|
|||
Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз. Украина дағдарысы: себептері мен сабақтары
2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында Украинадағы саяси-әлеуметтік жағдай шиеленісіп кетті. Дағдарыс тереңдей түсіп, елде биліктің ауысуы орын алды. Бұрынғы Президент қуылды. Ел халқы бірнеше топқа бөлініп билік үшін, мемлекеттің жаңа саяси даму бағыты үшін өзара күреске түсті. Әлеуметтік және саяси себептері бар наразылықтар мен шерулер ел астанасы Киев қаласының Майдан Незалежности (тәуелсіздік алаңында) басталды. Бірнеше ай бойы алаңда жиналған ондаған мың халық билікке саяси талаптар қоюмен болды. Билік пен халық арасындағы теке-тірес 2-3 айдай уақыт қантөгіссіз болғанымен оқиғаның шырқау шегінде 2 жақ бір-біріне қару қолдануға барды. Билік шерушілерге қару жұмсады. Олар жауап қайтарды. 2014 жылдың 18 ақпанында президенттік «Бүркіт» арнаулы жасағы Майдан алаңын тазартуға бағытталған операция басталатындығын жария етті. Бейбіт халыққа қарсы оқ атылды. Халық алаңдағы жасалған баррикадаларында жан аямай қарсылық көрсетті. Майданшылар өртенгіш заттар лақтырды, тас, таяқпен соғысты. Нәтижесінде 25 адам қаза болып, мыңнан астам адам жарақат алды. Ахуал тіптен ушыға түсті. Көтерілісшілер бірнеше үкімет ғимараттарын басып алды. Украинаның аймақтарында Майдан үлгісімен шерулер, минтингілер мен көтерілістер басталып кетті. Билікті қорғаушы арнаулы отрядтармен қақтығыстар барысында қаза болғандар саны 80 адамнан асты. Полиция жағынан да қаза болғандар аз емес еді. Президент Виктор Янукович Ресейге қашуға мәжбүр болды. Билік Майдан шерушілерінің арасында болған оппозициялық партиялар өкілдерінің қолына көшті. Жарты жылға созылған билік пен халық арасындағы теке-тірес қантөгіспен ғана шектелген жоқ. Онсыз да дағдарысқа жақын тұрған ел экокнмикасын тұраматты, елдің финанс жағдайы тіптен нашарлап кетті. Украина мемлекеттік біртұтастығынан айырылып, ыдырап кету қаупі келді. Билік дағдарысы саяси-әлеуметтік, экономикалық-қаржылық дағдарыстарға ұласты. Халық жік-жікке бөлінді. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығыс аймақтары Ресеймен одақты қаласа, батыс аймақтары Евроодақпен одақтасуды қалады. Саяси даму болашағы туралы көзқарас теке-тірес себебіне айналды. 2013 жылдың қараша айында басталған толқуларға себеп Украина басшылығының Евроодақпен еркін сауда аймағына кіру туралы келіссөзден бас тартып Ресеймен одаққа кіру келіссөздерді бастауы болды. Әлеуметнамалық зерттеулер осы мәселеге қатысты Украина халқының көзқарастарының 2 жаққа бөлінгенін көрсетті. Ел халқының 47 пайызы ерушілерді жақтап Батыспен одақтасуды қаласа, 46 пайызы билікті қолдап Ресеймен одақтас болуды дұрыс санады /1/. Елдің болашағы жайында қоғамның екіге бөлінуі аса қауіпті симптом болды. «Европаның Украина үшін!» ұраны бүткіл елді қозғалысқа келтірді. Тіптен бір жанұя мүшелерінің көзқарастары екі лагердің пікілерімен бөлінді. Майданға шығушы шерушілер ел астанасы Киев пен Батыс аймақтарда үстемдік етсе, Ресейді жақтаушылар Шығыс аймақтарда басымдылық танытты. Украина халқының ел болашағын таңдауға екіге бөлініуінің терең