Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстандық вокалдық-эстрадалық өнер және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері



1.3 Қазақстандық вокалдық-эстрадалық өнер және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері

 

XX ғасырдың бірінші жарытсында яғни кеңес дәуірінде «вокалдық эстрада» ұғымы пайда болды. Әрі қарай бұл ұғым отандық ән индустриясында орнығып нығая бастады.

Жаңа саяси ортада қалыптасқан мәдени – өркениетің жағдайы қазақтың дәстүрлі кәсіби өнерінің (аспаптық ән, күй) дамуына ықпал етпеді. Бұл дәстүрлі кәсіби өнер ғасырлар бойы бүкіл адамзат баласына тән жоғарғы адамгершілік қасиеттерімен эстетикалық құндылықты насихаттайтын өнер түрі болып табылады.

Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл жағдай келесі себептерден туындады:

- әлеуметтік дамумен қоғамға «тартылған» дәстүрлі шығармашылық жүйесі өзінің мәнмәтінін өзгерте бастады, яғни «табиғи даму перспективасын» жоғалтты (А. Сейдімбек) .

- кеңестік идеология ұлттық бірліктің өзегі және оның «жаңа жалпы социалистік жүйеге» бағынуы болып табылатын жергілікті халықтың дәстүрлі мәдениетінің даму «жолдарын жабу» тактикасы болды.

Осы жерден байқалатыны – шығармалық тәжірибеде түрлі музыкалық стильдердің араласуы, мұнда қазақтың дәстүрлі әуендері жаңа мәнерлілік кұралдарға тән заманауи ритмоинтонациямен үйлескен жоқ. Қазақтың әніне көп ұлтты элементтердің енуінің тағы бір себебі ол еуропадан шыққан революциялық әндерді жергілікті тілге аудару жолдары болды.

1930 жылдардың басында Қазақстанның кәсіби әнінің өнерінде вокалдық және аспаптық жанрлары қарқынды дами бастады. Алғашқы ұлттық симфониялар, опералар пайда болды, хор капелла және қазақ халық аспаптар оркестрі сияқты шығармашылық ұжымдар құрыла бастады, сондай-ақ, М. Ахметовтың, алғашқы вальстары, романстары мен әндері пайда болды [31].Оның ойынша«Қазақ музыкасындағы әуеннің интонациялық және ырғақтық сапасы, еуропалық әндерге сүйене отырып түбегейлі өзгерді» [32].

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің келуімен әлеуметтік-мәдени ахуал одан әрі байытылып және стилистикалық жағынан біркелкі бола бастады. Онда әндік мәдениеттің түрлі феномендері кездесіп, олар жақын жанасып ал кейде қатты бәсекелелестікке түсе бастады. Сонымен қатар, қазақ халық әні сияқты «культтік жанр» шығармашылық дағдарыстың «жолағына» түсіп, тіптен екінші жолға қалды.

Осы сан алуан түрлі құбылыстардың  «айналымы» аясында этникалық әннің, ерекше үйлесімдік мәнері мен дәстүрлі құралдарының құрылуымен оларды орындаудың ерекше техникасына байланысты оған вокалдық-эстрадалық орындаушылықты пайдалануға болмайды деген жеке пікірлер дәрменсіз болып қалды. Көптеген эстрадалық ән әуендерінің ерекше интонациялық бояуы, әр түрлі аспаптардың үндестігімен (орамдық, квинталық, кварто-квинталық, секстакордтық және т. б.), көбінесе пайдаланылатын аспаптың органологиялық ерекшеліктеріне байланысты екені белгілі. Мысалы, дәстүрлі тембрлерді эстрадалық композициялардың бейнелі «палитрасына» қосу және вокалдық «мелизмдер» әлем халықтарының музыкалық мәдениетінің әдетті құбылысына айналды.

