|
||||||||||||||
Былғарылық, мамықты және үлпек жүнді тері шикізатын таңбалау, сақтау, сынау әдістері2.6 Былғарылық, мамықты және үлпек жүнді тері шикізатын таңбалау, сақтау, сынау әдістері Сабақтың мақсаты.Студенттерге былғарылық, мамықты және үлпек жүнді тері шикізатын таңбалау, сақтау, сынау әдістерін игерту. Әрбір сұрыпталған терінің оң жақ артқы пұшпағына жөнелтушінің атауы, терінің түрі, сұрыпы және салмағы (кг) немесе аумағы (дм2) көрсетілген 30-60 см2 өлшемді ярлықты тығыз байлайды. Ярлықтың орнына тері ұлпасының шел жағынан реквизиттерді таңбалап енгізуге болады. Теріні таңбалау үшін келесі тәсілмен дайындалған бояу қолданылады: 800-1000 г ұсақтап кесілген сабынды 5 дм3 қыздырылған суға ерітеді. Осы ерітіндіге, оны үздіксіз араластыра отырып, 5 кг газды күйе салады, осыдан кейін 100 дм3 сумен араластырады. Бояуды пайдаланардың алдында араластыру қажет. Көліктік таңбалау – ГОСТ 14192-96 бойынша жүргізіледі. Әрбір теңнің байлауына жіберушінің атауы, терінің түрі, теңдегі тері саны, теңнің нөмірі, салмағы(кг) немесе аумағы (дм2), консервілеу тәсілі, тиісті стандарт белгілеу қатарлы деректер көрсетілген 100-150см2 көлемдегі ярлык бекітіледі: Шылғый әдісімен консервіленген былғары шикізаты теңдерге шелқабаты немесе жүн жабыны жағымен сыртына қаратып буып-түйіледі (16-суретке қараңыз) және 25-35 мм жуандықтағы жіппен айқастырылып байланады.
Тұзсыз және тұздап кептірген терілер жүн жағымен бір-біріне қаратылып теңдерге буылады және ГОСТ-1868-88 бойынша енінен 3 рет, ұзындығынан бір рет жіппен оратылып байланады (17 - сурет).
Бүгіліп кептірілген терілерді, теңдерге буып-түю кезінде қайта жазуға және бүктеуге келмейді. Барлық көлік түрлерімен былғары шикізатын тасымалдау барысында (автокөліктен басқасы) буып-түйілетін матаға орамай-ақ теңдерге салынады. Былғары шикізатын өлшемі ГОСТ 9557-87 бойынша 800х1200 мм ағаш төсеніштермен және арқан жіптермен топтастырып ГОСТ 26663-85 бойынша автокөлікпен тасымалдауға болады. Бір түрлі және бір әдіспен консервіленген терілерді, бір теңге бір төсенішге немесе бір топтамаға салып буады. Бактериалық бүліну белгісі бар ылғалдай тұздалған терілер мен сапалы жақсы ылғалдай тұздалған терілерді бір теңге салынбайды (бір төсенішге, бір топтамаға) салуға болмайды. Бір теңдің салмағы 40 кг-нан, төсеніш немесе топтаманың салмағы – 1000 кг-нан аспауы тиіс. Былғары шикізатын қала ішілік тасымалдау кезінде терілерді теңдерге буып-түймеуге рұқсат етіледі. Терілер топтамалармен қабылданады. Топтама деп бір сапа құжатымен ресімделген терілердің кез келген саны аталады. Топтамадағы әрбір терін салмағы және сұрыпы бойынша қабылдайды (ауданы және сұрыпы бойынша қабылданатын ешкі және шошқа терісінен басқасы). Керіп кептірілген ешкі терісін ауданынан 10% шегеріп қабылдайды (керіп кептірілгендігінің белгісі ретінде тартылған жерлердегі тесіктер қарастырылады). Әрбір терінің салмағын өлшем бөліндісі 50г-нан артық емес ГОСТ 29329-92-ға сәйкес таразыда өлшейді. Шылғай (жас) терілердің салмағын кептірілген түрде, ал жуылған терілерді – жуылғаннан кейін екі сағат суы сорғыған соң анықтайды. Шылғи күйіндегі салмағы 5 кг-ға жетпейтін терілерді топтастырып өлшеуге болады. Консервіленген терілердің салмағын жеңілдену мөлшерімен келесі ауырлатқыштарды ескере отырып анықтайды: артық ылғал, мұз, тұз, ет және май қалдықтары, ұйыған қан, лас дақтар, теріні сыпыру талаптарын бұзудан болған терінің артық жерлері. Ауырлатқыш заттың салмағы (тұз, ылғал және мұздан басқа) ұсақ теріде 200 г, ірісінде-500 г-нан аспауы тиіс. Ауырлатқыштар үшін терінің салмағынан шегеріледі, ал аса кеуіп кеткен (ылғалды артық жоғалтқан) терілердің салмағына қосылады. Ол үшін теріні ылғалы анықталып, үлгі ретінде бірнеше теріден алынған ауырлатқыштарды таразыда өлшеп, нәтижесін барлық топтамаға қатысты есептейді. Ешкі терісінің ұзындығын мойынның жоғарғы шетінен құйрығының түбіне дейін өлшеп, енін екі қолтықтың астын қосатын сызықтан 3-4 см төмен (ДЕ) өлшеу арқылы тері ауданын квадраттық дециметрмен шығарады. (18 сурет).
Шошқа терісінің ауданын есептегенде мойынның жоғарғы шетінен артқы пұшпақтарының төменгі ойықтарын қосқан сызығына дейінгі ұзындығын алдыңғы пұшпақтардың төменгі ойықтарының (қолтықтың) астын қосқан сызықтарынан 8-10 см төмен (ДЕ) өлшенетін енімен көбейту арқылы шығарады (19 сурет).
Крупон (жоң тері) ауданын омыртқа сызығы бойынша терінің жоғарғы шетінен төменгі шетіне дейінгі ұзындықты крупонның орталық енімен көбейту арқылы өлшейді. Ауданы бойынша қабылданатын терілердің ұзындығы мен енін өлшеу барысында 0,5 дм және одан артық өлшемдерді 1 дм-ге жатқызып, ал одан кіші өлшемдерді есепке алмайды. Тері ауданын есептегенде оны біртегіс жазып қойып созбай өлшейді. Теріні өлшеу барысында оның бөлініп қалған жетіспейтін бөліктері болса олардың аумағын жалпы ауданынан алып тастайды. Тері ауданын дециметрлік планшетте (20 а/б сурет) өлшеуге болады.
Мұздатылған немесе қатпары көп, жұмырланып кептірілген ешкі және шошқа терілерінің ауданын есептегенде әрбір квадрат дециметрдің салмағын төмендегідей есеппен, салмағын (шағын таразыда өлшеп) шығарады (граммен): мұздатылған ешкі терісі-37, мұздатылған шошқа терісі-58, жай кептірілген ешкі терісі-16, тұздап кептірілген шошқа терісі-36, Жеңілдеу және жалпы салмағын ГОСТ 13104-77, консервілеу компоненттерін ГОСТ 13105-77, терінің бактериялық жай күйін ГОСТ 13106-67 бойынша анықтайды. Былғары шикізатын жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес кез келген түрдегі жабық көлік құралдарымен тасымалдайды. Былғары шикізатын брезентпен толықтай жабылған түрде ашық автокөлікпен де тасымалдауға болады
|
||||||||||||||
|