дүниетанымдық және тілдік себептері бар. Украиндықтардың шығыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарындағы халқы орыс тілінде сөйлейді, орыс мәдениетін қабылдаған, орыстық дүниетанымдағылар. Бұлай болуы Кеңес Одағының бүткіл кеңес халықтарды орыстандыру саясатының салдары. Батыс өңірлердегі украиндықтар өздерінің ана тілін, ұлттық дәстүрі мен ділін сақтағандар. Бұл өңірлерге Киевтің маңындағы облыстар мен елдің батысындағы Житомир, Виница, Ровно, Луцса, Хмельницкий, Червонцы, Торнополь, Львов, Иваново-Франковск, Ужгорд облыстары кіреді. Шығыс өңірлерінде Кривоград, Чернилов, Сумы, Черкассы, Полтава, Харьков, Днепропетровск, Донецк, Луганск облыстары, ал Оңтүстік-Шығыс аймаққа Николаев, Херсон, Одесса, Запорожье, Симферополь, Крым автономиялық республикасы кіреді. Міне осындай екі аймақтағы бір халықтың тілдік, мәдени-рухани бөлінісі ұлттық бөлініске және теке-тіреске себеп болуда. Бір халықтың екіге бөлінуі мемлекеттің бөлшектеніп кетуінің алғы шарттарының біріне айналуда. Украина ұлтында ұлттық бірегейлену, бірлік пен топтасу тым нашар болды. Ұлттық идея негізінде ұлттық ұю әлсіз еді. Ортақ жалпыұлттық және жалпымемлекеттік құндылықтар төңірегінде топтаспаған халқының жартысы Батыс Европаға ерсе, жартысы Ресейге ерді. Осындай жағдайда Украина басым державалардың ойыншығына айналып кетті. Украинадағы халық көтерілісінің келесі үшінші себебі, елді жайлап алған кедейлік пен қайыршылық. Халық төзімі бітіп, наразылық шектен шықты. Украина 22 жылда бай мемлекеттерге қол жаюмен болды. Елдегі заңдар жұмыс істеген жоқ. Барлық мәселелер президент аппаратының араласуымен ғана шешілді. Экономиканың 55 пайызы заңсыз, көлеңкелі экономика болды /2/. Ашық және жасырын экономиканы олигархтар биледі. Басқарушы элита қарапайым халықтың материалдық және мәдени жағдайын жақсарту шараларын іске асырмады. Елді тамыр-таныстық пен коррупция жайлады. Халықаралық «Transpuncy International» ұйымының сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттердің рейтінгісінде Украина 144 орынды иемденіп, ең жемқор билігі бар елдер қатарына қосылған /3/. Жемқорлықпен бірге халықты қорлайтын әлеуметтік әділетсіздік, өтірік пен көзбояшылық келетіні белгілі. Украинадағы қатардағы кәсіпкерлер бизнестерні шетелге аусытыруды қолға алған. Соның салдарынан жұмыссыздар саны арта түскен. Ресми мәліметтердің өзінде 2013 жылы 500 ыңнан асатам адамның жұмыссыз жүргендігі айтылды /4/. Төртіншіден, Украинадағы билікке қарсы күрестің жалпыхалықтық сипат алуына ұйымдасқан оппозициялық билікке қарсы табанды күресі әсер етті. Перманентті шерулер мен митингілер 4 айдан астам уақыт толастаған жоқ. Украинаның Жоғарғы Радасында көп мандаты бар «Батькивщина» партиясының лидерлерінің бірі Арсений Яценюк «УДАР» партиясының лидері Виталий Кличко және «Свобода» партиясының лидері Олег Тягнибок ереуілшілдермен үнемі бірге болды. Майдан Незалежности ереуілшілері, өзара ықпалдасдықты, тәртіпті сақтады. Билікке қарсы табанды күрес жүргізу жолға қойылды. Майдандағылар тамақпен, жылы киіммен үздіксіз қамтамасыз етілді. Ереуілшілерге Киев және басқа қалалардың тұрғындары өте