Осылайша, қоғамның тарихи-саяси формациясының ауысуы және социализмнен капитализмге өткен кезеңде, қазақ халқына аудиовизуалды құралдар арқылы батыстың мәдени индустриясы келе бастады. Сол кездерде «Back street boys», «Five», «Spice girls» деп аталатын субкультуралар (поп-музыка және роктың барлық түрлерінде, R&B, хип-хоп және т.б.) әртүрлі бағыттағы топтар сондай – ақ, XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы жас ұрпақтың дүниетанымын түбегейлі өзгерткен жеке орындаушылар пайда болды. Олардың шығармашылығы қазіргі замандастардың психологиясына әсер етті, жастар арасында танымал R&B бағытының дамуына түрткі болды (ұлттық мелос ерекшеліктерімен үйлесе отырып) және 90-шы жылдардың соңынан бастап қазақ музыкалық индустриясының даму траекториясын анықтады. Бұл уақытта қазақстандық сахнада өзін көрсете алмаған, бірақ осы өтпелі кезеңде қазақ вокалдық-эстрадалық музыкасының одан әрі дамуына қандай да бір дәрежеде әсер еткен алғашқы орындаушы ұжымдар пайда болды.

Мұндай объективті қиындықтарға қарамастан, қазақ музыкалық ән шығармшылық бағыты өз дамуын тоқтатқан жоқ. Бұл, ең қолайсыз кезеңде, ол өз мәртебесін концерттерде, фестивальдарда, авторлық кештерде және т.б. сақтап қалды.  

Алайда, 90-шы жылдардың ортасында бұл өнімсіз құбылыс өзіндік «Ренессанс» ретінде қабылдана бастады: шығармашылық өмір ұзақ уақыт бойы идеологиялық себептер бойынша үлкен сахнаға шыға алмаған Шәмші Қалдаяқов сияқты танымал композиторлардың тұрақты ұйымдастырылатын кештері есебінен жанданды. Бірақ та өткен ғасырдың басынан бастап кәсіби вокалдық музыканы дамытуға үлкен үлес қосқан басқа да халық әртістерімен бірге – есімдері халық аузында әлі күнге дейін ұмытылмаған тұлғалардың көбісі табысқа жете алмады.

Қазақстан қоғамы жаһанданудың және батыс мәдениетінің жан-жақты ықпалына қарсы тұруға тырыса отырып, ұлттық ән мәдениетін дамытудың басқа да арналарының балама түрін іздеді. Соның арқасында, радиода әр түрлі байқаулар, фестивальдар, мерейтойлар жарияланды, Ш. Қалдаяқовтың авторлық шығармалары ғана емес, дәстүрлі халық әндері де орындалды. Нұрғиса Тілендиевті еске алуға арналған түрлі орындаушылық байқауларда болды. Мысалы, Тілендиев атындағы Бірінші республикалық дирижерлер байқауы 2004 жылдың қараша айында өтіп, оның бірінші халықаралық конкурсы үш номинация бойынша өткізілді: вокал, домбыра және дирижерлау (Астана қ., наурыз, 2008 ж.).

Тәуелсіздіктің келуімен, Абай, Жамбыл, Ақан сері, Біржан сал, Жүсіпбек Елебековке және басқа да маңызды тұлғаларға арналған мерейтойлар, сондай-ақ «қазақтың ән ренессансының» дамуына көп ықпал еткен түрлі ретро – фестивальдар («Алматы-менің алғашқы махаббатым») тұрақты түрде жүзеге асырыла бастады.

Еуропалық заманауи музыкалық мәдениетке жауап ретінде өзінің шығармашылығында мағынасы жағынан ерекшеленетін халық бастауларын («АБК», «Үркер», «Нұр – Мұқасан») насихаттайтын вокалдық-аспаптық ансамбльдер пайда болды. Сондай-ақ, олардың ізін қуған «МузАРТ», «Жігіттер», «Қоңыр тобы», «Бәйтерек», «АРС-Бақай», «Жалын», «Каспий», «Арнау», «СӘТ» және т.б. топтар болды. Жеке қатарға жарық жұлдызды әншілерге (Батырхан Шүкенов, Мәдина Ералиева, Сәкен Қалымов, Шахизада, Нұрлан Абдуллин және т. б.) кірді. Осы бастаманы қазіргі заманғы «жаңа ұрпақ»  әншілер жалғастыру жолында (Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Иманбаева, Ақылбек Жеменей, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Мақпал Исабекова және т. б.). Қазіргі уақытта қазақ дәстүрлі әндерінің шығармашылық ұстанымы мен сыртқы беделі Монғолиядан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Түркиядан және басқа да жақын елдерден шыққан қазақ диаспорасының отанға оралуының арқасында бірнеше рет күшейе түсті. Жаңа орындаушы – оралмандар өкілдері, атап айтқанда Шаба Аденқұлқызы, Жұлдыз Бақытқызы, «Орда» тобы тек орындаушылар рөлінде ғана емес, сонымен қатар өз әндерінің авторлары болды.

