Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.



9. Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.

МЕСТ бойынша жерге электрлік тұйықталу деп ток өткізгіш бөліктерінің кездейсоқ жағдайда жермен немесе жерге басқа да металлоконструкциялық бөліктер арқылы жерге электрлік тұйықталуын айтады. Оқшауламаның бұзылуы, электр қондырғының ток өткізгіш бөліктері мен жерлендірілген сымның арасында байланыстың(контакт) болуы, кернеулі сымның жерге үзіліп құлауы тұйықталуды болдырады. Жерге тұйықталу кезінде грунт арқылы апаттық ток аға бастайды, ол электр қондырғының жағдайын қауіпсіздік көзұарасымен қарағанда өзгертеді. Бұл ретте электр қондырғының корпусы мен жерлің арасында кернеу пайда болады, сонымен қатар жер бетінің жеке нүктелерінің арасында кернеу пайда болып адамдарға қауіп төндіреді.

Жарты сфералық жерлендіргіш арқылы токтың жерге таралуы.

 

 

10. Қорғаныстық жерге қосу, түрлері және орындалуы, есептелуі және бақылануы.

қорғанысты жерге қосу – кернеулікте қалу мүмкіндігі бар электр қондырғыларының ток өткізетін металл бөліктерін жермен немесе оның баламасымен қосуды айтамыз. Жерге қосу құрылғысы - жерге қосқыш және өзара қосушы сымдардан тұратын жиынтықты айтамыз. 1кВ-тан жоғары тораптарда жерге қосу кедергісінің шамасын нормалау күрделірек болады, сондықтан оны жаппай алғанда 0,5Ом-нан артық емес деп қабылдайды. Ал төменгі вольтті электр желілерінде:

220В үшін – 8 Ом;

380В үшін – 4 Ом;

660В үшін – 2 Ом-нан артық болмау керек. Бірақ ПУЭ бойынша 1кВ-қа дейінгі желілерде бейтарап түріне байланысты:

Оқшауланған бейтарапта қорғанысты жерге қосуды; ал бейтарабы жерге қосылғанторапта қорғаныстық нөлдеуді қолдануды ұсынады. Жерге қосу кедергісін өлшеу МС-07; МС-08 сияқты аспаптармен кемдегенде үш жылда бір рет өлшейді.

Мұндағы:  - жанасу кернеуін ескеретін коэффициент

              - адам тізбегіндегі қосымша кедергілерді ескеретін коэффициент

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.