белсенді көмек көрсетумен болды. Ереуілшілер өздері басып алған әкімшілік ғимараттарын жылынуға, ереуілді басқаруға пайдаланды. Магазиндерді, пәтерлерді тонау, күйрету орын алған жоқ. Ереуілшілер саяси белсенділік пен табандылық үлгісін көрсетті. Бесіншіден, Украинаның ішкі саяси дағдарысын Евроодақ, АҚШ пен Ресей өз пайдалары үшін ұшықтыра түсті. Олар қарсылас екі лагерді біріктіру орнына отқа май құюмен болды. Майдандағыларға Батыс көмектің барлық түрін беруге уәде етті және көмектесіп жатты. Ал, Ресей болса ресми билікті қолдануды желеу етіп ереуілшілерді заңсыз төңкеріс жасаушылар деп айыптады. Украинадағы орыс диаспорасы мен орыстілді халықтық мүдделерін қорғау уәжімен Украинаның территориялық тұтастығына қол сұғуды көкседі. Ресей Қырым автономиялық республикасын өзіне қосу арқылы Қара теңіз бассеинінде толық қожа болуды армандады. Оның осы мақсаты Қырымда Ресейге қосылу мәселесіне қатыстыреферендумді жақтауынан анық көрінді. Бұл мәселеде ол Біріккен Ұлттар Ұйымының «халықтардың өзін-өзі билеу құқығын» желеу етті. Қырым халқы Ресейге қосылуды қаласа біз олардың таңдауын силауға міндеттіміз» деген пікірді Ресей Президенті Владимир Путин журналистермен пресс-конференциясында шегелеп айтты. Ал, АҚШ Президенті Барак Обама бастаған Батыс басшылары Украинаны жаңа билігінің пробатыстық саясатына барынша қолдау көрсетуге тырысты. АҚШ әкімшілігі Украинаға 1 млдр доллар көлемінде жәрдем беру туралы шешім қабылдап тастады. Ал, Ресей билігі Қырым автомономиялық респулбикасына 2 млрд.доллар көлемінде көмек береміз деп жариялады. Ресей осындай қадамдармен Украинадағы сепаративтік пиғылды жандандыра түспек. Алтыншыдан, Украинадағы жағдайдың ұшынып кетуіне түрлі құпия арандатушы күштердің ықпалы болғандығы ақиқат. Олар Батыстың, Ресейдің жасырын әрекет ететін ооргандары деп болжауда. Майдандағы ереуілшілер мен полицияға қарсы үшініші күштер оқ атқандығы ақиқта. Снайперлер халық пен полиция теке-тірес болып жатқанда шақта оларды қанға бояп, ондаған адамның өмірін қиған. Ал, ереуілшілерді жеке-жеке топтарға бөлінген, күшті дайындығы бар сайдың тасындай жауынгер-жігіттер бастап отырған. Олар әкімшілік ғимараттарын басып алуды, полициямен айқасуды басқарып жүрген. Осындай жауынгерлік, ұлтшыл топтар Шығыс пен Оңтүстік Шығыс облыстарға да келіп жаңа Укранина билігінің үстемдік құруына көмектесіп отырған. Ресей сарапшылары осындай белсенді жауынгерлік топ мүшелерін Батыстың өкілдері дайындап, қаржыландырып отыр деген мәліметтер таратуда. Әзірше, Украина оппозициясының негізгі соққы күші болып отырған жауынгерлік топтардың артында кімдер тұрғандығы туралы нақты ақпараттар жоқ. Олардың Майдандағы ереуілшілердің қозғаушы күші болғандығы ақиқат. Жауынгер топтардың өкілдеріне күн сайын 30 доллардан 100 долларға дейін ақы төлеген. Батыс БАҚ-тарына интервью беріп, күреске шақырғандар мың долларға дейін ақы алған деген деректер бар /5/. Жетіншіден, Украинадағы ереуілшілер ұрандары мен идеологиясы антиорыстық сипат алғаны белгілі. Украин халқының ұлтшыл патриоттарына елдегі орыс тілінің басымдылығының сақталуы, Шығыс өңірлердегі ашық проресейлік көңіл-күй