Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлім. ТОНДЫҚ ЖӘНЕ МЕХТЫҚ ҚОЙ, МАМЫҚТЫ-ҮЛПЕК ЖҮНДІ АҢ, ЖАНУАРЛАР ТЕРІЛЕРІНІҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЗЕРТТЕУ



3 бөлім. ТОНДЫҚ ЖӘНЕ МЕХТЫҚ ҚОЙ, МАМЫҚТЫ-ҮЛПЕК ЖҮНДІ АҢ, ЖАНУАРЛАР ТЕРІЛЕРІНІҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЗЕРТТЕУ

 

 

6.1 Әртүрлі жануарлардан алынатын мех және тондық шикізаттар

Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі жануарлардан алынатын мех және тондық шикізатты оқып – зерттеп, қабылдау мен сорттауды үйрену және МССТ ережелерін білу.

Жұмысқа керекті: әртүрлі жануарлар терісі немесе тері үлгілері, сызғыш, қайшы, тері қалаңдығын өлнейтін құрал, ГОСТ құжаттары.

 

Тондық - мех шикізаты алыну жағдайына қарай қысқы ( қояндардың - түтік - трубка тәрізді сыпырылады) және көктемгіболып бөлініді. Жамылғы жүнінің құрылымына байланысты мех және түбітті болады. Мех қоян терісінің негізгі ерекшелігі - жамылғы жүнінің серпіндігі, ал түбіттінікі - жұмсақтығы мен әлсіз серпіндігі. Мех қоян терісін – өте үлкен ( көлемі 1700 кв.см астам ), үлкен (1300 - 1700), ұсақ (900 - 1300) деп бөлінеді. Жамылғы жүнінің жағдайына және жарғағына (мездра) байланысты 3 сортқа, ал ақаулығына қарай 3 топқа бөледі. Сортқа бөлгенде жамылғы жүні мен жарғағы жақсы болуына және күшті ақаулар болмауына қатты көңіл аударады.

Ал көктемгі мех шикізатына құлын терісі (меховой жеребок), тықыр бұзау терісі (опойка меховая), лақ, қозы терілері және мех өндірісінде қолдануға жарайтын ересек қой терілері де жатады.

Құлынның мех терісін (ГОСТ 21275 - 75) қабылдау кезінде құлындық тықыр (жеребенок- сосун) - 3 айға дейінгі құлын терісі; құлын терісі ( жеребок - уросток) 3 - 6 айға дейінгі құлын терісі деп бөлінеді.

Түкті құлын терісі қалың, жылтыр, жалтыр, мауырлық немесе тегістеу келген жамылғы жүні бар, ұзындығы 0,5 см аспайды және сортқа бөлінбейді.

Құлынның мех терісі 3 сортқа бөлінеді: 1 сортқа - жүн ұзындығы 0,5 - 1,0 см, қалың, жылтыр муарлық яки тегіс жамылғы жүнді; 2 сортқа - жүн ұзындығы 1,0 - 1,5 см, онша қалың емес, муарлық немесе тегіс жамылғы жүнді; 3 - сортқа 1,5 - 2,0 см, сирек, жылтыр емес, түлеу жүні жоқ.

Құлын терісі (уросток) 2 сортты – 1 сортқа – 1,0 – 1,5см жылтыр емес, мауырлық суреті бар, мойнында жал бар. 2 сортқа – күнгіртеу, жалы бар, шатында сирек түбіті бар. Ақаулардың болғандығы мен оның көлеміне байланысты құлын терісі 2 топқа бөлінеді. 1 топқа тесік, кесілген, жұлынған, таз, жара, таттану дақтары – 5 – 10, мүйізденген, таз, күйе жеген, кемірілген, жүні түскен жері - 3, сынған, кесілген, бүлінген - 10 – 25 пайыз. 2 топқа – тиісінше 10 – 15, 3-10, 25-50 пайыз бүлінген тері жатады. Аталған ақаулардан көп немесе түйінделген, өскелең жүнді, түлеу ізі бар мех терілерін тері шикізаты ретінде қабылдайды.

Жас бұзаудың мех терісін (опойка) ГОСТ 21276 – 75 бойынша қабылдап, жамылғы жүн ұзындығы мен жағдайына қарай 3 сортқа бөледі: 1 сорт – жүн қзындығы 1 см, қалың, муарлық немесе тегістеу, жылтыр; 2 сорт – 1 – 2 см, жүні 1 сорттағыдай; 3 сорт – 2,0 – 2,5 см, тегіс, қалың, жылтыр немесе күңгіртеу болады. Ақауларға байланысты тура жас құлын терісі сияұты бөлінеді.

Жас қозы мен лақтардың терісін (ГОСТ 20959 – 75) қабылдап, оған өлі туған, өлген немесе сойылған, жамылғы жүні қырқылмаған, іш тастаған бардық қой мен ешкі тұқымдарынан ( қаракөл менг елтірілік қойлардың терісін есептемеген) алынған терілер. Олардың сипаттамасын жоғарыда көрсетілген ГОСТ –нан алып, 25 кестеге түсіру керек. Ал ақаулар болу және оның размеріне байланысты қозы мен лақ терілері 2 топқа бөлінеді (сипаттамасы ГОСТ 20959 -75 – нан 25 кестеге түсіруге болады).

Тапсырма 1. Оқытушы берген тері үлгілеріне қарай отырып, студенттер оның размеріне, ақау түрлеріне, жамылғы жүніне зейін аудара 25 кестені толтару қажет.

 

Тері түрі Қандай малдан алынды Тері сипаттамасы Қолдану облысы
       
       
       
       
       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.