғайып, ағара бастауы керек.

Сиропты шамамен 110 °С-қа дейін карамель болғанға дейін қайнатып, ақуызды массамызға қосамыз.

Сиропты ыдыстың шетіне құямыз, миксердің венчигіне тиіп кетпеуі керек (!!!)

Массамызды 30-60 секунд аралығында температурасы 55-60 °С-қа дейін төмендегенше араластырамыз.

Тездетіп кондитерлік қапшыққа салып, керек форма шығарамыз.

 

 

"Бананды зефир"

("Зефир с бананом")

 

Құрамы:

Миксерлеуге:

Алмалы пюре (яблочное) - 50 гр.

Банан - 50 гр.

Қант - 100 гр.

Лимон қышқылы (лимонная кислота) - шым-шым (щепотка)

Ақуыз - 1 дана (шт)

 

Тостағанға:

Су - 120 гр.

Қант -200 гр.

Агар-агар - 7 гр.

Глюкоза шәрбаты (глюкозный сироп)  - 25 гр.

 

 

Дайындалуы:

Бананды езіп, қанттың жартысын қосып, микроволновкада қайнағанға дейін ысытып аламыз.

 

Миксердің ыдысына алмалы және бананды пюрені, қантты, ақуызды қосып жәй жылдамдықта араластырамыз.

 

Сиропқа керек заттарды тостағанға салып, қосып, орташадан төмен отқа қоямыз.

 

Сироп қайнай бастаған уақытта миксердің жылдамдығын ең жоғарғы жылдамдыққа арттырамыз. Масса 5-6 есеге ұлғайып, ағара бастауы керек.

Сиропты шамамен 110 °С-қа дейін карамель болғанға дейін қайнатып, ақуызды массамызға қосамыз.

Сиропты ыдыстың шетіне құямыз, миксердің венчигіне тиіп кетпеуі керек (!!!)

Массамызды 30-60 секунд аралығында температурасы 55-60 °С-қа дейін төмендегенше араластырамыз.

Тездетіп кондитерлік қапшыққа салып, керек форма шығарамыз.

 

 

"Қарақатты зефир"

(Зефир из черной смородины)

 

Құрамы:

Миксерлеуге:

Қарақатты пюре (пюре смародины) - 125 гр.

Қант - 100 гр.

Ақуыз - 35 гр.

 

Тостағанға:

Қант - 200 гр.

Су - 75 гр.

Агар-агар - 6 гр.

 

 

Дайындалуы:

Егер сізде пюре болмаса, онда өзіңіз дайындасаңыз болады.

Қарақатты орташа отта шамамен 30 минуттай қайнатамыз. Қайнаған қарақатты оттан түсіріп, блендермен езіп, електен өткізіп алсаңыз болады (електен өткізбеседе болады)

 

Миксердің ыдысына қарақат пюресін, қантты, ақуызды қосып жәй жылдамдықта араластырамыз.

 

Сиропқа керек заттарды тостағанға салып, қосып, орташадан төмен отқа қоямыз.

 

Сироп қайнай бастаған уақытта миксердің жылдамдығын ең жоғарғы жылдамдыққа арттырамыз. Масса 5-6 есеге ұлғайып, ағара бастауы керек.

Сиропты шамамен 110 °С-қа дейін карамель болғанға дейін қайнатып, ақуызды массамызға қосамыз.

Сиропты ыдыстың шетіне құямыз, миксердің венчигіне тиіп кетпеуі керек (!!!)

Массамызды 30-60 секунд аралығында температурасы 55-60 °С-қа дейін төмендегенше араластырамыз.

Тездетіп кондитерлік қапшыққа салып, керек форма шығарамыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.