Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бақылау сұрақтары



Бақылау сұрақтары

1. Бұғылардың пантысын сипаттаңыз

2. Пантыны тұздап кептіру және қолдану облысы

3. Қу мүйіздер,  сипаттамасы,  қолдану облысы

4. Ақбөкен мүйізі, сипаттамасы, қолдану облысы

5. Бұғылардың жыныстық органдарының сипаттамасы

6. Аю өті қайда және қалай қолданылады

7. Қама, күдір сұйықтығының сипаттамасы,  сонымен қатар су құндыздың мускус бездері.

 

Әдебиеттер:

 

 

4.8 Демокративтік және галантериялық шикізаттардың тауарлық қасиеті

   Сабақтың мақсаты:студенттергедекоративтік және галантерея лық шикізаттардың негізгі тауарлық сипаттамасын,  оларды жіктеуді, қабылдау мен оларды сорттауды, қолдану облысын оқып білу.

Жұмысқа керекті материалдар: Жабайы және үй жануарлары ның мүйіздері мен тұяқтарының үлгілері ,  қажетті стандарт құжаттары.

 

Шикізаттың осы категориясына жабайы жануарлардың мүйіздері ,  үй малдарының мүйіз-тұяқтары жатады. Осы шикізаттан декаративтік бұйымдар немесе галантериялық заттар дайындалып күнделікті тұрмысқа қолданылады.

Бұғы мүйіздері  (бұлан,  елік,  марал және солтүстік бұғы) бұтақтанып келген сүйектенген терінің қалдықтары.  Ол көбіне бұғылар еркегінің маңдай тұсына орналасады да көктемде түсіп,  күзге қарай қайтадан өсіп шығады. Осы қатты сүйектенген мүйіздер бөлмені әшекейлеуге,  пышақтың сабын,  көйлек ілгіш, қолға ұстайтын таяқ сабын,  түймелер және басқа да галантереялық заттар жасауға қолданылады. Ал солтүстік бұғы мүйіздерін қайнатып желім дайындайды. Бұғылардың мүйіздері құрылысы мен тауарлық сапасы жөнінен әртүрлі болады(8 сурет).

 

 

Сурет 58.Әртүрлі бұғылардың мүйіздері:

а - елік, б – бұлан, в - теңбіл бұғы, г – марал, д – солтүстік бұғы, е - кермарал

 

Барлық бұғылардың мүйіздері маңдайлық (маңдай сүйегімен қоса кесіп алынған),  кесілген (мүйізді маңдай сүйекке таяу жерден кесіп алады), қу мүйіз (жабайы жануарлардың көктемде түскен мүйіздері) болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылық малдарының мүйіздері (ірі қара малы, ешкі мен қой) маңдай сүйектің өскіні, түбі жуандау ұш жағы үшкірлеу келеді де сырты қатты мүйізденген қабықпен қоршалған ( сурет).

 

Сурет 59. Ауылшаруашылық малдарының мүйіздері

 

Үй малдарының сойған кезде сыртқы қатты мүйізделген қабықты ішіндегі мүйіз өскінімен қоса кесіп алады да ішіндегі өскінін шығарып тастап, тек қабықты ғана қалдырып, ыстық суға салып, жібітіп, тегістеп, әрлеп,  әртүрлі галантереялық заттарға (түйме, тарақ ысқырық, пышақ пен шанышқы сабын, белдік басын, таразы табақшасын,  т. с. с.)таптырмайтын шикізат болып табылады.

Мүйіздің сыртқы қабығының негізгі химиялық заты – склеропротеин-кератин, өте қатты әрі берік,  нығыз,  серпінді жеңіл араланады,   престеледі,  әрленеді сондықтан галантереялық заттар жасауға қолайлы. Осы кератин көміртегі (51%), сутегі (6, 8%), азот (16, 6%), оттегі (20, 6%) және күкірттен (5, 0%) тұрады.  Әртүрлі малдардың мүйіздері тауарлық сапасы жағынан әртүрлі. Құндылығы жағынан өгіздер мен ересек бұқалардың мүйіздері бағалы. Сондықтан мүйізде ақаулар жоқ болуы тиіс. Бұл ақаулар малдың тірі кезінде (көлденең белдеулер,  таңба,  сынған) немесе мүйізді кесу кезінде (жарылған, қабаттары ажырап кеткен,  шіріген) пайда болуы мүмкін.

Тұяқтар- малдардың аяғында өте қатты мүйізделген өскіндер.  Жылқы, ірі қара мен ұсақ малдардың тұяқтары көбіне майда галантереялық заттар – түймелер,  белдік бастарын дайындауға жұмсалады.  Бірақ мына ақаулар (таға шегесінің іздері, жарылған, қабаты ажыраған,  т. с. с.) болмауы тиіс.

Мүйіз-тұяқ шикізаты 18253-72 МССТ бойынша мынадай екі топқа бөлінеді:

-бұйымдық - галантереялық бұйымдар дайындауға болатын үй малдарының мүйіз тұяқтары;

-техникалық - бұйымдар дайындауға жарамайтын мүйіз-тұяқтар. Олар көбіне майдаланып,  кейде тыңайтқыш ретінде немесе химиялық өндірісінде көкшіл темір тұздарын түзу үшін де қолданылады ( сурет).

 

 

Сурет 60.  Ауылшаруашылық малдарының тұяқтары

 

Мүйіз-тұяқ шикізатының тауарлық көрсеткіштерін анықтағанда ең алдымен оның ұзындығы,  түбі жағындағы жуандығы,  сыртқы түрі,  бөгде заттармен ластануы ескеріледі. Осы шикізатты қабылдау сорттау және сақтау ГОСТ 16253-72 талаптары бойынша жүргізіледі. Қабылдау кезінде мүйіз-тұяқтың түріне салмағы мен өлшеміне, сапасы жөніндегі малдәрігерлік анықтамаға көңіл бөлінеді.

 

Тапсырма 1. Студенттер дәріс материалдарын және ГОСТ талаптарын қолдана отырып, үлгіге берілген мүйіз-тұяқтың түрін,  өндірістік қолдану облысын анықтап, өлшеп,  суретін салып,  нәтижелерді 18 кестеге түсіру керек.

 

Шикізат түрі   Өндірістік қолдану   Ұзындығы, см   Ендігі, см  

Биіктігі, см

 

Жуандығы, мм   Масса, мм  
     

 

     
     

 

     
     

 

     
     

 

     
               

 

Берілген мүйіз-тұяқ үлгісіне қарай отырып көзбен ақауларды анықтап,  оның қалай пайда болғанын, жою жолдарын үйрену қажет. Егер ақаулар пайда болса ол ерекшеліктерді  кестеге түсіреді.

 

Шикізаттүрі Ақаулардың аты   Пайда болу ерекшеліктері  
     
     
     


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.