тіптен ұнаған жоқ. Украин ұлтщылдары өз мемлекетінің келешегін шовинистік Ресей империясымен емес, дамып кеткен Евроодақпен байланыстырғысы келді. Ұлтшылдардың бұл ниетін ел халқының тең жарымы қолдады. Болашақ даму жолын таңдау азаматтық ткеке-тіреске, одан кейін саяси төңкеріске алып келді. Украина мемлекеті әлемдік геосаяси мүдделердің түйіскен нүктесіне айналды. Батыс Украинада өз ықпалын арттыру арқылы Ресейдің империялық саяси ықпалын шектеуді ойласа, Ресей Украинада өзінің Қара теңіз әскери флотының тағдырын, өзінің әскери қуатының әлсіремеуін көкседі. Қырым халқының басым көпшілігі орысша сөйлеп, орысша ойлайтын болғандықтан бұл аймақта Ресейді жақтаушы көңіл-күй басым екендігі белгілі. Осы саяси-психологиялық ахуалды пайдаланған Ресей аса маңызды портты қалалар Севастополді және Керчті өзіне толық қаратып алуды көксеуде. «Халық талабымен есептесеміз» деген ұранмен Қырым автономиялық рсепубликасының Ресейге қосып алуды Путин бастаған басшылықтың көксеуі де Украинадағы дағдарыстың тереңдей беруінің себептерінің бірі. Сегізіншіден, Қырым автономиялық рсепубликасының халқының көпшілігі орыстар мен орыс тілді украиндықтар. Сонымен қатар Қырым түбегінде Ресейдің бірнеше әскери горнизондары мен Қара теңіз әскери флоты шоғырланған. Бұл аймақта орыс әскерилерінің саны ондаған мың. Сонымен қатар орыс әскери офицерлерінің отбасылары да осында тұрады. Билікке қарсы Киевтегі теке-тірестен туған дағдарысы Қырымдағы Ресейге қосылу мәселесінің көтерілуі тіптен асқындырып жіберді. Украинаның территориялық тұтастығына қауіп төнді. Қырым автнонмиляқ республикасының парламенті 10 наурыз күні «ҚАР мемлекеттік тәуелсіздігі тары Декларация» қабылдап, 16 наурыз күні Украина құрамында қалу, немесе қалмау туралы және Ресей Федерация құрамына оның субъектісі ретінде кіру туралы референдум өткізуге шешім қабылдады. Оның алдында Ресейдің Федерация Кеңесі 1 наурыз күні Ресей президенті В.Путинге Украинада әскери күш көрсетуге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған болатын. Осындай саяси қадамдардың барлығы Украиндағы дағдарыстың ахуалды тереңдетіп жіберді. Украинаның жаңа премьер-министрі А.Яценюк өз елі сыртқы күштерге соққы беруге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл сөзді ол Евроодақ басшыларымен кездесулер өткізу барысында Брюссель қаласында айтты. Яғни, Батыс елдерінің көмегіне сенімді болғаннан кейін айта алды. Ресей мен Украина соғысу алдындағы жағдайға жетті. Қырым автономиялық республикасының үкіметі мен палраменті сепаратистік саясат ұстанып, Қырым түбегін Украинадан болып Ресейге қосуға бағытталған қадамдар жасады. Мұнда Қырым өкіментіне адал жаңа әскери құрамалар жасақталып олар Қырым халқына (Украина халқына емес) ант бере бастады. Қырымдағы 5500-ден астам бұрынғы Украина әскрелері жаңа Қырым үкіметіне ант беру рәсімінен өтті. Қырымда Украинаға қарсы қуатты армия жасақтала басталды. Әрине, оны үйрететін, қарумен, техникамен, тамақ, киіммен қамтамасыз ететін Ресей үкіменті екендігі белгілі. Ресейдің Украинаның территориялық біртұтастығына қол сұғып, ондағы сепаратистік пиғылды қолпаштауын