|
|||
КҮШПЕН ҰСТАП ТҰРУДЫҢ САЛДАРЫКҮШПЕН ҰСТАП ТҰРУДЫҢ САЛДАРЫ 2013 жылы Ресейдің сыртқы саясаттағы тағы бір ірі жетістігі - қыркүйек айында Еуропа Одағымен тығыз әріптестік келісімін жоспарлап отырған Арменияны райынан қайтарды. Осыдан соң қараша айында Украина да Еуропа Одақпен тығыз интеграциядан бас тартты. Бірақ Украина әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Қазір Киев те, Брюссель де бұл келісімге 2014 жылдың көктемінде қол қойылуы мүмкін деп мәлімдеп отыр. Қалай болғанда да осы оқиға Ресейдің энергетика саясаты мен экономикалық қысымдарына төтеп берудің қиын екенін көрсетті. Наразылық шеруіне қатысушы Янукович пен Путин бейнеленген карикатураның қасынан өтіп барады. Киев, 12 желтоқсан 2013 жыл Украина үкіметінің шешіміне қарсы болып, шеруге шыққан жүздеген мың халыққа қарап Путиннің аталмыш елдің басшыларына қысым көрсеткенімен, халқының жүрегіне жол таба алмағанын байқауға болады. Галеотти «осы оқиға Ресейдің «қара күш» саясатының Батыстың «жұмсақ саясатымен» бәсекеге түсе алмайтынын көрсеткенін» айтады. - Әлдебір тарапты күшпен өзіне қаратқан соң, бір сәт босаңсытпай сол күйінде ұстап тұру керек болады. Ал Украинаны Еуропа Одағына (ЕО) тартып әкетіп бара жатқан күш қолдану саясаты емес. ЕО-мен жақындасудың экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдық артықшылықтары бар. Ал Ресейге «газ-мұнай күшін» үнемі босаңсытпай, ширықтырып ұстап тұру керек болады. Меніңше бұл қарудың болашағы жоқ, - дейді Галеотти. Ресейдің құлдырап бара жатқан экономикасы мен жалғыз президентке ғана тәуелді саяси жүйесі Путинді алаңдатпай қоймайды. - Ресейдің ішкі саясаты мен экономикасы реформаға мұқтаж. Себебі қазір Ресей экономикасының даму қарқыны 1,5 пайыз ғана. Мұндай экономикамен жылдам дамып бара жатқан Қытаймен бәсекеге түсе алмайсың. Нашар экономика қаптаған қиындықтарға төтеп беруге қабілетсіз. Ресейдің саяси жүйесі де тоқырап тұр. Қолға алып, дамытатын сала өте көп. Ресей үкіметі лайықты деңгейде жұмыс жасап жатқан жоқ, - дейді Цыганков.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі аясында ҚР Мәдениет министрлігі мен орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумына сәйкес «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты орыс диаспорасы жастары арасында қазақ тілін білгірлердің V республикалық байқауы өтеді. Байқау қазақ тілін білетін жастарды көтермелеп, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылады. Шараның негізгі ерекшелігі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруда Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нығаюы.
|
|||
|