Дәстүрлі әннің жаңа, қазіргі заманғы үрдістерімен синтезделуі белсенді және өте жемісті дамығанын ескеру қажет. Мысалы, ән айтудың дәстүрлі және эстрадалық мәнерімен үйлесуін Орындаушы Гүлнұр Оразымбетова ұсынды, ол алғаш рет «Жас Қанат» жобасының қатысушысы болып, «Қорқыт Ата» вокалдық композициясын орындады, онда тамақты ән айту әдісімен қозғалыс пластикасы «бақсылық» ғұрыптық элементтермен үндесті.

Домбыра, саз сырнай, шаң және қыл қобыз сияқты ұлттық аспаптарды өзінің шығармашылығында қолданғандардың бірі Қыдырәлі Болман болды (оның алғашқы шығармашылық бастауы 90-шы жылдардың аяғында «Азия дауысы» халықаралық байқауымен байланысты болды). Тағы бір үлгі ретінде Бекболат Тілеуханды айтуға болады, ол өзінің ән шығармашылығында дәстүрлі мәнерді пайдаланып қана қоймай, сондай ақ фольклор элементтерін қолдана отырып музыкалық эстраданың алға жылжуына үлесін қосты.

Сонымен, осы проблематикаға байланысты көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстанда вокалдық-эстрадалық өнердің жүйелі қалыптасу арнасында жаңа музыкалық үрдістердің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1. Қазақ халық әндерін өңдеудің бастапқы кезеңі немесе басқаша айтқанда, «үйрену кезеңі» (А. Омарованың термині), онда қазақ халық әндерін өңдеудің арқасында олардың сипаты мен мазмұнындағы айқын өзгерістер байқалады, сондай – ақ, қазақ ән дәстүрінің «жаңа эталонын» (Абдрахман Г.) қалыптастыруына алып келді [33]. Қазақ әндері этникалық мәдени мәнмәтіннен бөліне бастады, нәтижесінде олардың тиісті музыкалық тілі мен орындаушылық стилі бар жаңа концерттік форма қалыптасты. Яғни, жалпы айтқанда, ұсынылған кезеңдегі қазақ ән өнерінің жаңа өзгерістерін екі түрге бөлуге болады:

- еуропалық музыкалық тілге жақындау және стильдік өңдеу арқылы көптеген қазақ әндері жаңа мағынаға ие болды және олардың сапасы жоғарылады;

- әннің мәні мен қызметінің өзгеруіне байланысты ән өнерінің концерттік (А. Сохор) формаға көшуі.

2. Қазақ әндері болмысының әдеттегі мәнмәтінін ауыстыру тәжірибесі оны орындаудың толық қайта өңделген шарттары, жаппай музыкалық мәдениеттің біртіндеп қалыптасуының іргетасы болды.

Айта кетейік, отандық музыка үшін осы «дәуірлік» құбылыстың дамуына Еуропа академиялық мектебінің бірінші буын өкілдері, композиторлары үлес қосты, олардың арасында Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Бақытжан Байқадамов, Мұқан Төлебаев, Сыдых Мұхамеджанов және т. б. аттары бар.

3. Соңғы бағыт «кеңестік лирикалық вокалдың әсерінен пайда болған лирикалық әндер»  деп аталады. Зерттеуші М. Мылтықбаеваның айтуынша, бұл жанр қазақ музыкалық мәдениетіне, вальс стихиясы арқылы, әсіресе «орыс романсы, және би алаңдарында оларды орындау» арқылы әсер етті [34, 83 б].

Алғаш рет вальс жанрын өзінің шығармашылығында белгілі композитор Латиф Хамиди қолданды. Тамаша әнші Б. Төлегенованың орындауымен, Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» асқан шеберлікпен Қазақстанның шексіз далалары мен ауылдарына тарады. Музыкатанушы А. Омарова айтқандай, бұл вальстің танымалдығының басты себептерінің бірі «әуен мен мәтіннің логикалық өзара әрекеттесуі болып табылады [32, 21 б].

