Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақ композиторларының шығармашылықтарындағы стилистикалық үрдістер



2.2 Қазақ композиторларының шығармашылықтарындағы стилистикалық үрдістер

 

ХХ ғасырдағы Қазақстанның академиялық музыкасындағы стильдік үрдістер ұлттық дәстүрлердің Батыс өнерімен күрделі өзара іс-қимылына негізделген жаңа музыкалық мәдениеттің қалыптасуын көрсетеді. Зерттеуші У. Р. Джумакова қазақстандық музыка тарихының әртүрлі кезеңдерінде түрлі стильдік бағыттар басым екенін атап өтті: 1920-1940 жылдары эклектика басым, 1940-жылдардың соңынан 1970-жылдардың аяғына дейін ұлттық стиль басым болды, 1970-жылдардың соңынан бастап стильдің индивидуализациясы орын алды [45, 136-164 б].

Зерттеу кезеңінде академиялық өнердің ішкі және сыртқы үдерістерінің әсерінен әрбір композитордың өзіндік стилі қалыптасады, бұл ұлттық және жеке стильдік компоненттердің өзара әрекеттесуінің күрделілігінен туындайды. Ішкі өзгерістер шығармалардың тақырыбы, композицияның техникасы, оның тұжырымдамалары сияқты композиторлардың шығармашылығының параметрлерін жаңартудан көрініс табады. Олар, атап айтқанда, композицияның қазіргі заманғы техникасын меңгеруге, ұлттық авангардты қалыптастыруға негізделген. Сыртқы өзгерістер тарихи-мәдени үдерістер, мысалы, мәдени мұраны қайта бағалау және қазақстандық өнердің жаңа деңгейде әлемдік сахнаға шығуы, діни-философиялық тақырыптағы шығармалардың пайда болу салдарынан көрініс табады.

Академиялық дәстүрдің заманауи музыкасы, триадалық принципке негізделеді және бұған назар аударған Соколов А. С. болды [46, 15-30 б]. Ұлттық музыкалық мәдениетті зерттейтін ғалымдардың пікірінше, музыкалық мәдениеттің динамикасын және оның құрылымын зерттеу кезінде триада әдісі кеңінен қолданылады. Триада даму кезеңдерін тек еуропа елдерінің музыкалық мәдениетінде ғана емес [47,  94 б], сонымен қатар, бұрынғы Кеңес дәуірінің шығыс елдеріндегі заманауи музыкалық мәдениетінің құрылымын зерттеуде де қолданылады.

Сонымен қатар, ұлттық мәдениетке және жалпыға бірдей қарама-қайшылықтың қосалқылығы бірқатар диадаларда көрінеді, олардың ішіндегі ең маңыздысы В. Н. Юнусова ұсынған екі түрлі композициядағы, (еуропаға бағдарланған және дәстүрлі еуропалық емес) концепция болып табылады. Дәл осы екі композицияның триадалыққа көшу мәселелері контекстінде, XX ғасырда қазақстандық музыкадағы негізгі стильдік үрдістер анықталды, оларды шартты түрде әмбебап (еуропаға бағдарланған), дәстүрлі (еуропалық емес) және жасанды-синкреттік деп үш түрге бөлуге болады.

Бірінші аталған әмбебап үрдіс 1920-1950 жылдардың басында ұлттық композиторлар мектебін қалыптастыру кезеңінде үстем болды [48, 63 б]. Ол тақырыптың көшірілуімен (цитата немесе стильдеу әдістерімен), музыкалық материалды дамытудың еуропалық формалары мен принциптерінің (әсіресе фактуралар, гармония, тембрлер) басым болуымен сипатталады.

Айта кететін жәйт, әмбебап үрдісі, дәстүрлі жеке орындаушылық, ансамбльдері мен халық аспаптық оркестрлері сияқты салаларда да айқын байқалады және мұндай келесілер расталады:

- халық оркестріне (андреевке типтес) арналған және еуропа халықтарының дыбысталуына ұқсас қайта жаңғыртылған дәстүрлі аспаптар; мысалы, қобыз-прима (қияқты хордофон) скрипканың дыбысына ұқсайды, ал қобыз-тенор – виолончельге келеді;

- еуропалық және орыс классикалық шығармаларының транскрипциясының есебінен репертуарларды жаңарту;

- жанрларды меңгеру (әндер, пьесалар және жеңіл жанрлық пьесалар, концерттер, сонаттар – ең бастысы жаңартылған (реконструкцияланған) қобыз үшін, өйткені домбыраның өзінің дәстүрлі репертуарлары өте бай болып келеді).

