|
||||||||||
ой терілерін таңбалау, буып түю, сынау әдістеріҚой терілерін таңбалау, буып түю, сынау әдістері Әрбір сұрыпталған терінің оң жақ артқы пұшпағына келесі деректер көрсетілген 30-60 см2 көлемді ярлық берік байланып, оған кәсіпорын атауы, қой терісінің түрі (биязы, жартылай биязы, ұяң жүнді, қылшық жүнді, роман қой, орыс қой, далалық); қой терісінің арналымы (үлпек жүнді, тондық, былғарылық); сұрыптары; консервілену әдістері (ылғалы тұздалған, қышқыл-тұздалған, тұздап кептірген, қысқа жүнді); ауданы, дм2; тиісті стандарттың белгіленуі; дайындаушы ұйымға арналған қабылдау түбіртегінің нөмірі көрсетіледі. Ярлықтардың орнына жоғарыдағы мәліметтерді шелқабат жағынан сандармен төмендегідей белгілеп, таңбалауға болады. Арналған мақсаты бойынша: үлпек жүнді – 1, тондық -2, былғарылық – 3; қой терісінің түрі бойынша: биязы жүнді – 1, жартылай биязы – 2; ұяң жүнді – 3, роман қойы -4, орыс қойы – 5, далалық – 6; жүн жабынының ұзындығы бойынша: жүндес – 1, жартылай жүндес – 2, қысқа жүнді – 3, тықыр – 4; сұрыпы бойынша: бірінші -1, екінші – 2, үшінші – 3, төртінші – 4, төртінші жүні алынған– 5, стандарттық емес шикізат – 6; ауданы, дм2 . Теріні таңбалау үшін келесі тәсілімен дайындалған бояу қолданылады: 800-1000 мг ұсақ кесілген сабынды 5 дм3 суды қыздыра отырып ерітеді. Осы ерітіндіге, оны үздіксіз араластыра отырып, 5 кг газ күйесін салады, осыдан кейін 100 дм3 сумен араластырады. Бояуды пайдаланардың алдында шайқау қажет. ГОСТ 14192-96 бойынша әрбір қойдың тұяғына төмендегі көрсетілген, 100-150см2 көлеміндегі ярлық бекітіледі: жіберушінің аты; жүктің нөмірі; теңдегі (жүктегі) қой терілерінің саны; қой терісінің арналымы; терінің түрі; жүн жабынының ұзындығы; ауданы (жалпы), дм2; консервілеу әдістері; тиісті стандарттың белгілеулері. Ярлықты сызықтық тығыздығы ГОСТ 17308-88 бойынша 1,25 немесе 1,67 ктекс болатын жіппен (шпагат) бекітіледі, осыған ұқсас ярлық барлық реквизит жазылып теңдердің ішіне салынады. Ылғалдай шылғый тұздау және қышқылды-тұздау әдістерімен консервіленген қой терісін теңдерге шелқабат немесе жүн жағын сыртқа қаратып буып-түйеді және жоғарыдағы жіппен айқастырып байлайды (жіптің жуандығы ГОСТ 1868-88 бойынша 25-35 мм болуы тиіс). Бір жүктегі тері саны үлпек жүнді қой терісі – 6-дан артық емес, 8 тондық немесе 8 былғарылық қой терісі буып-түйіледі. Құрғақтай (жай) кептірілген және тұздап кептіру әдістерімен консервіленген терілер жүн жағымен бір-біріне қаратылып теңдерге буып-түйіледі, енінен 3 рет және ұзындығынан бір рет жіппен айқастырып байланады. Теңдерді байлау әдістері келесі суреттерде (21 - сурет) берілген.