әділетсіз, ұлыдержавалық, шовиистік пиғылын көрсетуі деп бағаламасқа лаж жоқ. Армисы өзінен 10-еседей әлсіз елге күш көрсету, түрлі жалған ұрандармен өзінің империялық пиғылын бүркемелеу нағыз басқыншыл, отарлаушы елге тән саясат екендігі ақиқат. Оның дәлелі Қырым түбегіндегі Украинаның әскери бөлімдерінің қоршауға алынуы, қаруларынан айырылуы. Осындай жағдайда Украина әскерлерінің біршама бөлігі Қырым үкіметі жағына шығуға мәжбүр болуда. Әрине, Қырым түбегі халқының 25 пайыздайы ғана өздерін украиндықтармыз деп есептейді. Сонымен бірге 13 пайыз халықты жергілікті Қырым татарлары құрайды. Демек, Украиналық бірегейленуді халық 3/1-ғана жақтайды. Бірақта Қырым түбегі ресми түрде Украинаның жері. Ресей мен Украина арачныдағы шекаралық келісім шарттарда бұл анық көрсетілген. Демек, Ресей өзі қол қойған екі ел арасындағы келісімдерді бұзуға дайындалуда. Сөз жоқ, украин ұлты тілдік және дүниетанымдық бөлшектенуге түскен. Ел халқының тең жарымына жуығы Ресеймен тығыз қатынаста болуды қалайды. Біршамасы тіптен Ресейге қосылуды жақтайды. Ресей деректерінде 143 мың украиндықтардың Ресейден баспана сұрауы, соңғы 2 айда 675 мың украин азаматтарының Россияның түрлі аймақтарына келгендігі айтылады /6/. Әсіресе, Қырым түбегіндегі халықтың басым көпшілігі орыстар мен орыс тілділер болғандықтын автономиялық рсепубликаның тәуелсіздігін жариялауға, Ресейге қосылуға деген құштарлығы күшті. Бірақ, ресейлік пиғылдағы украиндықтардың Украинаның территориялық біртұтастығының бұзылуының ауыр саяси және экономикалық салдары болатындығын түсінуі жеткіліксіз. Қырымнан айырылса Украина тыныш, қорқып жатпайды. Ол өз қарулы күштерін нығайтып, Батыс елдері көмегімен Ресей басқыншыларын Қырымнан қуып шығу үшін азаттық соғысына баратындығы болжануда. Әрине бұлай болуы теке-тірек оқиғаның ең қауіпті өрістеуінің сценариі болмақ. Орыс шовинизмі мен украина ұлтшылдығының теке-тірес соғысы болса екі бауырлас халықтар үлкен трагедияға ұшырайтыны ақиқат. Қазірдің өзінде орыс тілі басым облыстар орталықтары Донецк, Днепропетровск, Луганск, Николаев, Одесса, Харьков қалаларында украин ұлтшылдарына қарсы, антимайдан ұйымдары құрылуда. Орыстілділер Киев жіберген губернаторларды мойындамай, өз өкілдерін биліккеотырғызуға тырысуда. Көп жерлерде өзін-өзі қорғау топтары құрылып, қарулануда. Бұл топтар билік ғимараттарын, әскери объектілерді,блокпостыларды өз бақылауына алуда. Демек, Украинаның өз ішінде елдің тәуелсіздігін мойындамай, Ресейге қосылуды қалайтын қуатты, қарулы және ұйымдасқан әлеуметтік күштер пайда болуда. Бұл күш әрине Ресей Федерациясының жан-жақты көмегімен жарақтануда. Ресейдің саяси элитасы бірауыздан, халқы мен зиялы қауымының басым көпшілігі өз басшылығының Украинадағы орыстар мен орыс тілді халықтың мүддесін жақтауын, Қырым жерін Ресей құрамына алу туралы шараларын қызу қолдауда. Донецк облысында да халықтың Ресейге қосылу ниеті бар. Мұндай пиғыл Украинаның орыс тілінде басым сөйлейтін Шығыс, Оңтүстік Шығыс облыстарының аралығында бар. Мысалы, Шығыста халықтың 86,8 пайызы, оңтүстікте 82,3 пайызы орыс тілінде сөйлесе, украин тілінде тиесінше 9,6 пайызы, және 