|
|||
Дағдарыстан кейiнгi кәсiпорындарды сауықтыру және қалпына келтiруЛюк Букэт, Ерікті: - Кейбіреулер үшін бұл күнделікті осындай өмір. Баспанасыздар да келеді. Ең өкініштісі, үйдегі балалары үшін тамақ алуға келетіндер де бар. Олар сол жабылып қалған мекеменің қызметкерлері немесе жұмыстан қысқарып қалғандар. Оларға жәрдемақы жетпейді. Тегін тамақ ішуге келгендердің ішінен өз өмірі туралы айтып бергісі келгендерді таба алмадық. Әңгіме барысында түсінгеніміз, барлығының тағдыры шамалас. Көбі кеше жұмыс істеп, ақша тапқан, ал, бүгін қиын жағдайға тап болғандар. Дағдарыстан кейiнгi кәсiпорындарды сауықтыру және қалпына келтiру Әлемдiк экономикадағы қаржылық дағдарыс салдары бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың елеулi бөлiгiнiң болашағына балта шапты десек қателеспеймiз. Бүкiләлемдiк дағдарыстан кейiн кәсiпорындар облигациялық қарыздары мен несиенi өтеу және беру бойынша бiршама iркiлiске ұшырады. Ол өз кезегiнде кредиторлар қызметi мен салықтық мiндеттердi өтеуде айтарлықтай кесiрiн тигiзiп отыр. Негiзiнен банк активтерiнiң төмендеуi нақты өнiм көлемiнiң артып, шығынның көбеюiне әкеледi, сондай-ақ капиталға қысым артып, нәтижесiнде экономиканың нақты салаларын қаржыландыру iркiлетiнi мәлiм. Мұның өзi экономикалық өсiмнiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Әлемдiк тәжiрибеге жат емес бұл құбылыстар әр мемлекетте қылаң берiп келедi. Жергiлiктi билiк экономикалық өсiмдi бәсеңдетiп алмас үшiн түрлi шараларға барып, түрлi елдерде мемлекеттiк бағдарламалар жеделдете қабылдануда. Осындай тоқыраулардың алдын алу мақсатында "Нұр Отан" ХДП-ның ХIII съезiнде қаржы саласындағы негiзгi проблемалар кеңiнен талқыланды. Съезде қаржы саласында топтасқан түйткiлдердi жедел, әрi оң шешу ҚР Үкiметi мен Ұлттық банкке және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу агенттiгiне тапсырылды. Бiрақ бұл жолғы бағдарлама бүтiндей бiр онжылдықты қамтымайды, керiсiнше 5 жылдың iшiнде нәтижесiн көрсететiн болады. ҚР Үкiметi мәжiлiсiнде Қаржы министрi Болат Жәмiшев: "2011 жылдан 2016 жылға дейiнгi республикалық бюджет бағдарламаның (кәсiпорындарды дағдарыстан кейiнгi қалпына келтiру) қаржыландыру көзi болады. Бiз 2011 жылға 8,8 млрд. теңге қажет деп жоспарлап отырмыз", – деп хабарлады. Экономиканы ауқымды жаңғырту мен қоғамды жаңартуға қатысу елiмiз үшiн үлкен саяси сынақ болғалы тұр. Бұл мiндеттi шешуге екi қырынан келу қажет. Бiрiншiден, бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарға сауығуға қол ұшын беру керек. Жаңа бағдарламада қарызы 4,5 миллиард теңгеден асатын кәсiпорындарға мемлекеттiк қолдау қарастырылуы көзделген. Бүгiнде қарызы осы сомадан төмен кәсiпорындар үшiн "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасында кәсiпорындарды сауықтырудың басқа да тетiктерi қарастырылып отыр. Десе де, бағдарламаға елдегi кәсiпорындар жаппай қатысады деу қате, тек 30-50-ге жуық нысан сауықтыруға тапсырыс бере алады. Ал бағдарламаның нәтижесi 2016 жылы бақыланады. Бағдарламаға қатысушы кәсiпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемiнде 70 пайызын сақтау басты назарға алынуда. Ал екiншi саты – қаржылық жүйенi сауықтыру. Дағдарыс тұсында банктердiң кредиттiк портфелiнiң нашарлағаны белгiлi. Сондықтан да Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындауға ықпал етуге және IЖӨ өсiмi кем дегенде 30 пайызды құрауға тиiс. Сонымен қаржылық жүйенi қайта қалпына келтiру үшiн қолға алынған жұмыстардың бiрi – несиелiк портфелдi пайдалану. Қаржы жүйесiн сауықтыру үшiн кредиттiк портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ететiн ең үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес меншiктi капиталдың жеткiлiктi болуы жөнiндегi талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешенi қабылданатын болады. Яғни кәсiпорындардың капиталының жеткiлiктi болуы үшiн әлемдiк тәжiрибе қолданылып отыр, ол өз кезегiнде Қазақстан экономикасын несие арқылы қаржыландырудың өсуiне жетелейдi. Мемлекет тарапынан қолға алынған қайта қалпына келтiру және сауықтыру бағдарламасы – уақытша iске асырылатын шара. Мәселен кәсiпорындар өсу стратегиясына жеткенге дейiн Үкiметтен көмек алу құқығына ие. Сондықтан да аталмыш бағдарламаға қатысу шектелiп, 2011 жылы тапсырыстар қабылдануы тиiс. Бұл бағдарламаға қатысып, төлем қабiлетiн қалпына келтiрген кәсiпорындар "Өнiмдiлiк – 2020" бағдарламасына және 2010-2014 жылдарға белгiленген Үдемелi индустриалық-инновациялық бағдарламаға қатыса алады. Өнiмдiлiгi ақсап тұрған кәсiпорындар үшiн бұл бағдарлама таптырмас мүмкiндiк. Сол себептi де iрi және орта кәсiпкерлiктiң субъектiлерi бағдарламаға өз еркiмен қатыса алады. Десе де мемлекеттiк жәрдемге тек белгiленген мерзiмде бiр нәтижеге қол жеткiзетiн кәсiпорындар ғана ие болады. Бiр айта кететiн жайт, ҚР 2006 жылы қабылданған "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңына сәйкес бағдарламаға кен өндiрiсi мен алкоголь және темекi өндiретiн кәсiпорындар ұсыныс бере алмайды. Қаржылық ұйымдармен қаржыландыру туралы келiсiм 4 миллиард 500 миллион теңге шамасында қабылдануы тиiс.
|
|||
|