Әмбебап үрдісті келесі композиторлар: 1933 жылы Б. Баяхунов (1933), В. Новиков (1937-2012), В. Стригоцкий (1947), Т. Қажғалиев (1947-1996), А. Серкебаев (1948), А. Бестыбаев (1959), С. Еркімбеков (1958), А. Мәмбетов (1961), жас ұрпақтан – Е. Никонова (1977), Т. Нильдикешев (1982), Е. Задериушко (1983) өз шығармаларында қолданды.

Екінші үрдіс дәстүрлі және еуропалық көркем мәнерліліктің құралдарын синтездеудің әртүрлі формаларында көрінеді. Синтез екі бағытта жүзеге асырылады:

- дәстүрлі шығармалардағы тақырыптың, формалардың немесе олардың элементтерінің еуропалық аспаптарға қарай бейімделуі;

- дәстүрлі аспаптардың тембрін тарту (қайта жаңартылған және аутентикалық) еуропалыққа қосылған немесе өзіндік (жеке, ансамбльде, оркестрде) болып екіге бөлінеді. Кейбір аспаптардың қайта құрылуы (ең алдымен, ең көп таралған домбыраны айтқанда) олардың өзіндік дыбыстық колоритін сақтап қалуға бағытталады.

Дәстүрлі композициялық ойлау бағдары келесі композиторлардың шығармашылықтарына жақын М. Мангитаева (1937-2011), А. Жайымова (1947), Б. Аманжол (1952), Е. Өміров (1954), Б. Дальденбаева (1955), Е. Хусаинова (1955).

Үшінші үрдіс жасанды-синкреттік, жоғарыда атап кеткен екі үрдістің бірігуімен сипатталатын, 1990-ші жылдардың соңында, ұлттық авангард шеңберінде белгіленеді, ол туралы кейінірек атап өтеміз. Саналы бағдарлау синкретизмі келесі композиторлардың шығармашылығына тән К. Шілдебаев (1957), с. Абдинуров (1962), А. Раимкулова (1964), А. Абдинуров (1978), Т. Джармухамед (1981), А. Жайым (1983).

Қазіргі уақытта үш үрдіс барлық композиторлардың  шығармашылықтарында айқын байқалады. Композиторлар шығармашылық жодарының әртүрлі кезеңдерінде түрлі стильдік үрдістермен жұмыс істейді, бұл қазіргі заманғы академиялық өнерге тән синкретизмнің пайда болуына алып келді.

1980 жылға дейін Қазақстан музыкасында классикоромантикалық стильдік бағыт дамыды, еліміздің ұлттық стильді жаңарту жолын іздеуі ұлттық-авангардтық бағыттың пайда болуына себеп болды. Отандық композиторлардың авангард шығармалары туралы В. Н. Холопованың айтып өткен, ол азия елдерінің музыкалық авангарды болашақ ұлттық классикалық процеспен қалыптасады ал «авангард» ұғымының өзі шартты болып келеді деп өз ойын айтқан [49, 243 б]. Қазақстандық авангардтың қалыптасуында Қиыр Шығыс және Орталық Азия композиторларының ғана емес, сонымен қатар шығысеуропалық ұлттық мектептердің өкілдерінің де ізденістерінің орасан зор екенін атап кеткен жөн. Чехословакиялық музыканың XX ғасырдағы стильдік бағыттарын қарастыра отырып, Н. А. Гаврилова жалпыеуропалық үрдістердің ұлттық интерпретациялануы туралы жазды [50, 117 б].

Мәдениеттегі ұлттық-авангард және классикалық-романтикалық бағыттардың рөлі теңбе-тең емес. Біздің ойымызша, бұл кеңес дәуірі өнерінің шығармашылық ұстанымдарының инерциясымен байланысты. Екі бағыт белгіленген үрдістермен өзара күрделі байланысқа түседі. Соңғы үш онжылдықтағы қазақстандық композиторлардың стилистикалық және композициялық ізденістерінің алуан түрлілігін кесте түрінде көрсетеміз (5-кесте).

Кестеде белгіленген стильдік және композициялық бағдарлар ұлттық стильге тән интонациялық-стильдік кешендерін жасайды. Біріншісі яғни стильдік бағдарлар орыс музыкасының қазақ фольклорына (кең – дәстүрлі) байланысу әсерінен қалыптасады. Бұл туралы Е. В. Назайкинский «фольклорлық материал да, халық музыкасының принциптері де, оның нақты элементтері де жалпы ұлттық стильдің өзіндік қайнар көзі бола алады» деп жазды [51, 50-51 б]. Екінші бағыт орыстық бағдарланумен тығыз байланысты («Б. Асафьевтің бейнелі анықтамасы бойынша Шығыс туралы орыс музыкасы»). Т. Қ. Жұмәлиева осы бағыт туралы «республикалардағы ұлттық музыкалық мәдениеттерді дамыту іргетасының бірі» деп есептейді» [52, 30 б].

 


 Бағыттары:


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.