|
|||
Бағдарлама мақсатыБағдарлама мақсаты Бағдарламаның негiзгi мақсаты – бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлетiн сауықтыру және неғұрлым көп жұмыс орнын сақтап қалу. Бағдарламаны жүзеге асыруда кәсiпкерлiк саланы сауықтыруға қолдау көрсету негiзгi үш тараптан жасалады: 1. кредиторлар жәрдемi 2. кәсiпорын иелерi тарапынан қолдау 3. мемлекеттiк қолдау. Мемлекеттiң қатысуындағы заңды тұлғалар, ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сол сияқты шетелдердiң қатысуындағы заңды тұлғалар бағдарламаға қатысушы бола алмайды. Аталған критерийлер бойынша iрiктеуден өткен кәсiпорындар кәсiпорынның сауықтыру жоспарын әзiрлеу үшiн кредиторлар комитетi таңдаған консультанттарды жалдайды. Үкiмет тарапынан консультанттар қызметi құнының 50 пайыз мөлшерiн қоса қаржыландыру жүзеге асырылады. Бiрақ ол бiр қатысушыға 35 миллион теңгеден аспауы тиiс. Бизнес ахуалды жақсарту Экономиканың шикiзаттық емес секторына (өнеркәсiп, ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу, қызметтер) отандық және шетелдiк инвестициялар кемiнде 30 пайызға артады. IЖӨ-ге тiкелей шетелдiк инвестициялардың үлесi он пайыздық пунктке ұлғаяды. IЖӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 7-10 пайызға артады. Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары Дағдарыстан кейiнгi кәсiпорынды сауықтыру және қайта қалпына келтiру үш саты бойынша жүзеге асады: Бiрiншi және екiншi саты – 2011 жылға жүктелiп отыр. Бiрiншi сатыда алдын ала iрiктеу жүргiзiледi. Екiншi сатыда сауықтыру жоспары қаралады және бағдарламаға қатысушылар iрiктеледi. Үшiншi саты 2011 және 2016 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Үшiншi сатыда бағдарлама iске қосылып, өз жұмысына кiрiседi. Республикалық бюджет 2016 жылға дейiн қаржыландыру көзiне айналады. Бiрақ бағдарламаға қатысушылардың барлығы кiрiстiрiлуi тиiс және сауықтыру жоспары кем дегенде 5 жылда аяқталуы шарт. Барлық шығын 145,404 миллиард теңгенi құрауы мүмкiн. Бағдарламаға қатысушы бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру – негiзгi мiндет. Индикаторлардың 2016 жылға дейiнгi сандық көрсеткiштерi кейiннен Бағдарламаға толықтырулар енгiзе отырып, Бағдарламаның екiншi кезеңiн iске асыру нәтижелерi бойынша анықталатын болады.
|
|||
|