|
|||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ⇐ ПредыдущаяСтр 9 из 9 ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты қорытындылай келе, эстрадалық шығармашылық, кең аудиторияға бағытталған заманауи өнердің ең қолжетімді түрлерінің бірі ретінде академиялық емес музыканың басқа бағыттары арасында ерекше орын алады деп сеніммен айтуға болады. Қазақ ұлттық мәдениетінің эстрадалық өнеріне қысқаша тарихи экскурс жасау отандық өнердегі осы бағыттың типологиялық сипаттамаларын анықтауға және талдауға, осы салаға едәуір үлестері сіңген композиторларды олардың шығармашылықтарын қарастыруға мүмкіндік берді. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде эстрадалық музыкалық өнердің мәні мен мазмұндық сипаттамасы, отандық музыкалық өнер эстрадасының пайда болуының тарихи алғышарттары және Қазақстандық вокалдық-эстрадалық өнер және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері қарастырылған. Зерттелеіп отырған проблеманы теориялық-методологиялық ұғыну оның келесі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді: - эстрадалық өнер көркемдік «мәтінімен» ерекшеленетін алуан түрлілігімен сипатталатын өнер түрі; -эстрадалық музыкалық өнердің негізінде, орындаушының жеке даралығына тән ерекше қағидаттар: көркемдік және техникалық, эмоциялық және саналы бірлік; шеберлікті меңгерудегі бірыңғайлық және бірізділік; орындаушыны дайындауға жеке көзқарас және т. б., болады. - музыкалық эстрада өнері өзіне тән функцияларымен ұйымдастырылған жүйе болып табылады: білім, мәліметтер, пайымдаулар, теория және т. б. қамтитын ағартушылық функциясы; адамдардың рухани қарым-қатынасының құралы болып табылатын коммуникативтік функциясы; тыңдаушылар мен көрермендердің жан дүниесін көтеретін гедонистік функциясы; ақыл-ой, сезім, адамның ерік-жігерін қалыптастырудағы тәрбиелік функциясы; «Отандық музыкалық эстрада өнерінің пайда болуының тарихи алғышарттары және қазақстандық вокалдық-эстрадалық өнер және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері» бөлімінде кешенді талдау (тарихи, философиялық-теориялық, социологиялық және мәдени-типологиялық) арқылы ұсынылған феномен алғаш рет батыс, орыс және кеңес эстрадасының дәстүрлі әндерінің фольклорлық үлгілеріне, әр түрлі жанрлар мен стильдеріне сәйкес қарастырылды. Осылайша, отандық жанрдың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай әсер еткен эстрадалық бағыттардың қажетті тарихи шолуынан басқа, бірінші бөлімде оның модификациялау жолдары, эволюциялаудың ауқымды үдерістері барысында анықтауға әрекет жасалды. Екінші бөлім XX-XXI ғ, қазақ эстрада композиторларының шығармашылықтарының даму бағыттары деп атала отырып, Қазақ эстрадасының аңызға айналған композиторлары және олардың шығармашылықтары, Қазақ композиторларының шығармашылықтарындағы стилистикалық үрдістер, Қазақ композиторларының шығармашылығында ұлттық дәстүрлерді жүзеге асыру сияқты бөлімшелерді өзіне қосады. Қазақс эстрада композиторларын олардың шығармашылықтарын зерттей келе мынадай қорытынды жасауға болады. Олар қазақ эстрадасының дамуына орасан үлестерін қосқан тұлғалар. Аты тарихта қалған, елімізді, жерімізді шет елге таныта білген осындай композиторлардың болуы қазақ елі үшін үлкен мақтаныш. Ең қуантатын жайт қазіргі таңда осындай мықты копозиторлардың әндерін жас әншілер түсініп, ұлықтап өз репертуарларында орындап жүр. Мұндай композиторлар ұмытылмайды