|
|||
ТІРІКТІ ӘШКЕРЕЛЕУӨТІРІКТІ ӘШКЕРЕЛЕУ Ресейлік БАҚ «жыл басынан бері Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасынан Ресейге қарай 650 мың украин өтті» деген ақпарат таратты. Бірақ босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары шекарадан ондай ауқымды миграцияны байқамағандарын айтты. Украиналық блогерлер Ресей баспасөзінің Украина мен Польша шекарасындағы Шегини асуынан өткен адамдардың суретін жариялағанын, бірақ суреттің нақты қай күні түсірілгенін көрсетпегенін анықтады. Ресейлік БАҚ болған оқиғалардың өзін өзгертіп, бұрмалап хабарлайды. Мысалы, ақпанның 27-28-і күндері белгісіз вандалдар Симферопольдегі синагоганы Симферопольдегі синагога есігіне белгісіз біреулер жазған жазулар. Украина, 28 ақпан 2014 жыл. бүлдіріп кеткен. Ресейлік басылымдар «мұны әсіреұлтшыл «Оңшыл сектор» жасады» деп сипаттады. «Оңшыл сектор» ұйымы бұл ақпаратты теріске шығарды, ал жергілікті еврейлер жетекшісі Александр Хендин «оны «Оңшыл сектор» емес, Қырымдағы жағдайды ушықтырғысы келгендер жасаған шығар» деп мәлімдеді. Украинаның бас раввині Яков Дов Блайх наурыз 4-і күні «украиналық еврейлерге негізгі қауіп ресейлік арандатушылардан келетінін» айтып, «Австрияға барған фашистер де осылай әрекет еткен» деді. TheDailyBeast.com сайтына Ресейдің «насихат машинасы» туралы жазған украиналық журналист Олег Шинкаренко «бұндай кампанияның екі мақсатты көздейтінін» айтты. Ол «Мақсат - украиндарға деген жеккөрініш тудырып, соғыс бастауға итермелеу және Чуркин БҰҰ-да айтқандай «агрессияны ақтап алу» дейді. Шинкаренко ресейлік тележурналист, «Россия сегодня» ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевті «Ресейдің ең өтірікші журналисі» деп атады. Украинаның журналистік этика бойынша комиссиясы Мәскеуге оның үстінен шағым түсірген.
|
|||
|