Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аз кернеуді электрлік және механикалық блокировкалар қолдану,.



13. Аз кернеуді электрлік және механикалық блокировкалар қолдану,.

Аз кернеу – электр тогына соғылудан туындайтын қауіптілікті азайту мақсатында 42В-қа дейінгі қолданылатын кернеуді айтады. Аз кернеудің көзі ретінде гальваникалық элементтер, аккумулятор, түзеткіш, жиілікті түрлендіргіш және трансформатор қолданылады. Аз кернеудің 42, 36 және 12В негізгі көзі болып өлшемдері аса улкен емес және ауыспалы аппараттары бар арнайы талғаулы төмендеткіш трансформатор болып табылады. Олар 380 және 127В желіден қоректенеді. Аз кернеудің көзі ретінде трансформаторды қолданғанда жоғарғы кернеуден төменгі кернеуге ауысқанда қорғаныста қамтамасыз ету міндетті.

Блоктау.

Оқшауланған ток өткізгіш бөліктерге жанасу мүмкіндігін болдырмау үшін кедергілер, шектеулер жән блоктаушылар қолданылады. Блокировкалаушы қондырғылар қызмет көрсетуші персоналды электр тогынынан қорғанудың ең сенімді тәсілі болып табылады. Қауіпсіздік техника ережелеріне сәйкес блокировка екі түрлі болып келеді:Механикалық;Электрлік.

Олар электр қондырғыларында, рубильниктерде, іске қосқыштарда, автоматты ажыратқыштарда қолданылады.

Электрлік блоктаушы тек электр тізбегінің контактылеріне ықпал етеді. Олар қорғалатын объектіден кез келген ара қашықтықта қолдана береді. Электр блоктаушының іске қосылу принципі шкафтардың немесе электр қондырғыларын шектеушілердің есігін ашқанда электр тізбегінің үзілуі және электр қондырғының автоматты өшуіне негізделген.

Механикалық блоктаушы жезлді(жезловая) және тұтқалы(рычажная) жүйеде қолданылады. Механикалық блоктаушының принципі шкафтардың немесе шектеушілердің есігін тек алдын ала электр қондырғыға қорек беретін рубильникті өшіргенде ғана мүмкін болатындығында, немесе керісінше рубильникті тек шкафтардың есігі жабылғанда және электр қондырғыларының қаптамасы қапталғанда ғана қосуға болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.