оларға құрмет ретінде жыл сайын елімізде алуан түрлі концерттер өткізіліп тұрады. Қазақстандық академиялық музыка, әлемнің дәстүрлі суреттерін заманауи құралдармен толық көрсетуге ұмтылады. Бұл бағытта композиторлық шығармашылықтың идеялық-философиялық негіздері дами түседі. Этникалық дыбыстық идеалға сүйену, шығармалардың архаика саласының тақырыбын кеңейтумен тығыз байланысты. Ол сонористика, электрондық музыка, спектрализм сияқты заманауи композициялық-техникалық кешендерді игеруге серпін берді. Ұлттық Авангардтың ерекшеліктері техникалық инновацияларды қарастыру және ұлттық-спецификалық әндердің (неоархаиканың, «Әлем музыкасының», полистилистикасының елеулі әсерімен) қазіргі заманғы көрініске бағдарлануы болып табылады. Стильдің жаңаруы, ұлттық шығармашылық негіздерін түсінудің кеңеюі мен тереңдеуі Қазақстанның композиторлар музыкасының жанрлық жүйесінде көрініс тапты. Ұлттық фактор - стилді анықтау кезінде ескеру қажет маңызды сәттердің бірі болып табылады. Стильде, өнер мазмұнында, ұлттың рухани дәстүрлерін дамытудағы ұлттық қауымдастық жанама түрде көрініс табады. Жалпы, қазақстандық композиторлар үшін түрлі ғасырлардағы музыкалық ойлау ерекшеліктерімен байланысты музыканы зерттеу қызықты және сонымен бірге күрделі міндет болып табылады. Бүгінгі таңда, әрбір музыканттың орындаушылық стилінде оның ерекше көркемдік, әлемдік қабылдауы мен ойлаудың қоғамдық-тарихи элементтерге негізделген сабақтастығы айқын көрінеді. Сонымен қатар орындаушылық стильде ұлттық ерекшеліктерді жүзеге асыру, қазақ ұлттық мәдениетіне тән идеяларды және эмоцияларды тікелей көрсету ең алдымен өнер мазмұнында, маңызды сәттердің бірі болып табылады. Орындаушылық ұлттық стильдің ерекшеліктері импровизациялықта, мәтіннің вариативтігінде, бөлек артикуляцияда, метрикалық бостандықта, өзіндік тембр бояушы құралдарында көрінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Н. Назарбаев «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алматыдағы өзінің резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тағайындады». https://www.akorda.kz/ru/events/astana_kazakhstan/working_trips/segodnya-glava-gosudarstva-nursultan-nazarbaev. 2. Выготский Л.С. Психология искусства. – Минск: Современное слово, 1998. – 480 с. 3. Леонтьев А.А. Психологический смысл искусства // Искусство в школе ХХ века. – М.: ГОМЦ: Школьная книга, 2000. – С. 10-22. 4. Советский энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1983. – 840 с. 5. Клитин С.С. Проблемы теории, истории и мелодики эстрадного исполнительства. – Л.: Искусство, 1986. – 190 с. 6. Оленин О.Ф. Формирование готовности студентов музыкальных специализаций к эстетической оценке популярной эстрадной музыки: дис... канд. пед. наук. – Киев, 1990. – 200 с. 7. Переверзев Л.Б. Современная популярная музыка в эстетическом воспитании подростков и юношества // Музыка в школе. – Киев, 1981. Вып.7. – С. 101-110. 8. Степняк Ю.В. Эстрадно-джазовый компонент в профессиональной подготовке учителя музыки: дисс...канд.пед.наук – М, 2000. – 182 с. 9. Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы, суждения, мнения. Пособие для обучающихся. – М.: Интерпракс, 1994. – 374 с. 10. Кайсиди И.Г. Искусство музыкальной эстрады: сущность и содержание // Материалы международной научно-практической конференции «Современное киноискусство в контексте духовного возрождения». – Алматы: КазНАИ им. Т.