|
||||||||||||||||||||||
Бақылау сұрақтарыБақылау сұрақтары 1. Мүйіз-тұяқ шикізаты қандай түрлерге бөлінеді 2. Бұғы мүйіздерін қандай жолмен алады 3. Декоративтік шикізат дегеніміз не 4. Мүйіз-тұяқтың өндірістік қолданылуы 5. Мүйіз-тұяқтың химиялық құрамы 6. Мүйіз-тұяқтың негізгі тауарлық көрсеткіштері 7. Мүйіз-тұяқтың ақауларын атаңыз және сипаттамасын беріңіз
Әдебиеттер:
4.9 Сүйек шикізатының тауарлық қасиеті мен сараптамасы Сабақтың мақсаты:Сүйек шикізатының типтері, категориялары және физика-механикалық қасиеттерін оқып зерттеу. Жұмысқакеректі заттар: Әртүрлі малдардың сүйек үлгілері, сызғыш, жуандық өлшегіш, лупа.
Сойылған малдардың сүйектері азықтық майларын, сорпалары, тұрмыс-қажеттік бұйымдар, сүйек желімін, ұнын және күлін дайындауға жұмсалады. Сүйек омыртқалы малдардың ішкі скелетін (қаңқасын) құрап, алынуына байланысты ірі қара, ұсақ мал, шошқа және басқа мал сүйектері болып бөлінеді. Барлық сүйектер айрықша сүйек ткандарынан құралған- негізгі зат (кальций тұздарымен каныққан белоктік зат-оссеомукоид-сүйекке қаттылық әкеледі), оссеиндік талшық (жұқа келген ұзындау байламдар-сүйекке майысқақтық әпереді) және сүйек ткандары. Түтікше келген сүйектердің іші қан толтыруға арналған май мен борпылдақ затпен толтырылған. Кейде осы жер май жинақтауға тамаша орын екендігі белгілі. Сүйектер мөлшеріне, формасына және ішкі құрылысына байланысты 4 типке бөлінеді: 1. Ұзын немесе түтік тәріздес (трубчатые) - алдыңғы және артқы аяқтың ортасы түтік тәрізді, екі шеті жуандау келген сүйектерді; 2. Қысқа-тілерсек пен қолдың білезік сүйектері; 3. Жалпақ - төс сүйек, қабырға, жауырын, жамбас сүйектер; 4. Аралас - жалпақ формалы немесе қысқа сүйек, қабырға, жауырын, жамбас сүйектер. Шығу тегі мен алынуына байланысты мал сүйектері 7 негізгі категорияларға бөлінеді: 1. Шұжықтық (колбасная) сүйектер- консерві және шұжық дайындайтын кәсіорындарда сойлыған малдың ұшасының еттерінен айырылған сүйектері. Олардан өте бағалы токарлык сүйек бұйымдар дайындалып, ал қарапайым сүйектерден - азықтық сүйек сорпасы, майы, желім және сүйек ұндарын жасайды. 2. Асханалық (столовая) сүйектер- көпшілік тамақтанатын асханалардан жиналған сүйектер. Токарлық өңдеу үшін бүтіндеу түтікше тәріздес сүйектер ғана қолданылады. Қалғандары май мен желім, сүйек ұнын дайындауға жұмсалады. 3. Қоқыс (свалочная) сүйектер - қоқыс төгетін жерлерден жиналған сүйектер. Көбіне олар сүйек ұны мен күлін дайындауға жіберіледі. Күлі кейде қант өндіргенде адсорбент-сүзгі ретінде де қолданылады. 4. Далалық (полевая) сүйектер - өлген малдың немесе даладан жиналған сүйектер. Сүйек ұны мен күлі дайындалады. 5. Қабыр- мола(могильная) сүйектері - жерде ұзақ уақыт жатқан сүйектер. Олардан сүйек ұны дайындалады. 6. Қазып алынған (ископаемая) сүйектер - ертедегі малдар мен жануарлардың сүйегі. Сүйек ұны дайындалады. Ал күлін керамика мен силикат өндірісінде дайындалатын кейбір фарфор түрлерін жасауға да қолданылады. 7. Зауыттық (заводская) - қуыс мүйізді малдардың мүйізінің ішіндегі борпылдақ сүйек негізі мен фалангалар сүйектері. Олар да сүйек ұны мен күлін дайындауға жіберіледі. Сүйектер өндірістік қолданылуы бойынша екі категорияға бөлінеді: бұйымдық (артқы және алдыңғы аяқтарының түтік тәрізді сүйектері - ортан, тоқпан, асықты, кәрі жіліктері) және қарапайым (скелеттің қалған сүйектері). Сүйектер ГОСТ 16147-88 бойынша қабылданған сүйектер 2 категорияға бөлініп, сортталады. 1категорияға малдардың жаңа сойылған, суытылған, салқындатылған, еріген еттерінің және субөнімдерге арналған еттің шикі сүйектері кіреді. Ал 2 категорияға ет комбинатында майсыздандырылған еттердің сүйектері жатады.
Тапсырма 1. Студенттер оқытушыдан әртүрлі малдырдың сүйектерін алып, көз мөлшермен оның типі мен категориясын анықтап, сүйектің суретін салып, сүйектің формасын көрсетіп, зерттеу нәтижелерін 20 кестеге түсіреді.
Сонымен қатар студенттер сүйек үлгілерінің ұзындығын, жуандығын, түсін, сыртқы түрін анықтап, анатомиялық және тауарлық аттарын жазуы керек.
|
||||||||||||||||||||||
|