12,4 пайызы сөйлейді. Ал суржик (украин, орыс тілімен аралас диалектіде) тілінде 3,7 және 5,2 пайыз халық сөйлеген. Батыс және Орталық облыстарда украин тілі тиесінше 94,4 пайыз және 61,2 пайыз болған. Орталық-Шығыс аймақтарда орыс тілі 46,4 пайыз, украин тілі 31,9 пайыз, суржик 21,7 пайыз болған /7/. Мәлеметтерді салыстырсақ Украин халқының 45 пайызы украин тілінде, 45 пайызы орыс тілінде, 10 пайызы аралас супжик тілінде сөйлеген. Демек, ел халқының ортақ тілдік топтасуы, өзара толықтай рухани араласуы болмаған. Орыс тілді халықтың Украинадан бөлінуге құлшынысының экономикалық, материалдық себептері де бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін Украина халқының материалдық әл-ауқаты жақсарып кеткен жоқ. Украинаның Батыс, Орталық облыстарының Евроодаққа косылу ниеті де осыған байланысты. Европамен тығыз қатынастар орнату ел халқының әлеуметтік жағдайын жылдам жақсартуға мүмкіндік береді деген ниет күшті болды. Өндірістің көптеген заманауи салалары Кеңес Одағы кезінде қалыптасса да Украина өз мүмкуіндіктерні дұрыс пайдаланып, жылдам дамып кете алған жоқ. Мысалы, 1993 жылы Қазақстан 29 млрд. АҚШ доллары көлемінде жиынтық ішкі өнім өндірсе, Украина 69 млдр. доллар өнім өндірді. Ал 2012 жылы Қазақстан 203 млрд. доллар көлемінде ЖІӨ өндірсе, Украина 175 млрд. долларға өндірді /8/. Қазақстан халқының саны Украинадан 3 есе аз. Салыстырмалы түрде украиндықтардың орташа әл-ауқаты, қазақстандықтардан 4 есеге жуық нашар болды. Демек, Украина басшылары дұрыс, ғылыми негізделген экономикалық саясат ұстанбады. Көп жағдайда саясат экономиканың алдына шықты. Бай,олигархтар тобының ішінде биліктегі басшылар мен олардың туыстары көп болды. Қарапайым халық шықты жаным шықта жағдайында, кедейлікте өмір кешті.Осындай жағдайда жалпыукраиндық, ұйытушы құндылықтар әлсіреді. Халық пен қоғам екіге жарылды. Қазақстан қоғамын Украинадағы ахуал ерекше алаңдатады. Украина елімізге дос, ынтымақтас, әріптес мемлекет. Қазақстанда үш жүз мыңға тарта адамы бар украин диаспорасы өмір сүруде. Ресейдің бауырдас мемлекеттің ішкі ісіне араласуы, оның территориялық тұтастығына қол сұғып, басқыншылық саясаты Қазақстан халқының наразылығын тудырды. Қырым түбегіндегі орыстар мен орыс тілді украиндықтарды Ресейге қосылу туралы референдум жасауға мұрындық болуы барлық халықаралық нормаларды бұзушылық болып табылады. 17 наурыз күні Қырымда референдум өтіп рәсейшіл күштер жеңісін тойлады. Рәсей БАҚ-ның деректері бойынша сайлауға 2 миллион қырымдықтардың 82 пайызы қатысып олардың 96 пайызы Украинада бөлініп Рәсейге қосылуды жақтаған. Қырым тәуелсіздігін тек Рәсей ғана мойындап отыр. Украинаның жаңа басшылығы қайтсекте Қырымды қайтарып аламыз деп жариялауда. Путин Қырым халқының тәуелсіздігін бүкіл Рәсей халықтары қуаттайды деді. Екі ел арасындағы қайшылық ұзаққа созылатын мемлекет аралық және халықаралық қайшылыққа айналды. Бұл қайшылық шешімі қиын, ұзаққа созылатын қайшылық болатын түрі бар. Украинаның АҚШ бастаған Батыс альянсы мен Ресейдің арасында геосаяси ойындардың құрбаны болуы Қазақстан халқында үлкен алаңдаушылық тудырады. Себебі Қазақстанның солтүстік