Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу



5. Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу

Токтың күші бойынша:

· Сезінерлік ток І=1,6мА-ден бастап (табалдырықтық сезінерлік ток – бұл сезінерлік токтың ең аз мәні);

· Жіберетін ток І≤10-15мА;

· Жіберілмейтін ток І≥15-30мА;

· Асфикция тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥20-30мА (5-10секунд аралығында);

· Фибрилляциялық тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥100мА (1-3секунд аралығында);

· Токтың термиялық әсері І=5А;

· Ұзаққа созылған қауіпсіз ток І=6-10мА;

· Қысқа мерзімді қауіпсіз ток (Дальзиэль) –  , [мА]

Токтың түрі мен жиілігі бойынша:

Тәжірибелер, токтардың мәні бірдей және біркелкі коммутация жағдайында тұрақты токтың азырақ қауіпті екендігін дәлелдеді. Айнымалы токтың ішіндегі ең қауіптісі бір жарты периодты түзетілген ток. Шамамен 120В кернеудегі тұрақты токтың әсері өнеркәсіптік жиіліктегі (50 немесе 60Гц) 40В кернеудегі айнымалы токтың шамасымен қарайлас деп қабылдауға болады. Ал жиілік бойынша 50-400Гц аралығы ең қауіпті деп саналады. Ең қауіптісі f=50Гц, ал кГц, МГц қауәпсәз деп саналады. Себебі олардағы ток жүйке талшықтары мен ішкі органдарды бүлдірмей терінің бетімен өтеді.

Токтың жүру жолы

Адам арқылы тұйықталу жағдайында токтың жүретін 18 түрлі вариантын қарастыруға болады. Солардың ішінде:Аяқ – аяқ (аз қауіпті);Қол – аяқ (орташа қауіпті);Сол қол – бас (ең қауіпті).

 

6. Электр тораптарын қауіптілікке талдау жасау.

Егер адам бір мезетте электр қондырғысының электр бөлігіндегі екі нүктесіне жанасса, тұйықталған электр тізбегі пайда болып, осы контур арқылы ток жүреді. Осы токтың шамасы біріншіден жанасу схемасынан, екіншіден электр торабының параметрлерінен тәуелді. Мұндай жанасудың қауіптілігіне талдау жасау желіге қосылған схемасына байланысты адам денесінің тізбегін анықтауға тіреледі, яғни желі схемасы, жұмыс режимі, ток өткізгіш бөліктердің оқшауламасының сапасын анықтау. Қосылудың негізгі схемалары: бірфазалы, яғни адам жермен электрлік байланыста болып, электр қондырғының бір фазасына жанасады.Екіфазалы(екіполюсті), адам электр қондырғының ек фазасына (полюсына) жанасса;

Однофазное включение человека в сеть трехфазного тока:
а — с изолированной нейтралью; 6 — с глухозаземленной нейтралью

Бейтарабы оқшауланған үшфазалы желінің бірфазалы жанасуда адам бойынан өтетін ток күшінің шамасы оған әсер еткен кернеу шамасы мен ПУЭ-ге сәйкес 0,5Мом-нан кем болмайтын сымның оүшауламасының (гия) кедергісі арқылы, сонымен қатар адам тізбегінің (Rч) электрлік кедергісімен, яғни адам денесінің (гтч) кедергісі, аяқ киім (г) кедергісі және еденнің (гоп): кедергісі арқылы анықталады:


Двухфазное включение человека в сеть;
а — однофазную; б — трехфазную



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.