|
|||
Ресейлік БАҚ Украинадағы оқиғаны бұрмалайдыРесейлік БАҚ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды «Киевті фашистер басып алды. Украинадан Ресейге босқындар ағылды. Еврейлерге шабуыл жасалды. Православ шіркеулері зардап шекті». Ресейлік БАҚ Украинадағы жағдайдың өңін айналдырып, осылай сипаттайды.
Ресей парламентінің президент Владимир Путиннің Украина территориясында әскер пайдалану туралы ұсынысын талқылауын көріп отырған азаматтар. Ресей, 1 наурыз 2014. Ұқсас мақалалар
Мәтін көлемі Азаттық радиосы Жарияланған уақыты: 06.03.2014 Украинадағы жағдай туралы нақты дерек алу оңай емес. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мұны одан әрі күрделендіріп жіберді. Ресей армиясы Қырымда тұр, Мәскеу Украинадағы әскери әрекетін ары қарай жалғастырмақ. «ФАШИСТЕР МЕН АНТИСЕМИТТЕР» Ресейлік БАҚ пен танымал саясаткерлер Киевтегі «фашистер» мен «антисемиттік әрекеттер», «этникалық орыстарға жасалған шабуыл», «Украинадан ағылған босқындар» туралы хабарлап жатыр. Бұл ақпараттардың жалған екені анық. Бірақ осы жалған деректер ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесінде де, Батыс баспасөзінде де кездесіп қалады. Бұл оқиға 1997 жылы АҚШ-та түсірілген Wag the Dog ("Итке құйрығы қожа") фильмін еске түсіреді. Ол фильмде саяси технологтар басталмаған, болмаған соғысты жеделдету үшін БАҚ-ты пайдаланатын. Жазушы әрі аудармашы Кэтрин Фитцпатрик Interpretermag.com сайтында Украинадағы оқиғалар жайлы блог жүргізді. Ол: «Соғыстың қалай басталатынын осы жерден байқауға болады. «Соғыста ең алдымен шындық құрбандыққа шалынады» деген пікірдің қаншалықты рас екенін Ресей дәлелдеп отыр. Олар өз міндетіне мүлдем жауапсыз қарап, адамдар арасында жеккөрініш пен үрей Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл. тудырып жатыр. Харьков сияқты қалада адамдар ресейлік телеарналарды көреді. Олар жергілікті арналарды да қарауы мүмкін, бірақ ресейлік пікірге тәуелді және оның шын-өтірігін тексермейді» деп жазады. Фитцпатриктің айтуынша, Мәскеудің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин осы апта тек өтірік деректерге сүйеніп сөйлеген. «Чуркиннің «Федерациялық кеңестің күш қолдануға рұқсат етуінің себебі бар. Этникалық орыстар мен орыстілді тұрғындарды қатерден қорғау үшін осындай әрекетке бардық» дегені өтірік. Олар жалған мәліметтерді себеп ретінде көрсетіп отыр» деп жазды Фитцпатрик. БҰҰ-да сөйлеген Чуркин ресейлік БАҚ таратқан «Киев-Печера лавры монастыріне шабуыл жасалды» деген ақпаратты да айтқан. Бірақ монастырге шабуыл жасалмағаны анықталды. Фитцпатрик «Чуркин жалған дерекке сілтеме жасағанда есеңгіреп қалдым» дейді.
|
|||
|