Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электр тогының адам орг. әсері, токтың әсер ету уақыты және жүру жолы.



3. Электр тогының адам орг. әсері, токтың әсер ету уақыты және жүру жолы.

Электр тоғының адам ағзасына әсері өзгеше және жан-жақты сипатқа ие. Адам ағзасы арқылы өткен кезде электр тоғы ағзаның түрлі жүйелеріне термиялық, электролиттік және биологиялық әсер береді. Бұл жағдайда адамның өмірі үшін маңызды органдардың қызметі бұзылуы мүмкін: ми, жүрек, өкпе. Электр жарақаттары жалпы (электрдің соғуы) және жергілікті деп бөлінеді. Жергілікті электр жарақаттары – бұл анық көрінетін дененің зақымданулары: электр күйіктері, электр таңбалары, терінің металлдануы және механикалық зақымданулар. Электр күйіктері тоқтың адам денесі арқылы өтуінен немесе оған электр доғасының әсер етуінен болады. Электр доғасынан болатын күйіктер неғұрлым қауіпті және ауыр салдарларға әкеліп соғады (терінің зақымданған бөлігінің жансыздануы және тіндердің күйіп кетуі), себебі электр доғасының температурасы бірнеше мың градусқа жетеді. Шамамен барлық электр жарақаттарының 2/3 күйік болады. Электр тоғы өткен жерлерде теріде электр таңбалары пайда болады, олар анық көрінетін, диаметрлері 1-5 мм болатын сұр немесе солғын сары түсті дақтар. Бұл дақтар емделеді және уақыт өте зақымданған тері қалыпты түріне қайта келеді. Терінің металлдануы оның үстіңгі қабаттарына электр доғасының әсерінен буланған немесе балқыған майда металл бөлшектерінің енуі салдарынан туындайды. Зақымданудың мұндай түрі тоқтың электролиттік әсерінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Әдетте уақыт өте зақымданған тері түседі, зақымданған жері қалыпты түрге келеді, ауру сезімдері жоғалады. Механикалық зақымданулар (терінің және түрлі тіндердің жыртылуы, шығып кетулер және т.б.) адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен бұлшық еттердің қатты еріксіз ұстамалы тартылуларының салдарынан болады. Жалпы электр тогымен зақымдану ол адам ағзасына токтың көп мөлшерде өтуі, соның арқасында жүректің, өкпенің және де басқа ағзалардың жұмыс істеуінің тоқтауы.Токтың адам денесіне өтуі. Токтың адам ағзасына өтуінің ең кауіптісі: жүрек, өкпе, баас ми, яғни бас – қол, бас – аяқ, қол – қол, қол – аяқ. Тәжірибелер, токтардың мәні бірдей және біркелкі коммутация жағдайында тұрақты токтың азырақ қауіпті екендігін дәлелдеді. Айнымалы токтың ішіндегі ең қауіптісі бір жарты периодты түзетілген ток. Шамамен 120В кернеудегі тұрақты токтың әсері өнеркәсіптік жиіліктегі (50 немесе 60Гц) 40В кернеудегі айнымалы токтың шамасымен қарайлас деп қабылдауға болады. Ал жиілік бойынша 50-400Гц аралығы ең қауіпті деп саналады. Ең қауіптісі f=50Гц, ал кГц, МГц қауәпсәз деп саналады. Себебі олардағы ток жүйке талшықтары мен ішкі органдарды бүлдірмей терінің бетімен өтеді. Токтың жүру жолы

Адам арқылы тұйықталу жағдайында токтың жүретін 18 түрлі вариантын қарастыруға болады. Солардың ішінде:Аяқ – аяқ (аз қауіпті);Қол – аяқ (орташа қауіпті);Сол қол – бас (ең қауіпті).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.