|
|||
Кептірілген жемістер мен бадам"Кептірілген жемістер мен бадам" (Торт "Мидальный с сухофруктами")
Құрамы: 1 коржға арналған заттар (Тортқа 4 корж керек)
Ақуыз - 165 гр. Қант - 75 гр. Қант ұнтағы (сахарная пудра)- 90 гр. Жүгері крахмалы (кукурузный) - 9 гр. Ұн - 9 гр. Бадам жапырақтары (миндальные лепестки) - 125 гр.
Грек жаңғағы (грецкий орех) - 300 гр. Қара өрік (чернослив) - 500 гр. Кептірілген өрік (урюк) - 500 гр.
Кремге керек затар: Кілегей 33-35% (сливки) - 1 л Қант - 650 гр. Ваниль - 1 дана (стручок) Сарымай (слив.масло) - 260 гр. Сарыуыз - 320 гр.
Дайындалуы:
Корждардың дайындалуы: Ақуызды кішкентей көпіршіктер пайда болғанға дейін миксейлерміз де, қантымызды 2-3 бөлікке бөле отырып қосамыз. Ақуызымызды қоюлығы орташа болғанға дейін миксерлейміз. Қант ұнтағын қосып, қатты қоюланғанша миксерлейміз. Ақуыз бен қант араласып болғанша қалған құрғақ заттарды біріктіреміз. Құрғақ заттарды ақуызды массаға аз-аздан қосамыз, силиконды күрекшемен араластырамыз. Дайын болған массаны формаға жақсылап, біркелкі етіп саламыз. (Форманың диаметрі 35×40). Конвекция режимінде 140 °С-та 40 минут пісіреміз (Конвекция жоқ болса 140 °С-та 30 минут ортасын, 10 минут астын пісіреміз.) Піскен коржымызды пештен шығарып, суытамыз. Осылайша 4 коржды пісіріп аламыз.
Кремнің дайындалуы: Кілегейге ванильді қосып жәй отқа қыздыруға қоямыз. Кілегей қызып жатқан уақытта сарыуызды қантпен бірге миксерлейміз. Қызған кілегейдің жартысын миксерленген массаға қосып, біркелкі болғанға дейін араластырамыз. Біркелкі етіп араластырған соң жәй отта тұрған кілегейге қосып, 50-80 минут аралағында қоюланғанша үздіксіз араластырып, қайнатамыз. Оттан алған соң бірден мұзға немесе мұздай суға салып, салқындағанын күтеміз. Салқандаған соң, жақсылап керемнің бетін "в контакт" пленкамен жабамыз. Кемінде 8 сағатқа тоңазытқышқа жібереміз.
Торттың жиналуы: Бөлме температурасындағы сары майды миксердің ең жоғарғы жылдамдығында ағарып, ақ ұлпа болғанша миксерлейміз. Сары майға кремді қосып, жақсы араласқанша миксерлейміз. Кремнің жалпы салмағы 1800 гр. шамасында болады, кремді 3-ке бөлеміз. Грек жаңғағын, қара өрікті, кептірілген өрікті теңдей 3-ке бөліп дайындап, тортты видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз.
|
|||
|