Жургенова, 2018. – С. 394-398. 11. Докшицер Т. Путь к творчеству. – М.: ИД «Муравей», 1999. – 216 с. 12. Медушевский В.В. О художественной ценности мелодического начала в современной музыке // Критика и музыкознание. Сб. статей. Вып.2 – Л.: Музыка, 1980. – С. 5-15. 13. Белинский В.Г. Полное собрание сочинений. Статьи и рецензии. – М.: АН СССР, 1954. – Т.7. – 311 с. 14. Алиев Ю.Б. Музыкальное развитие учащихся в процессе занятий хоровым пением: дисс... канд. пед. наук. – М.: 1965. – 291 с. 15. Асафьев Б. Музыкальная форма как процесс. Интонация. – Л., 1963. – Кн. 2. – 269 с. 16. Зись А.Я. Конфронтация в искусстве. – М.: Искусство, 1980. – 200 с. 17. Рубинштейн А.Г. О музыке в России. – СПб, 1889. – 71 с. 18. Станиславский К.С. Работа актера над собой. – М.: Художественная литература, 1988. – 509 с. 19. Сохор А.Н. Музыка как вид искусства – М.: Музыка, 1970. – 198 с. 20. Сохор А.Н. Музыка как вид искусства – М.: Музыка, 1970. – 198 с. 21. Цуккерман В.С. Музыка и слушатель: опыт социологического исследования – М.: Музыка, 1972. – 208 с. 22. Лотман Ю.М. Структура художественного текста. – М.: Гнозис Прогресс, 1992. – 704 с. 23. Светланов Е.Ф. Об искусстве дирижера. – М.: Советский композитор, 1991. – 126 с. 24. Капустин Ю. Музыкант – исполнитель и публика. – Л.: Музыка, 1985. – 160 с. 25. Конен В. Третий пласт. Новые массовые жанры в музыке ХХ века. – М., 1994. – 160 с. 26. Кузнецов Е.М. Из прошлого русской эстрады. – М.: Искусство, 1958. – 366 с. 27. Николаева Е.В. История музыкального образования: Древняя Русь: Конец X – середина XVI1 столетия: учебное пособие. – М.: Гуманитарный изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 208 с. 28. Розеншильд К.К. История зарубежной музыки до середины XVI1 века. – М.: Музгиз, 1963. – Вып. 1. – 486 с. 29. Утесов Л. С песней по жизни. – М.: Искусство, 1961. – 208 с. 30. Кузнецов В.Г. Эстрадно-джазовое образование в России: история, теория, профессиональная подготовка: дис… док. пед. наук. – М., 2005. – 517 с. 31. Ахметова М. Музыкальные особенности казахской народной песни // Музыкальная культура Казахстана: сб. науч. статей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1955. – С.28-45. 32. Омарова А. Эстрадная песня в культуре Казахстана: дипл.раб. – Алматы, 2003. – 21 с. 33. Абдрахман Г. Современное самодеятельное песнетворчество в казахской музыкальной культуре. – Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. – 176 с. 34. Мылтыкбаева М. Казахский вальс как историко-художественное явление // Музыкальное искусство: наука и образование. – Астана, 2004. – 465 с. 35. Жарасова А. Казахский фольклор и проблема современной самодеятельной песни // Фольклор и фольклоризм. – Л., 1980. – 115 с. 36. Тюленев В. В мире поэзии // Творчество. – 1975. № 8. – 66 с. 37. Ощепкова О. Некоторые культурологические вопросы формирования массовой музыкальной культуры: дипл. раб. – Алматы, 2002. – 80 с. 38. Кайсиди И.Г. Музыкальное искусство эстрады в художественной культуре Казахстана // Материалы XIV международной научно-практической конференции «Международное взаимодействие в современном музыкально-образовательном пространстве. – М., 2017. – С. 186-192. 39. Кесоглу Лаки. Мелодии, написанные сердцем // Казахстанская правда, 2013, 13 июля. 40. Асафьев Б.В. Музыкальная форма, как процесс. – Л., 1963. – 367 с. 41. Тюленев В. В мире поэзии // Творчество. – 1975. № 8. – 66 с. 42. Шильдебаев К. Интервью кандидата искусствоведения, профессора Мусагуловой Г.