Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
Елдің барлық аймақтарында жүргізілген прокурорлық тексерулер барысында, шет елдік азаматтардың миграциялық заң талаптарын бұзу фактілеріне жол бергендігі анықталып отыр, дейді прокуратура өкілдері. Бас прокуратураның әлеуметтік қадағалау жөніндегі прокуроры Талғат Әлібаевтің айтуынша, бұл салада лаңкестікпен күрес шаралары төңірегінде тексеру жұмыстары күшейтілген:
- Шараларымыз күшейтіліп жатыр. Күн сайын біз олардың осы мемлекетте заңды түрде болуын, бәрін тексеріп, қандай заң бузушылық фактілері болса, біз бірден шара қолданамыз.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы қазан айының 11 күні терроршыл топ қолға түсті деп мәлімдеген болатын. Топ мүшелері дінге шексіз берілген адамдарға құран сүрелерін бұрмалап, лаңкестікке уағыздаған деп хабарланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Божко Қазақстанда адамдар діни көзқарастары үшін қудаланбайды. Бірақ, көптеген адамдар діннің негізін анық түсінбейді. Рухани басшылардың барлығы бірдей дінге сенушілерге әрдайым оның нақты негізін жеткізіп айта бермейді, деген болатын. Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, бүгінгі прокуратура жариялаған шаралармен комитет таратқан мәліметте ұқсастық бар:
- Президенттік сайлаудың алдында сөзсіз, барлық атқарушы органдар соның ішінде мына прокуратура, қорғау органдары тапсырма алған болу керек. Яғни, осы сайлаудың алдында осындай лаңкестікке, экстремизмге байланысты ұрандардың желеуімен темірдей тәртіп орнату керек деп. Бұл жерде билік халықтың жағдайын емес, өзінің тыныштығын ойлап отыр.
Желтоқсанның 3 Бас прокуратура шет елдік азаматтарды тіркеу ережесінің бұзылуы фактілері анықталды, деген мәлімет таратты. Мысалы, Орталық Азия елдерінің Астана базарларында сауда жасап жүрген кейбір азаматтары тіркелу мерзімін ұзартуды делдалдар арқылы, 1 немесе 3 мың теңгеге жүзеге асырып келгендігін анықтаған. Оның сыртында, Бас прокуратураның әлеуметтік саланы қадағалау жөніндегі прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша, Қазақстанның кейбір облыстарында шет елден келген діни ағымдарды уағыздаушылар анықтала бастаған:
- Соңғы кезде, лаңкестік әрекеттер Орта Азияның ұлттық қауіпсіздігіне өз әсерін тигізіп отырған соң, біз елдің діни ағартушыларының әрекетін тексердік. Қызылорда қаласындағы бес Оңтүстік Корея азаматы діни әдебиет құралдарын таратқан болатын. Олар Қазақстанда туристік визамен келіп жүрген.
Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, қазақстандықтарға таратылып жатқан діни әдебиеттер анықталған соң, шет елдік уағыздаушылар елдеріне қайтарлды. Қазір, Қазақстанға Польшадан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген діни ағартушылар бар дейді прокуратура өкілдері. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, мұның өзі күмәнді жайт:
- Биліктің ұстап отырған идеологиясы тұрақтылықты күшейту деген идеологияға келеді әрине, бірақ биліктің өзі ғана осы тақырыпты көтере берсе, ешқандай дәлелсіз бұл әрине үлкен күмән туғызады.
Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, дәл осындай жағдай Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында бұған дейін де болған. Ол кезде, оппозияда жүрген азаматтарға қысым жасалды, дейді ол. Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, ұлттық қауіпсіздік шараларының қатаң қолға алынуы уақытша құбылыс:
- Дәл осындай миграция, лаңкестік, экстремизмге қарсы жасалып жатқан әрекеттердің ар жағында біздің ойымызша, үлкен саяси элементтер жатыр. Қарап отырыңыз сайлау өткеннен кейін олар осы әңгіменің бәрін ұмытып кетеді.
Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, қазір Қазақстанда ұлт деген ұғымды жоққа шығаратын діни ағымдар біртіндеп көбейіп келеді, сондықтан діни топтармен абай болған абзал, дейді саясаттанушы:
- Қазақтардың арасында әсіресе, ұлтты жоққа шығаратын исламдық көзқарастар ақырындап билеп келе жатыр. Мүмкін олар көбейген сайын, біздің билік оларды қысып, болашақта үлкен сондай лаңкестік пиғылдарға немесе әрекеттерге әкелуі мүмкін.
