|
|||
электр жарақатын тексеру актісі және электр жарақаттылығын азайту жолдарыСтр 1 из 10Следующая ⇒ 1.Электр жарақатының түрлері және адам ағзасына электр тогының әсері. Электр тогына соғылу нәтиесін анықтайтын шешуші факторлар. Электр жарақаттылығын анықтайтын коэффициенттер:Жиілік коэф-і;Ауырлық коэф-і;Еңбек істеу жарамсыздығының орташа ұзақтығы.Электр жарақатын 2 түрде қарастыруға болады:Жергілікті;Электрлік соққы.Жергілікті электр жарақаттары – организм тканьдарды бүтіндігінің жергілікті зақымдануы: · Электрлік күю (60-65%, түйіспелік және доғалық, І-ІV деңгеймен жүріледі); · Электрлік белгілер (20%); · Терінің металдануы (10%, қ.т кезінде, жүктемеден ажыратуда кездеседі); · Электроофтальмия (1-2%, ультракүлгін сәулесімен көз жанарының ісінуі); · Механикалық зақымданулар (сирек, терінің жыртылуы, қан тамырлары мен жүйке талшықтарының үзілуі және буынның шығуы, сүйектің сынуы). Электрлік соққы – электр тогының адам денесінен өтуіндегі организм тканьдарының қозып, бұлшық еттерінің дірілдеп еріктен тыс тартылуы: · Бұлшық еттерінің дірілдеп тартылуында адам санасынан айырылмау; · Адам санасынан айырылып, бірақ жүрек соғысы мен тыныс алу жүйесі қалыпты болу; · Санасынан айырылу және жүрек қызметінің немесе тыныс алудың қиындауы; · Клиникалық өлім, қан айналысы мен тыныс алу тоқтаған. Электр тогына соғылу нәтижесінде адамның мерт болуы: · Жүрек жұмысының тоқтауы (фибрилляция, 100мА); · Тыныс алудың тоқтауы (асфикция – қылқыну, 20-25мА); · Электрошок (жүйкелік рефлекторлық реакция, оншақты минуттан тәулікке дейін).
Адамды ток ұрғанда термиялық, электралиттік, биологиялық әсер етеді. Токтың термиялық әсері – дене терісінің әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.Электролиттің әсері – қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауына байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.Токтың биологиялық әсері – ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесінде, адам буындары тартылып, жүрек, өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Әсер ету дәрежесіне байланысты электр жарақатының үш түрін аыратады: жергілікті – жергілікті күйіктер мен жарақаттанулар пайда бола бастайды; жалпы- адамның өмірлік маңызды органдары жарақаттанады; аралас ; 2. электр жарақатын тексеру актісі және электр жарақаттылығын азайту жолдары Әрбір оқыс жағдайлар кезінде жұмысшының медициналық нәтижесіне байланысты бір немесе одан да ұзақ күн бойына оны жұмыстан басқа жұмысқа ауыстыру, кем дегенде бір күн өзінің жұмыс қабілеттілігін жоғалту немесе оның өлімі кезінде өндірісте оқыс жағдай жайында акті толтырылады. Электр жарақаттануды тексеру(зерттеу) кезінде келесі тапсырмалар кіреді: электр жарақаттану жағдайын анықтау; нормативті құқықтық актілердің бұзылуын анықтау; электрожарақаттану себептерін анықтау;нормативті құқықтық актіні бұзған адамды анықтау; электржарақаттануды қайталанбауды қайта жүргізу; Электржарақаттану жағдайын анықтау үшін келесі іс шараны жүргізу қажет: элтржарақаттану болған жерді тексеру; жарақаттанған адамды, куәгерлерді сұрастыру; жарақатқа байланысты құжаттарды тексеру; қает болған ағдайда техникалық экпертиза жүргізу. Бұл жағдай болған жерді тексеру кезінде жарақаттануды тудырған электрқондырғыны анықтайды, бөлменің ішін және оның қауіпсіздік классификациясын тексереді. Жарақаттанған адамды сұрастырған кезде оның қандай жүмыс істегенін, кімнен тапсырма алғандығын, қорғаныс құралдарымен қолданғандығын сұрастыру қажет. Құжаттармен танысқан кезде жарақаттанған адамның мінездемесі әне жұмысқа жүктелуі тексеріледі. Техникалық экспертиза электрқондырғының жөндеуге келмейтіндігін, немесе есептеулер кезінде жүргізіледі. Нормативті құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып қандай да бір қорғаныс шаралары қолданылмағанын және оның қаншалықты орындалмағанын орнату қажет. Электр жарақатын тексеру актысы (анықтама қағазы)Мем.тех.қадағалау (госгортехнадзор, энергонадзор) инспекторлар, әкімшілік және кәсіподақ инспекторларымен толтырылады:Кәсіпорын;Мекенжай;Министрлік (ведомоствосы);Электр жабдықтары мен электр шаруашылығын пайдалануға жауаптылар;Инспекторлар;Кәсіпорын әкімшілігінің өкілі;Істі тексеруге қажетті басқа кәсіпорын өкілдері;Қайғылы жағдайдың болған ай – күні, уақыты, орны;Есепке алу тобы (электртех/қ персонал, өндірістік, тұрмыстық);Жіктеу (топтық, ауыр, т.б); Электр жарақаттылығын азайту:Өндірісте, жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қатал бақылау; Электротехникалық персонал үшін қауіпсіз техника ережесі – ПТБ, ПУЭ дұрыс орындалуын бақылау;Электр тогынан қорғаныс құралдары мен техникалық құралдарды жаппай пайдалану;Жұмысты механикаландыру және автоматтандыру.
|
|||
|