|
|||
НАСИХАТТЫҢ МАҚСАТЫНАСИХАТТЫҢ МАҚСАТЫ «Kyiv Post» наурыздың 5-і күні «Ресейдің Қырымға шабуылын ақтап алу үшін Кремль құрастырған ең озық 10 аңыз бен өтірік» деген тізім жариялады. «Бірақ ресейлік БАҚ-тың мәлімдемесіне қарсы тұру үшін бұндай әрекеттер жеткіліксіз» дейді Фицпатрик. CNN тілшілері Вульф Блитцер мен Кристиан Аманпур оған қосылады. Аманпур эфирде «Украинадағы тәртіпсіздікке фашистер мен антисемиттер айыпты» деген Чуркиннің сөзінен мысал келтірген Блитцерді жазғырған. Ал ресейлік әлеуметтанушы, тәуелсіз «Левада» орталығының директоры Лев Гудков ресейлік насихаттың мақсатын былай түсіндірді: «Насихат жасаған кезде оқиғаның басқа балама нұсқасын мүлдем ысырып тастайды. Сол кезде ресми ақпаратқа сенбейтін немесе күмәнданатын адамдардың өзі басқа көзқарасты қабылдай алмайды. Насихаттың негізі осында жатыр».
Жеңімпаз Путин жылы» жалғаса ма? Жарияланған уақыты: 18.12.2013 Азаттық радиосы Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік қызмет академиясында сөйлеп тұр. Мәскеу, 5 желтоқсан 2013 жыл «Сирия дағдарысында» бас мәмілегерге айналып, «Сноуден ісін» Вашингтонның бетіне басып, «Форбс» журналында «әлемдегі ең ықпалды адам» атанған Ресей президенті 2013 жылы әлемдік БАҚ-ты жаулап алды. Биылғы қыркүйек айында өткен баспасөз конференциясында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия президенті химиялық қаруын тапсыратын болса, ол елге сырттан әскер кіргізілмейтіні туралы жұқалап болсын айтып қойған еді. Дәл сол күні Ресей президенті Владимир Путин Сириямен одақтастығын пайдаланып, дипломатия тізгінін іліп әкетті. Ол осы арқылы қырғын соғыстың алдын алып, Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа жол бермейтін болашақ келісімдерге жол ашқандай әсер қалдырды. Әлемдік баспасөз беттері «Путин Керридің қателігін сәтті пайдаланып кетті» деп жарыса жазды. Бір қарағанда Путин «соғысқұмар» АҚШ-тың жанында «бейбітшілік үшін күресіп жүрген тұлға» сияқты болып шыға келді. Путин Сирия дағдарысы кезінде ғана сыртқы саясаттың хас шебері сияқты көрінген жоқ. Бұдан бөлек, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агентінің (NSA) тыңшысы Эдуард Сноуденнің Ресейді паналауынан бастап, Армения мен Украинаның Еуропа Одағынан бас тартып, Мәскеуге қарай бет бұруы сияқты оқиғалар 2013 жылды Ресей президенті үшін сәтті жылға айналдырды.
|
|||
|