Бас прокуратураның тексерістері нәтижесінде, шет елдерден іскерлік байланыс немесе жұмысқа тұру үшін келіп, заңды тұлға ретінде жеке кәсіп ашып алғандар да анықталған.
| | | Босқындар проблемасы — ұлттық қауіпсіздік мәселесі
| | 09 Eylül 2010, Perşembe / ЕРМЕК САХАРИЕВ,
| | | | | | | | |
|
| | |
| |
| | |
| | | Қалай десек те, ел ішіндегі қазіргі жағдайға алаңдаушылық көңіл-күймен қарауға толық негіз бар. Өйткені, соңғы кездері төрткүл əлемге ел ішіндегі саяси тұрақтылығының бекемдігімен аты шыққан мамыражай Қазақстан территориясына əр түрлі желеулерді алға тартумен келіп жатқан келімсектердің саны күннен-күнге арта түсуде. Содан да болар, ел билігі босқындар туралы заң қабылдауға мəжбүр болып, ол заң 2010 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап күшіне енген еді. Мұндай заң жобасын қабылдаудың қажеттілігі баяғыдан бері толғағы жеткен маңызды мəселе-тін.
|
| Себебі, 2006 жылдары Қа-зақстанда жұмыс істеген БҰҰ өкілдері Астананы босқындар жайлы нақты заң жо-басының жоқтығы үшін қатты сынап, ағаш атқа мінгізумен болған-ды. Қазіргідей әлемнің әр түкпіріндегі қарулы қақтығыстар санының арта түсуі жағдайында аталған мәселені реттеудің барған сайын қиындап, оның күрмеулі түйінін шешу одан әрмен ширыға түсері анық. Бизнес-көсем мәртебесін беретін аталмыш заңды қабылдау биліктің аймақтағы жауапкершілігін де арттыра түседі. Басы бәлеге тап болған көрші елдердің азаматтары “қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған” Қазақстан территориясына өтіп кетіп, сонда бас сауғалауға тырысады.
Елдің миграция полициясының дерегіне қарағанда, соңғы үш-төрт айдың көлемінде қазақ жеріне өтіп кеткен осындай “босқындардың” саны 440 адамға жетіпті. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана, ал, тіркелмегендерінің саны бұдан он еселеп артатынын ескерсек, қазақ жеріне келіп паналаушылардың саны миллиондаған адамға жетері күмәнсіз. “Тұрақтылық аралы” саналатын Қазақстан жерінде бас сауғалауға ниеттілер қатарында саяси тұрақтылығы аумалы-төкпелі Ауғанстан мен экономикасы әлсіз Тәжікстан, сондай-ақ, лаңкестік әрекеттерден күнде жүздеген адам мерт болып жатқан Пәкстан ға-на емес, өзімізге қоңсы қонған Орталық Азия өңірінде тұратын көрші елдердің азаматтары да бар.
Жалпы, әлемдік деңгейде шие-леністі оқиғалардың кең етек жая бастауы босқындар мәселесін өте өзекті етеді, әсіресе, экономикалық және саяси жағдайы барлық жа-ғынан көп босқындарға “майдай жағатын” Қазақстан үшін. Саяси баспана сұраушылардың саны бүгін-ертең азая қоймасы анық, керісінше, оның арта түсері хақ. Әрі бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес: бұған, бір жағынан, қарапайым адамгершілік ұстанымы жол бермесе, екінші жағынан, Қазақстанды белгілі бір ережелерді бұлжытпай орындауға міндеттейтін халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ конвенция-лары тосқауыл қояды. Оның үстіне Қазақстан қазіргі күні ЕҚЫҰ тө-рағасы болып отырғандықтан, бос-қындар легі өзінің барлық мүшеле-рін адамдардың құқығын қорғауға міндеттейтін осы халықаралық ұйымға басшылық етіп отырған қазақ елінен пана табуға тырысады. Әйтсе де, бұл мәселенің астарында тағы да бір қитұрқы мән барын да ұмытпаған жөн, ол — шетел азаматтарының кез келген желеуді алға тартып, белгілі бір елдің территориясына барып тұрақтап қалуды көздейтіндігі. Оларды бұған итермелейтін басты себептің бірі — өздерінің тарихи отандарындағы экономиканың әлсіздігі мен табыс деңгейінің