Сондай-ақ, «Дедімай-ау», «Шынар-ай» сияқты кейбір қазақ әндерін халық композиторлары шығарған.

Зерттеуші А. Жарасованың еңбектерінде А. Бейсеуов, Ш. Қалдаяқов, Н. Тілендиев, А. Еспаев және басқалары сияқты «композитор-мелодисттердің» келуі қоғамның «сыртқы сұраныстарынан» (50-60 жылдардың басынан бастап) ғана емес, сонымен қатар «ішкі қажеттіліктерден туындағанын, осындай жарқын, шығармашылық дара тұлғалар, шын мәнінде халық әндерін сүйетін авторлар болғанын көрсетеді» [35, 44 б.].

Қазақ вокалдық эстрадасы отандық музыкалық мәдениетте пайда болғаннан бастап, елдің көркем өміріне белсенді қатысып, мәдени-тарихи даму процесінде дами, өзгере отырып, үздіксіз жаңарып, біртіндеп әр түрлі стильдік бағыттарда өз позицияларын бекіте түскенін сеніммен айтуға болады.

Сонымен, қазақ вокалдық эстрадасының өзін-өзі анықтаудың күрделі және ұзақ жолы оның келесі этаптатардан өткенін көрсетеді:

1. Ерте кезең (елуінші жылдар), қазақстандық музыкалық мәдениетте алғашқы эстрадалық әндер пайда болады, олар жеке жанр ретінде 60-шы жылдары өз позицияларын нығайтады.

2. Вокалдық эстраданың басым жанрының пайда болу, даму және орнығу уақыты – кеңестік бұқаралық әндер, өз бетінше ән шығармашылығының тұрақты түрі ретінде дамуы (Ғ. Абдрахман).

3. Басқа санаға негізделген ән шығармашылығы тарихында «жаңа эталонды» орнату (Г. Абдрахман), ол қазақ әуендерінде сапалы өзге мағыналардың пайда болуына, музыкалық болмыстың әдеттегі формаларының өзгеруіне және ұлттық әннің қызмет етуіне (А. Н. Сохор бойынша «көрнекті музыка») үлес қосты.

4. Қазақ вокалдық эстрадасының қазіргі типтерінің бөлімшесі тарихи дифференциацияға және көркемдік өлшемдерге сәйкес төрт негізгі стильдік бағытқа:

– 50-60 жылдардағы әндер, эстрадалық жанрдың пайда болуының алғышарттары;

– фольклор мен халықтық – дәстүрлі ойлауға негізделген 60-70 жылдардағы әндер;

– 80 жылдардағы әндер, дамудың жаңа кезеңі, жетілдірілу және жаңару кезеңі;

–  Батыс моделіне бағдарланған 90-2000 жылдардағы әндер (джаз, рок және поп – музыка).

Бұл жүйелендіру, жалпы, қазіргі уақытқа дейін, сақталғанын атап өткен жөн.

Қазақ мәдениетіндегі музыкалық шығармашылық, қоршаған болмысты түсінудің және бейнелеудің тәсілі ғана емес, сонымен қатар ұлттық уәждерді, ырғақты ұйымдастыру және ладоинтонациялық арақатынасты үйлестірудің де тәсілі болып табылады. Осыған орай, қазіргі қоғам жағдайында вокалдық-эстрадалық өнердің түрлі типтері қазақ мәдениеті мен социумында орталық орын ала отырып, өмірлік тәжірибені тіркеудің, сақтаудың және трансляциялаудың әмбебап көзі болды, немесе басқаша айтқанда, мәдениетті дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылады [36].

Сонымен, Қазақстанның қазіргі заманғы вокалдық-эстрадалық музыкасын бірнеше түрлі музыканттар жүзеге асырады:

1. Композитор және орындаушы (тәуелсіз, шығармашылық түрі), яғни поп-музыкант, әнші және композитор, өзінің өнерінде оған ілеспе танымал имиджді жүзеге асыратын, оның санатына Ренат Гайсин мен Едиль Хусаинов және т. б., кіреді.

2. Вокалдық-эстрадалық индустрияның динамикасын және жалпы орындаушылардың танымалдығын арттыру үшін жұмыс істейтін композиторлар (С. Бәйтереков, Қуат Шілдебаев және т.б.).

