Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





орғаныстық ажырату.



12. Қорғаныстық ажырату.

Қорғаныстық ажырату – желіде апаттық аймақтың барлық фазалардың автоматты өшуін қамтамасыз ететін электр қондырғыларда электр тогынан қорғаныстың түрі. Желінің зақымдалған аумағының өшу ұзақтығы 0,2с-тан ұзақ болмауы тиіс. Қорғаныстық ажыратудың қолдану аймағы: электрофицированный аспаптардағы жерлендіру немесе нөлдендіруге қосымша қорғаныс, қорек көзінен ажыратылған электр қондырғыларының ажыратуына нөлдендіруіне қосымша, кернеуі 1кВ-қа дейінгі жылжымалы электр қондырғыларының қорғаныс түрі. Қорғаныстық ажыратудың жұмысының негізі электр қондырғыларының бұзылуы желідегі өзгерістерге әкелуінде. Мысалы, фазаны жерге тұйықтағанда фазаның кернеуі жерге қатысты өзгереді – фазалық кернеудің мәні желілк кернеудің мәніне ауысады.

Қорғаныстық ажырату құрылғысының принципиальды схемасы: 1-максималды ток релесі; 2-ток трансформаторы; 3-жерлендіру сымы; 4-жерлендіргіш; 5-электрқозғалтқыш; 6-іске қосқыш контактылері; 7-блок-контакт; 8-іске қосқыштың өзегі; 9-жұмыстық(рабочая) катушка; 10- опробования түймесі; 11-қосалқы кедергі: 12 -13-өшіру және қосу түймесі; 14-іске қосқыш.

Қорғаныстық ажыратуға негізгі талаптар:

1) тез әрекеттілік. Өшу ұзақтығы 0,2с-тан кем болмауы керек.

2) сенімділік, жалған іске қосылудың болмауы. Ол үшін схемада өзін-өзі бақылау көзделеді.

3) жоғары сезімталдық. Кіріс сигнал ток бойынша бірнеше миллиамперден аспау керек, ал кернеу бойынша бірнеше ондаған вольттан аспау керек.

4) селективтілік, яғни тек апаттық аймақтың өшуінің таңдаушылығы.

5) қарапайым, күтудің жайлылығы, құнының арзандығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.