Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Эндокриндік бүліністерінің этиологиясы және патогенезінің жалпы заңдылықтары.



Эндокриндік бүліністерінің этиологиясы және патогенезінің жалпы      заңдылықтары.

Эндокриндік бұзылыстардың патогенезінің инициалдық механизмдерінің арасында айырылып бөледі:

- центрогендік инициалдық түйін, ол кіші сөлдену бездерінің үлкен ми қыртысы және (немесе) гипоталамо - гипофизаралық жүйе жағынан нейрогумаральдық реттелу механизмінің бұзылуымен болады.Ережеге сай бұл бас миы қыртысының гипоталамустың, аденогипофиздің,                         нейрогипофиздің функцияларының бұзылуының салдары;

- біріншілік - бездік бұзылыстар, эндокриндік бездердің және белгілі бір эндокриндік жасушаның гормондар синтезделуінің және инкрециясының бұзылуымен шақырылады;

- постбездік эндокринопатиялар, гормондар тасымалдауының бұзылуымен байланысты , олардың рецепциялары және жасушанысаналық пострецепциялық өзгерістері . Көптеген эндокринопатия негізіне белгілі бір гормонның жетіспеушілігі жатады. Бұлар ауруларды емдеуде негізгі бір принцип - орын болтыру терапиясының қолдану болып табылады.

Гипофиз патологиясы

Гипофиз патологиясы адено және нейрогипофиз құрылымы мен қызметінің бұзылуларына байланысты.

Аденогипофиздік патологиясының айқын түрлері

Аденогипофиздік патологиясының барлық нозологиялық түрлері гипер немесе гипопитуитаризм деп белгіленеді.

Гипопитуитаримз

Гипопитуитаризм - аденогипофиздің бір гормонның мөлшері және (немесе) әсері жетіспеушілігі. Гипопититаризмнің негізгі себертері аденогипофиздің тінінің ісік дамудан,оның ишемиясынан, қан құйылуынан немесе гипоплязиясынан бұзылуы. Аденогипофизарлық жетіспеушіліктің негізгі түрлері болып табылады:

- гипофизорлық ергежейлік (гипофизарлық нанизм,микросомия,наносомия), самотроптық гормон (СТГ) және соматолибирин жетіспеушілігінен (тапшылығы) дамиды;

- гипофизарлық (нейроэндокриндік ) семіру;

- жыныстың саралану бұзылыстары;

- пангипопитуитаризм.

Термин "тотальдық гипопитуитаримз (пангипопитуитаримз)" аденогипофиздің ұлпасының 75-90 % жарақаттануында пайдалынылады, мысалы, туған кезеңде қан құйылуымен байланысты (туылғаннан кейін гипопитуитаризм немесе Шеан синдромы), гипофаз некрозы (гипофизарлық хакексия немесе Симмондос ауруы). Гипопитуитаризм синдромының көрінісі әр түрлі - ол гипофиз жарақаты көлемінде, дәрежесінеинегізгі дерткежәне басқа көп жайларға ықпалдарға байланысты,. Бірақ, барлық жайларда 3 топ белгілері бар:

-полигормондық жетіспеушілік ;

- нейросмостық бүліністер;

-психикалық бұзылыстар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.