Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электр тораптарындағы бейтарап режимдерін таңдау принциптері.



7. Электр тораптарындағы бейтарап режимдерін таңдау принциптері.

Электр тораптарын жобалаған кезде бейтарап режимдерін таңдау үшін келесідей талаптар ескерілу керек:

· Электр қауіпсіздігі және қорғаныстық шаралардың қолдану мүмкіндігі;

· Электрмен жабдықтаудың сенімділігі (апаттық жерге тұйықталу жағдайында электр қондырғыларымен жұмыс істеудің үзіліссіздігі);

· Экономикалық фактор (электр жабдықтарының оқшауламасына кететін шығындар).

1кВ-қа дейінгі электр тораптары 220,380,660В кернеумен үшфазалы жүйе бойынша орындалады. Мұндай электр тораптарының бейтарабы жерге қосылуы қажет. Осы арқылы фазалық кернеуден жоғары мәндегі қауіпті кернеудің туындауы мүмкін болмайды. Мұндай тораптарда бір фазалық жанасу әрқашан қауіпті, себебі оқшаулама токқа өзінің әсерін тигізе алмайды.

Кейбір күштік қондырғылар 220,380,660В кернеумен бейтарабы оқшауланған жерасты, жылжымалы қондырғыларда қолданылады. Мұндай тораптарда осы бейтараптың қолданылуы бір фазалық тұйықталудан аз қауіптілік әкелуі мүмкін, себебі оқшаулама кедергісінің жоғары болуы және сымдардың жермен салыстырмалы аз сыйымдылықты болуы адамның бойынан өтетін токтың шамасына тәуелді:

1кВ-тан жоғары электр қондырғылары үшін (6,10,20,35кВ) электр тораптарын бейтарабы оқшауланған режиммен жобалап пайдаланған дұрыс. 110-нан 750-1500кВ-қа дейінгі желілер үшін егер жоғарылатушы трансформатор болса, екінші жақ бөлігінің бейтарабы; төмендетуші трансформатор болса, бірінші жағының бейтарабы жерге қосылып орындалады.

 

8. Электр тізбегіімен жанасудағы кернеудің рөлі, адымдық (қадамдық) кернеу және жанасу кернеуі.

Адымдық кернеу – ток тізбегінің екі нүктесінің бір-бірінен адымдық ара қашықтықта бір уақытта адам тұрғанда кернеуді айтамыз. Адымдық кернеу грунттың үлестік кедергісіне және оның бойынан ағып өтетін ток күшіне байланысты. Адым ұзынды 0,8м деп қабылданады.

Егер адам ток жерге өтіп жатқан жерге қосқыштың маңайында болса, онда ток жүру бағыты түйінделіп, адамның бойымен өтуі мүмкін.

Жанасу кернеуі

Ток өту бөліктермен жанасқан барлық жағдайларда жанасу кернеуі адамның денесіне түседі. Мұндағы есептемелік кедергіге адамның кедергісімен қоса еденнің, жердің, киімнің кедергілері де ескеріледі. Uпр(В) жанасу кернеуі біруақытта адам жанасқанда ток тізбегінің екі нүктесінің арасындағы кернеу немесе кернеудің адам кедергісіне Rh(Ом) құлауы: Uпр = Ih Rh мұнда Ih адам денесінен қол-аяқ жолымен өтетін ток.

UПР= Р- Н, Р, Н – жерге қатысты қолдың және аяқтың потенциалы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.