Бүктеліп кептірілген терілер, қайта қалпына келтірілмей буып-түйіледі. Барлық көлік түрлерімен былғары шикізатын тасымалдау барысында (автокөліктен басқасы) буып-түйілетін матаға орамастан теңдерге салынады. ГОСТ 9557-87 бойынша қой терілерін өлшемі 800 х 1200 мм тақтай төсеніштерге салып жіппен буып автокөлікпен тасымалдауға рұқсат беріледі. Бір төсенішке 100 қой терісінен артық салуға болмайды. Бір тең немесе төсенішке бір түрге жататын, бірдей әдіспен консервіленген және бірдей мақсатта пайдаланатын, жүн жабынының ұзындығы бірдей қой терілері салынады. Бір теңнің салмағы 40-50 кг-нан аспауы тиіс. Теңнің өлшемдері төмендегідей болуы тиіс (консервілеу әдісіне байланыссыз түрде): Ұзындығы бойынша – 500-800мм; Ені бойынша – 400-600мм; Биіктігі бойынша – 300-500мм. Бактериялық бүліну белгісі бар ылғалдай тұздалған терілер мен басқа тәсілдермен консервіленген (бір төсенішке, бір топтамаға) бірге салуға болмайды. Қалаішілік тасымалдау кезінде терілерді теңдерге буып-түймей-ақ тасымалдауға болады. Әрбір қой терісінің ауданы мен жүнін өлшеп, түрі мен бағытын анықтайды және сұрыпын бағалайды. Керіп кептірілген қой терісінің ауданын 10% шегеріп қабылдайды. Ет өңдеу комбинаттары мен шикізат дайындаушы мекемелерден әкелінген қой терісі топтамасынан 10%-н таңдап тексеруге болады. Егер таңдау арқылы тексеріс жүргізген кезде ярлықта көрсетілген мәліметтердің ауытқуы, жүндестігі, пайдаланылу мақсаты мен терінің түрі, топтамадағы қой терісінің жалпы санының сұрыпы (аралас сұрыптар) бойынша +5%, ауданы бойынша - +2%-дан аспаса (ауытқуы шектен шықпайтын болса) онда топтама дұрыс сұрыпталған болып саналады. Ақаулар органолептикалық түрде анықталады. Қой терісінің ауданы мойынның жоғарғы шетінен құйрығының түбіне дейінгі тері ұзындығын алдыңғы пұшпақтарының астыңғы (қолтық) шетінен 3-4 см төмен орналасқан сызық бойынша өлшенетін еніне көбейту арқылы квадрат дециметрмен анықталады (22 сурет).
Құйрықты қой терісінің ұзындығын артқы пұшпақтарының төменгі ойықтарын байланыстыратын сызыққа дейін құйрық теріні есептемей анықтайды. (23 сурет)
Терінің ауданы, ұзындығы мен енін тартып, созбай дұрыс жайылған (жазылған) күйде өлшейді. Ауданы бойынша қабылданатын терілердің ұзындығы мен енін өлшеу барысында 0,5 дм және одан артық өлшемдерді 1 дм-ге теңестіреді, ал 0,5 дм-ден кіші өлшемдерді есепке алмайды. Жүн жамылғысының ұзындығын қой терісінің бүйір бөлігінен түзу күйінде, бірақта созбай миллиметрлік сызғышпен өлшейді. (24 сурет)
Романдық қой терілеріндегі жүннің шамадан тыс өсіп кетуін, терінің бүйіріндегі жүн талшығы мен түбіттің ұзындығын өлшеу арқылы анықтайды. Жүн талшығы мен түбітті тегістеп, түзету арқылы созбай жеке-жеке өлшейді. Жүннің босауы және тері ұлпасының беткі қабатының қопсуын қолдың саусақтарымен жүннің түбінен ұшына қарай сүйкеу арқылы анықтайды. Жүнді саусақтармен ұстап тартуға болмайды. Романдық қой терілерінің жүннің қоюлығы, Д сызығы бойымен орналасқан бүйір бөлігіндегі жүн жамылғысын ашып (жарып) көру арқылы анықталуы тиіс. Жүн жамылғысын ашу барысында жүні қалың бар қой терісіндегі тері ұлпасының сызықтар аса байқала қоймайды. Жүні сирек болып келетін қой терісінің жүнің ашу барысында тері ұлпасы бірден көзге түседі. Консервіленген қой терісі ауданының ылғалды ауданына қатынасы пайыз түріндегі келесі мәндерге сәйкес келуі тиіс: ылғалды – 100, ылғалдай тұздалған – 100, қышқылды-тұздалған – 96, тұздап кептірілген – 94, жай кептірген – 90. Алюминий тотығының салмақтық үлесін анықтау – ГОСТ 9213-77 бойынша, тері ұлпасының бактериялық күйін анықтау – ГОСТ 13106-67 бойынша жүргізіледі. Алюминий тотығының салмақтық үлесін және тері ұпасының бактериялық күйін өндіріске қабылдау барысында, консервілеу сапасын органолептикалық бағалау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ғана анықтайды. Қой терісін жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес кез келген түрдегі жабық көлік құралдарында тасымалдайды. Қой терісін брезентпен толықтай жабылған түрде ашық автокөлікпен де тасымалдауға болады
|
||||||||||
|