Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бақылау сұрақтары



Бақылау сұрақтары

1 Эндокриндік шикізатқа не жатады және оның сипаттамасы

2 Қалқанша без, гипофиз және қалқанша маңы бездерінің сипаттамасы, қайда қолданылады.

3 Бүйрек үсті безі және қайда қолданылады.

4 Ұйқы безі, сипаттамасы, қолдану облысы

5 Ферменттік шикізат дегеніміз не, қолдану облысы

6 Ұлтабардың 1, 2, 3 сортының сипаттамасы

7 Пепсин, трипсин, қан, сипаттамасы, қолдану облысы

8 Өт және жұлын дегеніміз не, олардың сипаттамасы, қолдану облысы.

 

Әдебиеттер:

 

 

4.7 Мал тектес дәрілік және парфюмерлік шикізаттардың тауарлық қасиеті мен сараптамасы

 

Сабақтың мақсаты: Дәрілік есебінде қолданылатын әртүрлі бұғылардың пантылары және олардың негізгі сипаттамасын оқып білу.

Жұмысқа керекті материалдар: Әртүрлі пантылардың үлгілері,  стандарттар,  сызғыштар,  таразы,  жуандық өлшейтін құрал.

 

Осы топқа марал,  теңбіл бұғы,  изюбрдің пантылары мен құрғақ мүйіздері,  осы жануардың жыныстық бездері,  аю өті,  қама және құдыр сұйықтығы, ондатрының хош иісті бездері,  т. с. с.  жатады.

Панты дегеніміз кейбір бұғылардың (марал, теңбіл, изюбр) жас,  жаңадан өсіп келе жатқан,  бірақ қатты мүйізделмеген мүйіздері.  Әдетте бұғының мүйіздері,  қуысмүйізділердікі сияқты өмір бойы сақталмайды, жалда түсіп қалып қайтадан өсіп отырады.  Жас өсіп келе мүйіз жұмсақтау,  қанмен толыққан,  сырты жағынан бархат тәрізді қабығы бар.  Бұғылардың еркегі ғана мүйізді,  ал ұрғашысысында мүйіз тұқылы бар немесе тіпті болмайды.  Пантыны ертеден Азия халықтары (қытай, тибеттіктер, моңғолдар және басқалары) өте күшті бағалаған.  Өйткені оның емдік қасиеттерін адамның жалпы еңбекқорлығын көтеруге,  жыныс қызметін күшейтуге,  ішкі ағза ауруларына қарсы нерв жүйесін және қанайналымын түзетуге пайдаланылған.  Ал тибеттік медицинада пантыны үгіп,  талқандап,  үгінді немесе сұйықтыққа езіп ішсе,  бала көтермеуге қарсы және жыныстық қызметті күшейтуге жақсы ем болады екен.  Пантыдағы негізгі дәрілік зат-аталық жыныс гормоны.  Пантыдан бөлініп алынған негізгі сығынды (экстракт) - пантокрин жүрек пен қан тамырының жұмысын жандандыруға,  қарын мен ішек шырынын бөлуді күшейту,  бүйрек ауруына және шаршағандыққа қарсы тамаша дәрі болып табылады.  Панты қазіргі кезде экспорттық шикізат болып табылады.  Марал,  теңбіл бұғы мен изюбр пантысының химиялық құрамы (%) 15 кестеге келтірілді.

 

Сурет 56.

 

Химиялық құрамы Марал Изюбр Теңбіл бұғы
Ылғалдар 11, 6 11, 6 11, 9
Құрғақ заттар 88, 4 88, 4 88, 1
Органикалық заттар 52, 8 57, 9 54, 0
Оның ішінде - май 3, 2 5, 1 3, 7

 

Бұғы пантысының тұқылы жас жануарларда маусым-шілде айларында өсе бастап,  күздің аяғында толық пісіп жетіледі де сәуір айында түсіп қалады.  Осыдан кейіңгі жылдары пантының толық жетіуі және пісуі 70-80 күнге (сәуірден маусым немесе шілдеге дейін),  ал теңбіл бұғыда бұл уақыт 50-60 күнге созылады.  Пантының түстері әдетте қуаңсары (палевая),  ашық қоңыр,  қоңыр, күңгірт қоңыр және қара бурыл.  Өте құндылары күңгірт түстілері.

Әдетте толық пісіп жетілген пантыны кесу маусым айының екінші немесе шілденің бірінші жартысында жүргізіледі.  Мұндай мүйіздер-кесілген немесе араланған деп аталады.  Өлтірілген немесе аң аулау кезінде атып алынған бұғылардың пантысы маңдай сүйегімен қоса кесіп алынады.  Кесілі алынған пантыны қаны ақпас үшін кесілген жағын жоғары қаратып іліп қояды,  өйткені оның салмағы жоғалады да емдік қасиеті төмендейді.  Пантының құрамында әртүрлі ақуыздар,  су және қан көп.  Сондықтан оны тезірек тұздап кептіру керек,  өйткені микробтар дәрілк қасиетін жойып жібереді.  Оны тұздап кептіру әдістері көп,  бірақ олар екі процесстен ғана тұрады:

1 Қайнату, бұл процесте қайнаған суға пантының кесілген жағын малып алады (1-2 минут), сонда пантының кесілген жағы тарылып нығыздалады да бұзылуға қарсы тұрады.

2 Құрғату, пантыдағы ылғалдың 50-60 пайызы жоғалған кейін пантының жоғарғы күші жоғалмайды.