аймақтарында осындай сценарийдің қайталануы әбден ықтимал. Қазірдің өзінде Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан Ресейдің жекелеген губернияларына айналуы керек деген ұсынысты айтып жүрген Жириновский, Лимонов сияқты шовинистер жеткілікті. Кеңес Одағы сияқты алып державаға айналуды армандайтын орыстың басқарушы элитасының өкілдері жеткілікті. Тіптен Ресей президенті Владимир Путиннің өзі өз елін алып державаға айналдырсам деген көкейкесті арманы туралы әлденеше рет айтқан болатын. Путинді қолдайтын шовинистік пиғылдағы Ресей азаматтары «Қырым орыстың жері» деп ұрандатуда. Ертең олар «Солтүстік Қазақстан Ресейдің жері» деп ұрандатуы әбден мүмкін. Осындай геосаяси қауіптерді ескере отыра Қазақстан билігі солтүстік және шығыс өңірлерде қауіпсіздікті нығайтудың жүйелі шараларын іске асыруы керек: 1. Тоқтап қалған «Нұрлы көш» бағдарламасын жандандырып солтүстік және шығыс аймақтарды оралман қазақтармен толықтыруды жолға қою. 5 жылда 1,5 – 2 миллион қандастарды қабылдауға мүмкіндік бар. 2. Солтүстік өңірлердегі ірі ауыл мекендерде Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімдерінің дислокациялануын көбейте беру. Бұл іс аса көп шығынды қажет етпейді. Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстандағы әскери бөлімдер Солтүстікке, Шығысқа қарай жылжуы пайдалы. 3. Қазақ тілінің, тарихының, ділі мен мәдениетінің ұютушылық, ұлтты біріктірушілік қуатын күшейту. Ұлттық идеологияның пәрменділігін арттыру арқылы, ұлттық бірегейленуді және жалпықазақстандық бірегейленуді күшейте берудің тағдырлық маңызы зор. Тілдік, мәдени-дүниетанымдық бөлінуге түскен халықтың ірі державалардың оңай олжасы болатындығын Украина дағдарысы тағы да дәлелдеп берді. Өкінішке орай, қазақ ұлтын біріктірмей отырған тілдік бөліну, рушылдық сана, ұйымдасқан жемқорлық, рәсейшілдік және батысшылдық құбылыстары жетіп артылады. Қазақ халқының ұлттық құныдылықтары төңірегінде топтаспаса қазақстан халқа да ірі державалардың геосаяси теке-тірестерінің құрабаны болуы қаупі күшті. Қазақ елі болып, қазақ рухымен топтассақ ешқандай жау ала алмайды. Ал, жартымыз орысша сөйлеп, орыс рухын әспеттесек қазақ халқы бөлінеді, Қазақстан қайтадан бодандық қамытын киеді. Украина Батыс пен Рәсейдің өзара бәсекелестік алаңына айналды. АҚШ пен Германия бастаған елдер Рәсейдің ұлы державалық пиғылынан қорқа бастады. Батыс мақсаты – Рәсейдің геостратегиялық қуатының күшеюіне шек қою. Сирияда Рәсей Батыстан ұтылған жоқ. Енді Рәсейді мұқату үшін Украинаның бөлінуіне жол бермеу керек деп есептейді Батыс сарапшылары. АҚШ Конгрессі Барак Обамадан Рәсей басшылығы мен қатал сөйлесуді талап етуде. Украинаның өз тұтастығынан айырылуы жағдайды тіпті ұшықтырып жіберді. Алайда, Украина жері үшін Батыс пен Рәсей арасында үлкен соғыс бола қоймас. Сонымен бірге Украина дағдарысы ұзаққа созылатын сипат алуда. Бауырлас екі ел арасында соғыстық жағдай қалыптасты. Бұл дағдарыстан аяусыз жапа шегетін қарапайым 45 миллиондық Украина халқы болмақ. Рәсей мен Батыс бәсекелестігі, геосаяси ойындары Украина экономикасын тұралатып әлеуметтік катастрофаға бастауы ықтимал.
|
|||
|