|
|||
ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕСЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС Харьковта тұратын 25 жастағы журналист Сергей Балбеко жалған ақпараттан мезі болғандықтан, Fake Сontrol сайтын ашты: «Достарыммен бірігіп, осындай жобаны қолға алдық. Себебі біз баспасөз бен әлеуметтік желілерден, жаңалықтардан естіген жалған ақпараттарды байқадық» дейді ол. Fake Сontrol – «украиналық босқындар» туралы қауесеттің, «Киев ресейлік төлқұжаты бар адамдарды түрмеге қамамақ» деген деректің жалған екенін әшкерелеген сайт. Сайт «АҚШ-тың соғыс кемесі Қырымдағы шабуылдан соң Қара теңізге аттаныпты» деген ақпараттың да өтірік екенін анықтады. Украинадағы жағдайды мүлдем басқаша сипатта көрсету науқаны жүріп жатқанын сеземін. Украин журналисі Сергей Балбеко.
Блогер Фицтпатрик ресейлік БАҚ-тың Fake Сontrol мен StopFake.org сияқты сайттар тарапынан тегеурінді қарсылыққа ұшырағанын айтады. «Олар ойдан құрастырылған сыбыс таратады, бірақ азаматтық журналистер ондай сыбыстарды бірден көреді. Ресейлік БАҚ түсірген фильмдерде ресейлік автобустар, әскерлер жүреді. Мүмкін, олар шектен тыс көп жұмыс істеп, осындай қателіктер жіберетін шығар. Ал азаматтық журналистер оны байқап қояды» дейді блогер. МИНИСТР МЕН СОЛДАТТЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ СӨЗІ Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу наурыздың 5-і күні «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Қырымдағы ресейлік нөмірі бар әскери техниканың суретін «арандатушылық, өтірік» деп мәлімдеді. Ол Ресейдің ресми ұстанымын қайталап, «Мәскеу Қырымға қарулы әскердің қайдан келгенін білмейді» деді. Ал украиналық журналистер Ресей армиясына қызмет ететінін мойындаған солдаттың видео-сұхбатын жариялап, ол пікірді теріске шығарды: Журналист: Неге айырым белгісін тақпағансыз? Қай жақтан келдіңіз? Кейбір украиналықтар Ресейдің насихатына мысқылдай қарайды. Мысалы, орысша сөйлейтін әлдебір әйелдің кем дегенде бес ресейлік БАҚ-қа шығып, әрқайсында әртүрлі қаланың тұрғыны рөлін ойнағаны кекесінге арқау болды. Азаматтық журналистер Ресейдің "Украинадағы этникалық орыстарды қорғау" жайлы, "бандерашылардың қысымы" туралы риторикасын әжуалап, "Одессаны басып алған бандерашылар" жайлы юморлық видео түсірді.
|
|||
|