Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АРСЫЗ АЛЬЯНС». БӨЛІНУ ҚАУПІ



«АРСЫЗ АЛЬЯНС»

Британияда No2EU («ЕО-ға жол жоқ») деп аталатын әсіресолшыл альянс Киевтегі шерушілерді «консерватор, фашистік және реваншист топтардан

Шерушілер. Киев, 23 ақпан 2014 жыл.

құралған және бұрынғы нацистік коллаборационистер культін дәріптейтін арсыз альянс» деп сипаттады.

Ресейлік «Комсомольская правда» газетінің өткен аптадағы бас бетінде «Бандерашылдар Украинаны басып алған соң Ресейге көз тігеді» деген тақырып тұрды. Степан Бандера 20-ғасырдың басындағы украин ұлттық қозғалысының көсемі болған. Ал Ресейде «бандерашылдар» деген сөз украин ұлтшылдарын кемсіту үшін айтылады.

Ақпанның 7-сі күні Бішкектегі gezitter.org ақпараттық веб-сайтында шыққан мақала Януковичтің болашағын бұрынғы екі қырғыз президентінің тағдырына ұқсастырады. Ол мақала «Янукович және Бакиев пен Ақаев» деп аталады. Құрманбек Бакиев те, Асқар Ақаев та Қырғызстандағы үкіметке қарсы шерулерден соң биліктен қуылған еді.

БӨЛІНУ ҚАУПІ

Украинадағы дағдарыс үдеген сайын мемлекет бөлініп кете ме деген қауіп те арта бастады.

Қырымдағы аймақтық парламент басшысы Владимир Константинов ақпанның 20-сы күні жағдай бұдан әрі шиеленіссе, автономиялық республиканың Украинадан ажырап кетуі мүмкін екенін айтты. «Ел ыдыраса, осылай болады. Қалай дегенмен, ахуалдың жалпы райы соған бет алып барады» деді ол.

Financial Times ақпанның 20-сы күні Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігінің «этникалық орыстар мен Мәскеу әскери базасын қорғау мақсатында Қырым үшін соғысқа дайын» деген сөзін келтіреді. Аты-жөні құпия қызметкер бұған қоса «Егер Украина жіктелсе, бұл соғысқа ұласады. Украина ең алдымен Қырымнан айырылады. Себебі біз дәл Грузиядағыдай басып кіріп, оны қорғаймыз» дейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.