Ж. с известным композитором и общественным музыкальным деятелем К.Шильдебаевым. – Алматы, июнь 2017. 43. Каракулов Б.И. Музыкальная письменность и современная казахская музыкальная культура // Традиционное и современное искусство Казахстана и Центральной Азии: материалы научно-исследовательской конференции. – Алматы, 2004. – С. 174-176. 44. Кузбакова Г.Ж. Едиль Хусаинов / Очерки о композиторах Казахстана. – Алматы: Болашак, 2013. – С. 336-362. 45. Джумакова, У.Р. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х годов. Проблемы истории, смысла и ценности. / У. Р. Джумакова-Москва, 2003. – 218 с., 136-164 б. 46. Алпатова, А.С. Архаика в мировой музыкальной культуре. / А. С. Алпатова – Москва: Экон-Информ, 2009. – 204 с. 47. Дрожжина, М.Н. Молодые национальные композиторские школы Востока как явление музыкального искусства XX века: дис. … докт. иск.: 17.00.02 : утв. 16.12.2005 / Дрожжина Марина Николаевна. – Новосибирск, 2005. – 346 с. 48. Джумакова, У.Р. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х годов. Проблемы истории, смысла и ценности. / У. Р. Джумакова – Москва, 2003. – 218 с. 49. Холопова, В.Н. Китайский авангард: от Сан Туна до Тан Дуна / В. Н. Холопова // М. Е. Тараканов: Человек и Фоносфера: Воспоминания. Статьи. – Москва, Санкт-Петербург: Алетейя, 2003. – С. 243-251. 50. Гаврилова, Н.А. Творчество композиторов Чехословакии / Н. А. Гаврилова // Памяти Романа Ильича Грубера. В мире истории музыки : Статьи. Исследования. Переписка. Вып.2. / Московская государственная консерватория имени П. И. Чайковского – Москва, 2011. – С. 109-134. 51. Назайкинский, Е.В. Стиль и жанр в музыке. / Е. В. Назайкинский. – Москва: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 248 с. 52. Джумалиева, Т.К. Опера М.Тулебаева «Биржан и Сара»: личность – нация – человечество / Т. К. Джумалиева // Мукан Тулебаев и современная музыкальная культура: материалы междунар. науч.-практ. конф., посвящённой 100-летию М. Тулебаева / Казахская национальная консерватория им. Курмангазы. – Алматы, 2013. – С. 53. Прейсман, Э.М. Камерный оркестр как явление в музыкальной культуре XVII - XX веков : автореф. дис.. д-ра иск. : 17.00.02. / Прейсман Эмиль Моисеевич // Новосибирск: Новосиб. гос. консерватория им. М. И. Глинки, 2003. — 48 с. 54. Воронцова И.В. М. И. Глинка: к истокам певческого строя русской музыки // Культурное наследие. 55. Михайлов М. Этюды о стиле в музыке. Статьи и фрагменты. – Л.: Музыка, 1990. – 288 с. 56. Кетегенова Н., Нусупова А. О национальном своеобразии гармонии в казахской музыке // Республиканский общественно-политический журнал «Мысль». – 2015. – Февраль. – С. 27. 57. Юнусова В. Н. Концепция звука и народные инструменты в музыкальном авангарде Азии. Исполнительское искусство и музыковедение // Параллели и взаимодействия: Сборник статей по материалам Международной научной конференции 6-9 апреля 2009 года. – М.: Человек, 2010. – 744 с. 58. Айзенштадт С. Фортепианные школы стран дальневосточного региона (Китай, Корея, Япония): проблемы теории, истории, исполнительской практики: автореф. дис. ... докт. иск. –Новосибирск, 2015. – 49 с. 59. Кузембай С.А. Национальные художественные традиции и их конвергентность в жанре казахской оперы: автореф. дисс ... докт. иск. –Ташкент, 2007. – 40 с.
|
|||
|