Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқшауламаны (изоляцияны) бақылау.



14. Оқшауламаны (изоляцияны) бақылау.

Оқшауламаны бақылау – жерге тұйықталу және қысқа тұйықталу нәтижесінде пайда болатын деффектілерді анықтау және алдын алу үшін оқшауламаның активті немесе омдық кедергісін өлшеу.

Оқшауламаны өлшеу немесе сынақтан өткізу келесідей кезеңдерден тұрады:

· Қабылдау – тапсыру сынағы;

· Оқшауламаны пайдалану кезіндегі бақылау.

1000В-қа дейінгі тораптардағы әрбір участоктағы оқшауламаның кедергісі 0,5 МОм-нан кем болмау керек. Оқшауламаның кедергісін өлшеу мегаомметрдің көмегімен ажыратылған немесе ажыратылмаған торап кезінде қарастырылады.

Оқшауламаның кедергісі электр қондырығының элементтеріне, қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығына байланысты. Температура мен ылғалдылық артқанда оқшаулама кедергісі біршама төмендейді. Электр қондырғылары элементтерінің корпусы мен ток өткізгіш бөліктерінің арасындағы оқшаулама кедергісін тұтынушылар мен қорек көздері қосулы жағдайда өлшенеді. Сонымен қатар оқшаулама кедергісі желіге қосылған элементтер санына да байланысты. Күштік желілердің электр қондырғыларын эксплуатациялағанда корпус пен таратушы құрылғылардың, коммутациялық аппараттардың,электр жылытқыш құрылғылардың түрлі полюстарымен(фазаларымен) ток өткізгіш бөліктеріне тәуелді номиналды кернеуге байланысты төмендегі шамалардан кем болмау керек:

0,3 мОм – 100В-қа дейінгі электр қондырғылары үшін;

1мОм – 100В-тан 500В-қа дейінгі электр қондырғылары үшін.

15. Электр тогынан қорғаныс құралдары, ғимараттарды электр қауіпсіздігі бойынша жіктеу.

Электр қондырғылары – электр энергиясы өндірілетін, түрлендірілетін, таратылатын және тұтынылатын қондырғыларды айтады. ПУЭ бойынша электр қондырғылары келесідей жіктеледі:

Бейтарабы жерге қосылған 1кВ-тан жоғары электр қондырғылары (жерге тұйықталу тогының шамасы жоғары);

Бейтарабы оқшауланған тораптардағы 1кВ-тан жоғары электр қондырғылары;

Бейтарабы жерге қосылған 1кВ-қа дейінгі электр қондырғылары;

Бейтарабы оқшауланған кернеуі 1кВ-қа дейінгі электр қондырғылары.

Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік үшін ғимарат ішіндегі ауаның ылғалдылығы және температурасы әсерін тигізеді. Электр машиналық ғимарат – электр генераторлары, трансформаторлар, тарату құрылғылары, басқару шиттері және пульттері және де осыған қатысты қосалқы жабдықтары бар электротехникалық персонал қызмет жасайтын ғимаратты айтады.

Ғимараттар қауіпсіздік бойынша келесідей жіктеледі:Құрғақ (ауаның ылғалдылығы 60%-ға дейін);Ылғалды (60-75%);Ылғалдырақ (75-100%);Аса ылғалды (100%);Химиялық активті ортадағы ғимарат.

Электр қондырғыларындағы қорғаныстық шаралар:

Қорғаныстық шаралар ПУЭ, ПТЭ, ПТБ және басқа да ережелермен реттеледі. Оларға мыналар жатады:

· Аз кернеуді қолдану;

· Электрлік блокировкалау;

· Жоғары кернеуден төменгі кернеуге көшіруде немесе ауысудан туындайтын қауіптіктен қорғаныс;

· Оқшауламаның бүлінуін бақылау және профилактикалық шаралар;

· Қорғаныстық жерге қосу;

· Нөлдеу;

· Қорғаныстық ажырату;

· Электр тогынан қорғаныс құралдарын пайдалану.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.