өте төмендігі екені даусыз. Бүгінгі таңда әлемде 200 миллионға жуық адам мигранттар болып саналса, жыл сайын Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстаннан 1,5 миллионнан астам адам табыс табу үшін Ресей мен Қазақстанға аттанады екен. Сол себепті де аймақтағы миграцияның деңгейі өте жоғары. БҰҰ дерегіне сүйенсек, мигранттар легінің 60 пайызы дамыған, ал, 40 пайызы Қазақстан секілді дамушы елдердің үлесіне тиеді екен. Сондықтан мұндай елдер жалған босқындардың еліне айналғысы келмесе, дәнді қауыздан ажырата білуге үйренуі керек. Рас, мұндай жағдайдың алдын алуға байланыс-ты іске асырылуы көзделген шаралар тізімі баршылық. Мәселен, босқындар мәртебесіне үміткерлер Қазақстанда өкілетті органдар тарапынан “нәсілі, ұстанған діні, ұлты, азаматтығы, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы, саяси ұстанымы бойынша шынында да қуғын-сүргінге ұшыраған ба, әлдебір террористік ұйымдармен байланысы бар ма, жоқ па” деген сауалдар төңірегінде мұқият тексеруден өтеді. Өтініш жасаушының құжаттары жалған болып шықса, оған босқын мәртебесі берілмейді. Бірақ, бұған қарап босқындар легін реттеуге болады деу аздық етеді. Себебі ол егемен мемлекет үшін аса қажет шаруа, өйткені, әлдебіреулердің өз елінен қуғын-сүргіннен бас сау-ғалап қашуға жасаған әрекеті — өркендеп отырған Қазақстанда тамырын тереңге жайып, тұрақтап қалу үшін қажет желеу ғана. Сонау 2001 жылдың 1 қыркүйегінде болған терактіден кейін осы мәсе-лемен АҚШ пен Еуропа елдері де айналысқан болатын. Сол кезде аталған елдерге босқындар атын жамылған экстремистік және террористік ұйымдардың мүшелері кіре бастаған еді. Сондықтан, кез келген мемлекет үшін ең басты құндылық — елдің ұлттық қауіпсіздігі болуы шарт, бұл қағиданың егеменді
Қазақстанға да тікелей қатысы бар. Ал, босқындар туралы заңның қабылдануы елге терроризмді экспорттау мен Ауғанстаннан тасымалданатын есірткі легін азайтуға қатысты сырттан төнетін қауіп-қа-тердің бұлтын сейілткендей болды. Босқындар мәртебесінен үміткерлер елде СПИД, құрт, тағы да басқа ауыр дерт түрлерін таратпауы үшін Қазақстан Республикасында то-лық медициналық тексеруден өтуі тиіс. Аталған мәселенің тағы бір жағымсыз жағы — миграциялық процесс барысында байырғы ел тұрғындары мен сырттан келген “босқындар” арасында келіспеушілік орын алып, айтарлықтай шиеленіс-ті жағдай қалыптасуы мүмкін. Сырттан келген босқындарды асы-рап-сақтау мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатынын, ал, бюджеттің ел халқытан алынып отырған салықтан құралатынын ескерсек, мұндай қысталаңды кезде елдегі ең жағымды экономикалық жағдай да катализатор қызметін атқара алмауы мүмкін. Десе де, әзірше ресми тіркелген босқындар саны аз болғандықтан, ел ішінде әлеуметтік шиеленіс орын ала қоюы күмәнділеу. Бірақ, келімсектер тарапынан әлдебір қылмыс жасалып иә дау-жанжал туындай қалса, одан ши шығып кету қаупі сақталатынын жоққа шығаруға болмайды. Оған елімізге келген оралмандар мен тұрғылықты халық арасында қа-лыптасқан қырын қабақтық пен салқындық көз жеткізеді. Десек те, шынында да қорғауды қажет ететін адамдарға мемлекет те, ел азаматтары да көмек қолын созары кәміл, өйткені, қонақжайлылық пен төзімділік — қазақтың қанымен біте қайнасып біткен асыл қасиет. Жалған босқындар аңғал қазақтың осы “бостығын” пайдаланбаса дегіміз келеді. Ол үшін атқарушы биліктің пәрмені күшті, қолданар шаралары қатал болуы шарт. Біз билік сол үдеден шығады деп сенеміз.
| |
|