Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





айнатпайтын зефир» (таңқураймен)



«Қайнатпайтын зефир» (таңқураймен)

(Зефир без уваривания) (с малиной)

 

Құрамы:

Миксерлеуге:

Ақуыз - 70 гр.

Қант - 70 гр.

 

Тостағанға:

Таңқурай пюресі (малиновое пюре) - 150 гр.

Су - 100 гр.

Агар- агар - 8 гр.

Қант - 200 гр.

 

Дайындалуы:

Таңқурайды блендермер езіп, електен өткіземіз.

Ақуыз бен қантты орташа жылдамдықта қаттв қоюланып, өз формссын ұстайтын масса болғанша араластырамыз.

Сиропқа керек заттарды тостағанға салып, орташадан төмен отқа қоямыз.

Сироп 90 °С-қа дейін ысыған кезде миксердің жылдамдығын арттырамыз. Сиропты 103-104 °С-қа дейін қайнатамыз. Сироп дайын. Дайын болған сиропты орташа жылдамдықта айналып жатқан меренгаға асықпай (!!!) құямыз. Сиропты құйып болған соң қатты жылдамдықтс 1 минут шамасында арасластырамыз. Ары қарай дайын болған зефирді кондитерлік қапшыққа салып, керек форманы шығарамыз.

 

Бірқалыпты болып, өз формасын ұстап тұратындай болып кепкенше шамамен 10 сағатқа қалдырамыз. Зефирдің жарты бөліктерін қант ұнтағын пайдалана отырыпбіріктіреміз және контейнерге салып, 7 күнге дейін сақтаймыз.

 

--------------------

Сақтау мерзімін арттыру үшін сироптағы қанттың 50 гр. мөлшерін 50 гр-ға дейін алмсстырыңыз.

Ал егер альбумин қолдансаңыз, онда 60 мл жылы су және 8 гр. альбумин

 

 

 

                                                                                                                                                           

«Классикалық  чизкейк»

Классический чизкейк»)

 

Құрамы:

Бадам ұны (миндальная мука) – 75 гр.

Сарымай (слив.масло) – 75 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра)–50 гр.

Қопсытқыш (Разрыхлитель) –½ ш.қ (ч.л)

Сарыуыз (желток) – 1 шт.

Ұн – 110 гр.

Тұз – шым-шым (щепотка)

 

Сары май (слив.масло) –50/70 гр (қамырға қосымша керек)

 

Салмасына(для начинки):

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.

Қант – 110 гр.

Жұмыртқа – 2 шт.

Кілегей 33-35% (сливки) – 120 гр.

Лимон шырыны (лимонный сок) – 35 гр.

Лимон қабығы (цедра лимона) – ½ лимон

 

 

Дайындалуы:

Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.

 

Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.

 

Суыған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.

Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.

180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз.

 

Салмасы (начинка):

Бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікті қантпен араластырамыз (езбейміз). Ары қарай бір-бірден жұмыртқаны салып масса өзара біріккенше араластырамыз. Лимон шырынын, лимон қабығын және кілегейді қосып араластырамыз. Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.

Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде

6 сағатқа жібереміз.

Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады

 

 

«Таңқурайлы чизкейк»

Малиновый чизкейк»)

 

Құрамы:

Бадам ұны (миндальная мука) – 75 гр.

Сарымай (слив.масло) – 75 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 50 гр.

Қопсытқыш (Разрыхлитель) – ½ ш.қ (ч.л)

Сарыуыз (желток) – 1 дана (шт.)

Ұн – 110 гр.

Тұз – шым-шым (щепотка)

 

Сары май (слив.масло) – 50/70 гр (қамырға қосымша керек)

 

Салмасына(для начинки):

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.

Қант – 110 гр.

Жұмыртқа – 2 дана (шт.)

Кілегей 33-35% (сливки) – 70 гр.

Боб тонка – 1-2 дана (шт)

Таңқурай (малина) – 100 гр

Жүгері крахмалы (кукурузный крахмал) – 1 ш.қ (ч.л)

 

Дайындалуы:

Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.

 

Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.

 

Суған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.

Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.

180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз.

 

Салмасы (начинка):

Кілегейге боб тонканы қосып қайннағанға дейін жеткізіп, қыздырамыз (қайнатпаймыз!!!) Таңқурайды қайнатып, үстіне жүгері крахмалын сумен араластыырып құямыз. Таңқурайды 1 минут шамасында қайнатып, сүзбелі ірімшікке қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, қант қосамыз. Жұмыртқаны бір-бірден кезекпен салып, масса өзара біріккенше араластырамыз және оның үстіне кілегейді сүзгіден өткізіп құямыз.

 

Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.

Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде 6 сағатқа жібереміз.

Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады.

 

 

«Шоколадты чизкейк»

Шоколадный чизкейк»)

 

Құрамы:

Бадам ұны (миндальная мука) – 75 гр.

Сарымай (слив.масло) – 75 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 60 гр.

Қопсытқыш (Разрыхлитель) – ½ ш.қ (ч.л)

Сарыуыз (желток) – 1 дана (шт.)

Ұн – 120 гр.

Какао – 20 гр.

Тұз – шым-шым (щепотка)

 

Сары май (слив.масло) – 50/70 гр (қамырға қосымша керек)

 

Салмасына(для начинки):

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 400 гр.

Қант – 110 гр.

Жұмыртқа – 1 шт.

Кілегей 33-35% (сливки) – 110 гр.

Сүтті шоколад (молочный шоколад) – 200 гр.

 

Дайындалуы:

Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.

Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.

 

Суған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.

Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.

180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз.

 

Салмасы (начинка):

Шоколадты микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп аламыз. Бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікті шоколадпен араластырамыз. Қажеттілік туындаса блендерді пайдаланамыз. Қант салып араластырамыз. Жұмыртқаны салып, масса біріккенше араластырамыз. Кілегейді қосып жақсылап араластырып, массаны дайындап аламыз.

Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.

Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде 6 сағатқа жібереміз.

Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады.

 

Біз шоколадты ганашпен әрледік.

Чизкейк «Сникерс»

 

Құрамы:

Бадам ұны – 75 гр.

Сарымай (слив.масло) – 75 гр.

Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 60 гр.

Қопсытқыш (разрыхлитель) – ½ ш.қ (ч.л)

Сарыуыз – 1 дана (шт)

Ұн – 120 гр.

Какао – 20 гр.

Тұз – шым-шым (щепотка)

 

Сарымай (слив.масло) -50/70 гр. (қамырға қосымша керек)

 

Салмасына (начинка):

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.

Қант – 90 гр.

Жұмыртқа – 2 дана (шт)

Кілегей 33-35% (сливки) – 120 гр.

Жержаңғақ пастасы (арахисовая паста) – 120 гр.

 

Дайындалуы:

Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.

Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.

 

Суған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.

Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.

180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз

 

Салмасы:

Бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікке жержаңғақ пастасы мен қантты қосып араластырамыз. Ары қарай жұмыртқаны бір-бірден кезекпен салып, масса біріккенше араластырамыз. Ары қарай кілегейді қосып араластырамыз.

Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.

Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде 6 сағатқа жібереміз.

Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады.

 

Біз тұзды карамель мен қуырылған жержаңғақпен әрледік.

Тұзды крамельге керек:

Қант – 110 гр.

Кілегей 33-35% (сливки) – 65 гр.

Сарымай (слив.масло) – 50 гр.

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.