|
|||
Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайдыУкраинадағы оқиғаны әртүрлі атайды Лауазымды тұлғалар мен БАҚ Украинадағы толқуды сипаттау үшін «төңкеріс», «террористер бүлігі», «фашистер көтерілісі», «азаматтық соғыс» деген сияқты әсірелеуге толы атауларды да қолданады.
Киевтегі қарсылық акциясы. 19 ақпан 2014 жыл. Ұқсас мақалалар
Мәтін көлемі Азаттық радиосы Жарияланған уақыты: 24.02.2014 Украина тарихындағы ең қанды аптада болған оқиғаны сипаттау кезінде елдегі басты тұлғалардан бастап Еуропа Одағы (ЕО) мен Ресейдің ең ықпалды саясаткерлеріне дейін әртүрлі сипаттама айтты. «АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС» Парламент тұтқындалған шерушілерді амнистиялау жайын талқыға салғанда тәуелсіз Украинаның алғашқы президенті Леонид Кравчук осы терминді пайдаланған еді. Қаңтардың басында ол заң шығарушыларды сақтандырып, «елді азаматтық соғыс елесі кезіп жүргенін» айтқан. Бұдан кейін Киевтегі ақпанның 16-сы күнгі қанды қақтығыстан кейін, оппозиция басшысы Виталий Кличко «күш қолдану сценарийіне» қарсы ескерту жасады. Ол жергілікті арнаға берген сұхбатында «азаматтық соғыс мүмкіндігін жоққа шығармайтынын» айтты. Чехияның ішкі істер министрі Милан Хованец 19 ақпан күні үкімет отырысынан шыға салып, журналистерге Украинада «азамат соғыстың басталғанын» мәлімдеген. Польша премьер-министрі Дональд Туск те сол күні ел парламентіне «Біз азаматтық соғыстың алғашқы сағаттарына куә болып отыруымыз мүмкін» деді. Ол телеарнадан «Украинаның шығысы мен батысының арасындағы шиеленіс пен бүліншілік кез келген сәтте ешкімнің басқаруға мұршасы келмейтін ұрысқа айналып кетуі мүмкін» деді.
|
|||
|