|
|||
ТЕМІР ЖОЛ ТЕЛІМІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ1. ТЕМІР ЖОЛ ТЕЛІМІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ
1.1 Алғашқы мәліметтер
Курстық жұмысты орындаудың алғашқы мәліметтері белгі беру және байланыс дистанциясының телімін автоматика және телемеханика құрылғыларымен техникалық жабдықтау болып табылады (бекеттің сұлбалық жоспары 1.1-кесте), қосымша ақпаратты оқытушы береді. Нұсқа номері білім алушының шифрының соңғы санымен анықталады.
Телімдер: А-Б, Б-В – біржіпті; Б-Г – екіжіпті.
1-сурет. №1 Телімнің сұлбалық жоспары
Телімдер: А-Б, Б-Г – біржіпті; Б- В – екіжіпті.
2-сурет. №2 Телімнің сұлбалық жоспары Телімдер: Б-В, Б-Г – біржіпті; А-Б – екіжіпті.
3-сурет. №3 Телімнің сұлбалық жоспары
Телімдер: А-Б – біржіпті; Б-В, Б-Г – екіжіпті.
4-сурет. №4 Телімнің сұлбалық жоспары
Телімдер: Б-В – біржіпті; А-Б, Б-Г – екіжіпті.
5-сурет. №5 Телімнің сұлбалық жоспары
1.2 Дистанцияның пайдалану кезіндегі штатының есептелуі
Автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын пайдалану барысында біртіндеп тозады. Физикалық тозу жылдамдығының дәрежесі бірқатар себептерге байланысты болады, оның бастысы: құрылғының конструкциялық ерекшеліктері, материалдың қасиеттері мен сапасы, жұмыс қарқындылығы мен табиғаты, қоршаған орта. Сонымен қатар, физикалық тозудан басқа, моральдық тозу орын алады, құрылғылар өзінің физикалық күйі бойынша қолданыла алса да, алайда техникалық және экономикалық тұрғыда заманауи жаңа құрылғылардың пайда болуы күрделі жөндеу орнына ескі жабдықтауды жаңаға көшіру тиімдірек болып табылады. Соны ескере отырып, автоматика, телемеханика және байланыс (АТБ) құрылғыларын мерзімді тексеріп, жөндеп, жеке бөлшектерді, құрылғыларды ауыстырып отыру керек. Құрылғыларды тұрақты жұмыс істейтін күйінде пайдалану үшін оның ағымдағы күйіне технологиялық процесстің кестесіне сәйкес жұмыс істейтін қызметкерлер болу керек. Осыған орай аға электромеханик (ШНУС), электромеханик (ШНЦ), электромонтер (ШЦМ) болып жұмыс істейтін қызметкерлерге бөлінеді. Ағымдағы құрылғыларға қызмет көрсету үшін қолданыстағы нормативтер бойынша қызметкерлер құрылады. Бұл нормативтерден басқа, жүйелерге арналған жеке нормативтер келтіріледі: автоматты блокировка (АБ), электрлік орталықтандыру (ЭО), диспетчерлік орталықтандыру (ДО), дөңестік автоматты орталықтандыру (ДАО ГАЦ), жартылай автоматты блокировка (ЖАБ), маршрутты-бақылау құрылғылары (МБҚ). Осы құрылғылардың әрбір түріне АБ және ЭО құрылығларының анықталған мөлшерлеріне қызмет көрсету үшін қажетті ШНЦ және ШЦМ мөлшерлері жайлы мәліметтер келтіріледі.
|
|||
|