Осы ұсынылған музыканттардың түрлері қазіргі кезде кең таралған, дегенмен, дәстүрлі шығармашылықтың түрін жалғастыратын музыканттың екінші түрін маңызды деуге болады. Қандай да бір шығармашылық бағыттарына қарамастан, эстрадалық әншілердің концерттік қызметіндегі аса өзекті репертуарлық мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Вокалдық-эстрадалық жанр өнердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар орындаушылық формаларын да синтездейді, тиісінше, актерлік шеберліктің болуын да талап етеді. Кез келген өнер қандай да бір шартты шындықты тудыратыны белгілі, философиялық-дүниетанымдық тұрғыда, вокалдық эстраданың мәні осы шындықты жарқын және ерекше бояулармен қалпына келтіру, қол жетімді, қызықты және жеңіл ету болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы вокалдық композицияларға қатысты эстрадалық музыканың акустикалық абсолютінің өзі жанр қалыптастырушы фактор ретінде қарастырылады.

Осыған байланысты соның ішінде вокалдық-эстрадалық жанрды құруға қажет, ең маңызды компоненттерге жүгінеміз:

Композитор. Ғалым-музыкатанушы О. Ощепкованың пікірінше: «қазіргі заманғы бұқаралық музыкадағы композитор-мелодист, қазақ мәдениеті үшін дәстүрлі музыкалық ойлау типін, бір жолақты әуенді шығармашылыққа бағытталған тасымалдаушының ауызша-кәсіби түрімен жақсы үйлестіре алады» [38, 45 б].

Мәтіннің авторы (егер ол әнге болса), егер бір мезгілде әуеннің де мәтіннің авторы болып табылса ол өзі автор болып саналады.

Аранжировщик (бұқаралық музыка саласындағы бас мамандардың бірі), оның дарындылық дәрежесіне және музыкалық талғамына болашақ хиттің жетістігі барынша тәуелді);

Дыбыс режиссері / дыбыстық инженер / тонмейстер (хит орындаушылардың барлық жазбаларының сапасына жауап беретін техникалық маман).

Режиссер / шеберинг инженері (хит орындаушылардың барлық интонациялық тазалығын бақылайтын, ал қажет болған жағдайда түзететін маман.);

Имиджмейкер (хитті музыкалық нарыққа жылжыту тәсілін анықтайтын маман, сондай-ақ оны тұтынушыға берудің барлық құрамдас компоненттерін қамтамасыз етеді). Осы қызмет түрі әлі мамандық ретінде әлі қалыптаспағандықтан, имиджмейкер міндеттерін продюсер немесе орындаушының өзі (көбінесе белгілі шетелдік және ресейлік эстрадалық орындаушыларға еліктей отырып) жүзеге асырады.

Бұдан басқа, нарықтық экономика жағдайында қазіргі заманғы бұқаралық музыканың жұмыс істеуі мәдени индустрияда продюсер (немесе промоутер) деп аталатын қаржы инвесторы, басқарушы директордың пайда болуына себепші болды. Продюсердің фигурасы барлық вокалдық-эстрадалық орындау процесінде өте маңызды, өйткені ол дайын музыкалық өнімді барлық тізбектің бірінші сатысында «болжайды». Кез келген проекттің соңғы нәтижесі, яғни табысы осы продюсердің талғамына байланысты.

Бұл бөлімде вокалдық – эстрадалық өнер және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері талқыланды. «Дәстүр» және «дәстүрлі мәдениет» ұғымдарының мағыналары вокалдық эстрадаға қатысты ашып көрсетілді. Мұнда дәстүр ұғымы жалпылама түрде аталып өтті.

Дәстүрлі немесе ұлттық мәдениет ұғымдары Қазақстанның замануи мәдениетіне оның ішінде отандық вокалдық эстрадаға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен, Республика эстрадасының музыкалық өнері, біздің ойымызша, «қазіргі заманғы көркем мәдени кеңістікте позитивті бағыттармен, стильдік үрдістермен, отандық орындаушылардың өзіндік шеберлігімен ерекшеленетін көп қырлы, қарқынды дамып келе жатқан құбылыс болып табылады» [38, 191 б].

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.