|
|||
азіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары. Еуроодақтағы қаржы-экономикалық дағдарыс он жылға созылуы мүмкін 13 ақпан 2014, 19:33 Еуроодақтағы мемлекеттік қарыз бен бюджет дефицитін қысқарту мақсатындағы қатал үнемдеу шаралары еуропалықтардың 17 пайызының кедейлік жағдайға келуіне себеп болды. Статистика мәліметі бойынша, былтыр 125 миллион адам, яғни, Еуроодақ халқының 4/1 кедейліктің шегінде болыпты. Болгария халқының жартысына әлеуметтік оқшаулану мен кедейлену қаупі төніп тұр. Дәл осындай жағдай Румыния, Латвия мен Литвада, тізімнің соңындағы Польшада болуы әбден мүмкін. Кедейлікпен күрес әзірге Голландия, Чехия, Финляндия, Швеция мен Люксембургтің қолынан ғана келіп тұр. Сарапшылардың пікірінше, Еуроодақтағы қаржы-экономикалық дағдарыс он жылға созылуы мүмкін. Жақын күндері бельгиялық сарапшылар жағаны ұстатар мәлімет таратты. Еуропаның әкімшілік орталығы Брюссельдегі кедейлікке тап болуы мүмкін азаматтардың қатары 34 пайызға жетіпті. Бұл Еуроодақ елдері астаналарының ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. 25-ке толмаған еуропалықтардың басым көпшілігі жұмыс таба алмай жүр. Жұмыс істейтін он отбасының біреуі кедейлік шегінде. Тегін тамақ тарататын бекеттерге келетін адамдардың қатары көбейген. Әлемдік дағдарыстың бір салдары, жұмыс орнын жоғалту және күнкөріс көзінен айрылу. Брюссельдің орталық вокзалы жанындағы мынау жер асты жолына күніне 200-ге тарта адам еріктілер компаниясынан ыстық тамақ ішуге келеді. Олар негізінен жұмысынан айрылған немесе баспанасы жоқ адамдар. Майкл Монтерен, Еріктілер тобының жетекшісі: - Біз жағдайы нашар адамдарға үш жылдан бері осындай көмек көрсетеміз. Адамдар мұнда тек тамақ ішу үшін емес, адами жылу да іздеп келеді. Бұл шара қарашаның соңында басталып, сәуірдің соңына дейін жалғасады. Қаржыны қолы ашық азаматтар береді. Тамақ ішуге келгендер де аздаған ақша тастап кетеді. Джером Лютернер, Ерікті: - Мен мұнда сирек келемін, жылына бірнеше рет қана. Сол дағдарыстан қиналған адамдарға қолдау көрсету үшін. Тегін жұмыс істеймін, өзімнің ынтымақтастығымды білдіру үшін. Негізінен 30 бен 40 жас арасындағы ер адамдар келеді. Жеке басты әйелдер де бар. Олар рухани қолдауды қажетсінеді. Ыстық тамақты мамандандырылған компания дайындап береді. Тәттілерді ерікті әйелдер үйлерінен алып келеді.
|
|||
|