Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мал майының сапасын сараптау



    Мал майының сапасын сараптау

   Органолептикалық көрсеткіштері бойынша. Май шикізатының түсі: ақ сарғыш тартқан, сары, ақ сары аздап жасыл реңді. Әдетте барлық малдың ішмайлары ақ және сары түс аралық реңдерімен кездеседі. Бұзыла бастаған май қоңыр не жасыл түсті болады, майдың түсі біркелкі болмай ала-құла болып келеді. Шошқаның шел майы – түсі ақ, қызғылт реңді, аралықтарында бұлшықет ұлпалары кездеседі.

    Май түсін – күндізгі жарықта, сүт түсті шыныға қалыңдығы 5 мм-дей етіп жағып жарыққа шағылыстыру арқылы анықтайды. 

    Майдың иісі мен дәмі – майдан алынған температурасы 20С орташа үлгіден анықталады. Сапалы май шикізатының өзіне тән иісі мен дәмі болады. Бұзыла бастаған майдан жағымсыз қышқыл иіс шыға бастайды. Дәмі ашы-қышқыл, майға тән емес бөтен дәм бөлінеді.

 Майдың тығыздығы малдың түріне, денеде орналасқан жеріне, сапасына байланысты болады. Бұзыла бастаған май жұмсарып, жағылғыш, жұққыш, созылғыш күйде болады. Майдың тығыздығын металл қалақшаны температурасы 15-20оС-тағы май шикізатына батыру арқылы анықтайды.

  Сапалы май – тұнық, ашық, айқын болады. Бұзылайын деген майдың түсі көмескіленіп, күнгірт тартып, бұлдыр лайға айнала бастайды. Майдың мөлдірлігін – таза, мөлдір, түссіз пробиркада 60-70оС-дейін қыздырылған майды, күндізгі жарықта тұнықтылығына қарап бағалайды.

 

Тапсырма 1.Суреттер дәріс сабғынан немесе арнайы оқу құралдарынан және ГОСТ ережелерінен техникалық май туралы оқып біліп  кестені толтырады.

 

Техникалық май түрі Олардың сипаттамасы Қолдану облысы
     
     
     
     

Бақылау сұрақтары

1. Жануарлардың техникалық майларына нелер жатады.

2. Қандай жануар май түрлерін білісіз

3. Жануар майлары қандай категорияға бөлінеді

4. Аю майының қолдану обылысы және оның ерекшеліктері

5. Борсық майы, сипаттамасы және қолдану облысы

6. Үй және жабайы жануарлар майларының ерекшеліктері

7. Жануарлар майының химиялық құрамын білесіз бе?

8. Балықтың техникалық майларын сипаттаңыз.

 

 

Әдебиеттер:

 

 

       

 

       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.