 

Ертеректе пантыны тұзды суға қайнататын (0,1-0,5кг бір шелек суға).  Оны 3-20 литр су сиятын қазанға су құйып,  қайнатып пантының 1\2 ұзындығына дейін батырып, 1-2 минут ұстап,  суырады,  суығанан соң қайтадан батырып,   ысытады,  осылайша 5-6 рет жасайды. Осы әдіс кейінгі кезге дейін қолданылып жүрген еді.

Бірақ кейінгі кезде пантыны таза суға пісіріп неше түрлі әдіспен қайнатады,  кейде жоғары ылғалды температурада ысытады. Осы жағдайда панты өзінің жағдайын тамаша сақтап,  салмағын ғана жоғалта ды (50-65 пайыға дейін). Ал маңдайлық пантылардың салмағы 50, иұзындығы 5,  діңгек жуандығы 10 пайызға азаяды.

Пантылардың өсу немесе даму кезеңінде неше түрлі ақаулар мен кемістіктер – сыну,  тырналу,   жарылу,  жетілмеген тұрыс формалы емес,  т.с.с пайда болады.  Осы ақаулардың көбісі дұрыс кеспегендік тен, тұздап - кептірмегендіктен және сақтау ережелері сақталмағандық- тан болады.

Жануар түрлеріне қарай марал,  теңбіл бұғы және избюр пантысы деп бөлінеді. Ал кесілу жағынан кесілген және мңдайлық деп бөлінеді.  Пантыны қабылдау мен сорттау ережелері стандартта толықт келтіріл- ген.

Қу мүйіз-бұғылар (марал,  теңбіл бұғы,  избюр) жайылған немесе мекендеген жерден жиналып,   жарты қарыстан бөлшектенеді,  ыстық суға салынып жібітіледі,  кептіріледі,  түйіліп талқандалады да қытай медицинасында организмнің ауруға қарсылығын күшейтіп,  тез сауығуға өз жәрдемін тигізеді.

Ақбөкен мүйізі -жіңішке,  ашық сары түсті,  мөлдірлеу келеді. Мүйіз тек ақбөкеннің еркегінде ғана болады. Сондықтан ол қытай медицинасында өте жоғары бағаланады,  өйткені адамнаң жыныс мүшесіне әсер етіп,  белсіздікке қарсы ем. Ауланған немесе өлген жануардың мүйізін түбінен (кесілген) немесе маңдай сүйегімен қоса (маңдайлық) кесіп алады. Мүйіздің кесілген жерін қамырмен немесе балшықпен сыла нып,  көлеңке жерде кептіріп іске жаратады. Оны қабылдау мен сорттау сипаттамасы ГОСТ-а келтірілген.

 

Тапсырма 1.Дәріс және арнаулы әдебиеттерден ,  МССТ, ТШ-ды оқып білгеннен кейін студенттер нормативті құжатты толтыру үшін 16 кестеге зейін салады.

 

Шикізат Кесу әдісі Шикізат сипаттамасы Сұрып
       
       
       
       

 

Кейде қытай мен тибет медицинасында марал,  теңбіл бұғы мен избюрдің жыныс бездері де дайындалып ,  еркектің жыныстық қызметін күшейтуге немесе әйелдердің бала көтермеуіне қарсы ем ретінде қолданылады.

Аю өті-жұқа қабыршақтыеттіқалта ,  ішінде буырыл,  кейде жасыл келген ащы сұйықтық.  Өтті қалтасымен қоса көлеңкеде кептіріп,  асқазан ауруына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Өттің салмағы размері мен сұйықтығына қарай 10-50 г арасында ауытқиды.  Ал аю майы буын ауруына ,  күйген      жерге,  жидіп түске шашты өсіруге ем. Тұяғы жас нәрестені шошыма ауруынан,  пәле –жаладан сақтайды деген ұғым бар.

Қама (бобр) сұйықтығы-қаманың артқы тесігінің жанында орналасқан үлкен мускус бездерінің экскреті. Жаңадан бөлінген қама сұйықтығы ашық сары,  кейде буырыл-сары түсті жартылай қоймалжың немесе ірімшік тәрізді зат,  ащы дәмді,   күшті өткір иісті (ауада қатып қара-буырыл түсті болады). Бұл сұйықтықтың негізгі заты - өткір иісті смола тәрізді кастореумрезиноид дегне химиялық элемент. Көбіне дәрі ретінде адам организмінің жалпы тонусын көтеруге және жасартуға қолданылады. Соңғы уақытта бірнеше рет өңделген сұйықтық иісті тұрақтандыру үшін парфюмерия өндірісінде қолданыла бастады.

Құдыр (күдір)сұйықтығы -Алтай,  Саян және Сібірдің басқа да жерлерінде мекендейтін кішкене бойлы аша тұяқты жануардың еркегінің мускус безінен алынады. Жаңадан алынған без сұйықтығында күңгірт – сары немесе буырыл түсті,  өткір иісті 30-60 г мускус (негізгі заты бар).

Бұл сұйықтық өңделгеннен кейін иіс – судың (духи, одеколон) жоғарғы сұрыпын дайындау үшін парфюмерия өндірісінде су құндызы (ондатра) мускус бездерінің осы дәрілік сұйықтығы да өңделгеннен соң пайдаланып жүр.

 

Тапсырма 2.Жоғарғыдағыны пайдалана отырып осы дәрілік шикізаттардың басқа да ерекшеліктерін тауып,    кестеге түсіреді.

 

Шикізат түрі Сипаттамасы Ерекшеліктері Қолдану облысы
       
       
       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.