Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Классикалық-романтикалық бағыт



Классикалық-романтикалық бағыт

Ұлттық-Авангард бағыты

Стильдік үрдістер: әмбебап дәстүрлі жасанды синкреттік әмбебап дәстүрлі жасанды синкреттік
Стильдік және композициялық бағдарлары: Классицизм және романтизм, неоклассицизм, неоромантизм; қазақстанның  композиторларының ұрпақтарының шығармаларының стилі Дәстүрлі орындаушылық мектептер (аспаптық және вокалдық), бірінші ұрпақтағы қазақстандық композиторлардың жаңғыртылған халық аспаптарына арналған музыкасы Неофольклоризм «жаңа фольклорлық бағыт» Полистилистика; электрондық музыка; заманауи композиторлардың бірқатар жеке стилі (А. Шнитке, С. Губайдулина, Д. Лигети және т. б.). «Әлем музыкасы» (World music, Weltmusik), неофольклоризм, неоархаика, электрондық музыка Полистилистика, «әлем музыкасы», электрондық музыка, спектрализм

Кесте – 1  Қазіргі қазақтан музыкасының стилі: бағыттары мен үрдістері

 


1-кесте қазіргі заманғы қазақстандық музыкадағы стильдік кешендерді бейнелейді. Қазіргі уақытта академиялық өнерді дамытудың бас желісін орыс-кеңес дәуірінің классикасы және ұлттық өнердің көне үлгілері анықтайды. Маңызды стильдік бағдарлары ретінде алғашқы композиторлардың ұрпақтарының шығармашылықтары саналады.

1980-2018 жылдардағы Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы вокалдық музыканың жанрлық саласы әртүрлі болды және кең түрде ұсынылды. Іс жүзінде әрбір қазақстандық композитор вокалдық жанрларға жүгінетініне қарамастан, осы уақытқа дейін жалпы вокалдық өнердің тарихы мен ұлттық стилі, сондай-ақ камералық вокалдық, вокалдық-хор және вокалдық-оркестрлік музыканың жанрлық салаласын құрайтын мәселелер зерттелмеген.

Вокалдық музыкада да басқа жанр салаларындағыдай келесі: шығармалардың тақырыбын кеңейту және түрлі жанрлардың (кантаттар мен симфониялар, кантаттар мен балет, поэмалар мен реквиемдер және т. б.) принциптерін синтездеу сияқты үрдістері байқалады. Осылайша, бір жағынан, камералық немесе a cappella хор құрамдарын таңдауда, екінші жағынан – формалар және фактура масштабтарын азайтуда, әсіресе вокалдық-симфониялық шығармаларда байқалатын тембрлерді оқшаулауда, вокалдық музыканың барлық жанрлары «камернизация» тенденциясына жүгінеді [53, 3 б].

Вокалдық музыкадағы стильдік үрдістердің көрінісі мәтіннің мазмұнына байланысты. Тақырыптың барлық алуан түрлілігіне байланысты екі орталық бағытты бөліп көрсетуге болады: ұлттық (қазақ) және интернационалдық. Біріншісі XIX – XX ғасырдың басындағы ақындар (А. Құнанбаев, М. Өтемісұлы, М. Жұмабаев және т.б.), кеңес дәуірінің және қазіргі заманғы авторларының (М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, О. Сүлейменов және т. б.) өлеңдеріне жазылған шығармалардан тұрады. Екіншісі XX ғасырдың орыс және кеңес дәуірінің ақындарының өлеңдеріне (М. Цветаева, О. Мандельштама, В. Высоцкий және т.б.) және шығыс поэзиясының ықпалдарымен қалыптасады.

Стиль аспектісіне байланысты қазақстандық композиторлардың музыкасы әртүрлі тілдік құралдарға сүйеніп келді. Ұлттық стиль оның сипаттамаларының бірін ғана құрады. 1960 жылға дейін ұлттық стильдік бағыт басым болды (А. Жұбанов, Е. Брусиловский, М. Төлебаев, Б. Байқадамов). Басқа стильдік параметрлер (жанрлық, жеке, тарихи) әлсіз көрінетін еді немесе онша көрсетілмеген еді. 1960 жылдардың соңында қазақстандық композиторлар қазіргі заманғы стильдік мүмкіндіктерді игеру жолында (К. Кужамьяров, А. Бычков, Г. Жұбанова, Е. Рахмадиев) болды. Бұл ретте тілдің қазіргі заманғы құралдарын қолдану барысында, олар батыс пен кеңес одағының орталық өңірлерінің музыкасындағы жалпы стильдік үрдістермен салыстырғанда кем түспеді, тіпті олардан айырмашылықтары болды. Музыкадағы ұлттық стильдік параметрлердің жалпы басымдылығы әр уақытта байқалады. Бұл мәселе яғни ұлттық және қазіргі заманғы стильдердің арақатынасы неғұрлым терең және жан-жақты зерттеуді талап ететінін атап өткен жөн. Тек 1970-ші жылдары ғана қазақ музыкасының қалыптасқан және дамып келе жатқан стилі композиторлардың жеке қасиеттерімен байытыла бастауы, олардың жазбасын анықтауға мүмкіндік беретін болды. (Е. Рахмадиевтің эмоционалдық ашықтығы, Ғ. Жұбанованың қатаң философиясы). Қазақ музыкасының жалпы ұлттық бағдарымен стильдік ортасында, гармоникалық тілде, және т. б. композиторлардың жеке қасиеттері байқалады.

Қазақстандық академиялық музыка, әлемнің дәстүрлі суреттерін заманауи құралдармен толық көрсетуге ұмтылады. Бұл бағытта композиторлық шығармашылықтың идеялық-философиялық негіздері дами түседі. Этникалық дыбыстық идеалға сүйену, шығармалардың архаика саласының тақырыбын кеңейтумен тығыз байланысты. Ол сонористика, электрондық музыка, спектрализм сияқты заманауи композициялық-техникалық кешендерді игеруге серпін берді. Ұлттық Авангардтың ерекшеліктері техникалық инновацияларды қарастыру және ұлттық-спецификалық әндердің (неоархаиканың, «Әлем музыкасының», полистилистикасының елеулі әсерімен) қазіргі заманғы көрініске бағдарлануы болып табылады.

Стильдің жаңаруы, ұлттық шығармашылық негіздерін түсінудің кеңеюі мен тереңдеуі Қазақстанның композиторлар музыкасының жанрлық жүйесінде көрініс тапты.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.