Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нөлге қосу, есептелуі мен бақылануы.



11. Нөлге қосу, есептелуі мен бақылануы.

Нөлдеу – электр қондырғыларының кернеу түсетін бөліктеріне нөлдік сыммен электрлік жалғауды айтамыз. Қорғаныстық нөлдеуді 1000В-қа дейінгі ұшфазалы бейтарабы жерге қосылған желілерде қолданады. Нөлдеуді кернеуі бар корпус қысқа тұйықталу болған жағдайда корпус пен электр қондырғыларының металл бөліктеріне жанасқанда электр тогының қауіптілігін болдырмау үшін қолданылады.

 

 

Қорғаныстық нөлдеу бейтарабы жерге қосылған 1кВ-қа дейінгі электр қондырғыларында жанасу болғанда негізгі қорғаныс болып табылады. Нөлдендірудің жұмысының ұстанымы: егер кернеу(фаза) аспаптың металл корпусының нөлмен байланысына түссе қысқа тұйықталу болады. Тізбектегі ток күші өте үлкен мәнге жетіп қорғаныс аппаратарының(автоматы ажыратқыштар, сақтандырғыштар) іске қосылуын қамтамсыз етеді, олар бұзылған аспапты қоректендіретін желіні өшіреді. ПУЭ ережесі зақымдалған желінің автоматы өшу уақытын белгілейді. 380/220В номиналды желі кернеуі үшін ол 0,4с-тан аспау керек. Нөлдендіру оған арналған арнайы сыммен жүзеге асады. Мысалы, бір фазалы желіде сымның немесе кабельдің үшінші желісі(жила).

Нөлдендірудің іске қосылу принципі.

Нөлдендіруге қойылатын негізгі талаптар: зақымдалған қондырғыны сөндіру үшін сенімді және тез іске қосылатын қорғаныспен қамтамасыз ету керек. Ол үшін келесі шартты орындау қажет: ,мұнда - сақтандырғыштың номиналды тогы немесе аппараттың автоматты сөндіру үшін орнатылған тогы. k – іске қосылу сенімділігінің коэффициенті. Сенімділік коэффициенті: сақтандырғыштар мен автоматты аыйрғыштар үшін k ≥3; электрмагниттік ағытпасы бар автоматтор үшін: k ≤1,1. Нөлдендірудің бақылануы: жылына 1 реттен кем емес өлшеп, келесі параметрлерді анықтайды: - ілгектің кедергісі, . Өлшенген шамаларды нормаға сәйкес шамамен салыстырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.