|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЭО және МБҚ кезіндегі белгі беру және байланыс дистанциясындағы жұмысшылардың жалақы қорының (ЖҚ) есебі2.3.2 ЭО және МБҚ кезіндегі белгі беру және байланыс дистанциясындағы жұмысшылардың жалақы қорының (ЖҚ) есебі
Таңдалған бекеттің маршрутты-бақылау құрылғылары және ЭО құрылғыларының қызмет көрсетуіне байланысты, белгі беру және байланыс дистанциясының эксплуатациялық жұмысшыларының құрамының мәні бойынша келтіріледі. Алдымен, маршрутты-бақылау құрылғыларына қызмет көрсететін персонал үшін жалақы қорының айлық мөлшері анықталады, содан кейін электрлік орталықтандыру құрылғыларына қызмет көрсететін персонал үшін ай сайынғы еңбекақы қоры есептеледі. Осы мәндерді анықтағаннан кейін, МБҚ мен ЭО үшін жылдық жалақы қорын ЖҚ есептеу қажет. Жалпы жалақы қорының ЖҚ 30% құрайтын пайдалану қызметіне байланысты қосымша шығынның мөлшерін анықтаймыз. Содан кейін, құрылғылардың әр түрінің жеке қосымша шығынымен қоса жылдық жалақы қорын есептейміз. Алынған нәтижелерді 2.3-кестесіне енгіземіз.
2.3-кесте
Белгі беру және байланыс дистанциясы жұмысшыларының ЖҚ есептеу
2.4 Белгі беру және байланыс дистанциясының, жол қозғалыс қызметі жұмысшыларының ЖҚ және штаттың қорытынды есебі Қорытынды есеп үшін 2.2 және 2.3 кестелеріндегі штаттағы және қордағы жұмыс санын жазамыз, штаттағы қорытынды есепті және ЖҚ шығарамыз, ЭО және МБҚ мен салыстырамыз. Соңғы нәтижеде ЭО – дың штаттағы және ЖҚ экономдалған тиімділігін аламыз.
2.4.1 Қорытынды есеп үшін бастапқы мәліметтер Қорытынды есеп үшін бастапқы мәліметтер болып (2.2 кесте) штат бойынша қозғалыс және жол қызметкерлері, сондай-ақ жылдық және айлық жинақтағы жұмыс ақысының қорытынды есебі үшін берілген бастапқы берілгендер. Осындай әдіспен берілген кестедегі көрсетілген мәндегі штаттағы байланыс дистанциялық белгі берудегі жұмысшылардың жинақ жұмыс ақысы, маршрутты басқарушы құрылғыны және бекеттегі ЭО құрылғыларын қолданамыз.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|