Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кедендік одақты құрудың біздердің елдерімізге шетелдік тауарлардың импортталуына әсері қандай болмақшы?



- Кедендік одақты құрудың біздердің елдерімізге шетелдік тауарлардың импортталуына әсері қандай болмақшы?

-Бірыңғай кедендік тарифтерді толықтай келіспейінше, сондай-ақ оларды қолданудың өлшемдері нақтыланбайынша бұл сұраққа жауап беру қиын. Бірқатар тауарларға салынатын баждар бойынша Кедендік одақ өтпелі кезеңдерді енгізе алады, кейбір ұстанымдар бойынша ерекшелік ставкалары белгіленуі мүмкін.

Жалпы алғанда, Кедендік одақты құру шетелдік тауарлардың импортына әсер ететін болады. Мысал ретінде ең көп талқыланатын тақырыпты - шетелдік маркалардың импортын әкелуге салынатын баждарды келтірелік. Егер ставкалар қолданыстағы ресейлік деңгейде белгіленетін болса, белорустық тұтынушылар зардап шегеді, бірақ ресейлік автоөндірушілер ұтады.

- Құрылатын Кедендік одақ біздердің елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне ықпал ете ме?

- Бұл - күрделі мәселе. Беларус, Қазақстан және Ресей әлі күнге дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына қандай түрде енетінін анықтаған жоқ. Үш ел ұлттық жұмыс тобы аясында Дүниежүзілік сауда ұйымына ену бойынша келіссөздер жүргізуі мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өзекті мәселелер де өзгерді - бүгінде Кедендік одақтағы ойындардың ережесі туралы уағдаласқан маңыздырақ.

Қазіргі уақытта үш ел Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің түрлі жағдайларында қалып отырғаны шындық. Беларус Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 153 елдің ішінде 12-сімен ғана екіжақты келісімге қол қойды, Қазақстан 40 елмен екіжақты келісімге қол қойды, Ресей басым мемлекеттермен қол қойды. Егер Мәскеу Астана мен Минскіге Дүниежүзілік сауда ұйымына енуде көмектеседі дейтін болсақ, бұл орайда Беларус пен Қазақстанның ұтатыны анық. Біздің елдеріміздің басшылары Кедендік одақ үштігінің құрылуы олардың еркін сауда принциптерін ұстануына кедергі келтірмейтінін растайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.