Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.



45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.

Минскіде Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік Одақ құру туралы келісім қабылданып, үш елдің басшылары тиісті құжатқа қол қойды. Соған сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік Одақ қалыптасып, ол 2011 жылдың 1 шілдесінен толыққанды жұмыс істей бастамақ. Осылайша 170 миллионнан астам халқы, 2 триллион долларлық ішкі нарығы бар үш мемлекет — Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кедендік Одаққа бірікті. Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы 5 жылда, одаққа мүше бұл үшеудің ішкі жалпы өнімі 15 пайызға өспек. Қысқасы, ТМД аумағындағы интеграциялық үрдіс өзінің заңды жалғасын тапты. Жалпы қазіргі уақытта, ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарымен күресіп, ілгері жылжу мақсатымен, бүкіл әлем экономикалық одақтарға бірігіп жатқан шақта, шет қалып, жалғыз ғана даму аса қиынға соғары анық.
 
Қазақстан басшысы қашан да бірігудің аса маңызды екендігін алға тартып келеді. Естеріңізде болса, 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастама көтерген болатын. Енді, міне, араға 15 жыл салып, бұл идеяны іске асыруға бағытталған алғашқы нақты да батыл қадам жасалды. Жалпы, ЕурАзЭҚ-ты құруға бағытталған шара 2000 жылы қолға алынып, ұйымға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан кірген еді. Негізгі мақсаттардың қатарына біртұтас кедендік аумақ құру енді. Екі жыл бұрын идеяны жүзеге асыруға Астана, Мәскеу мен Минск кірісіп, бүгінге дейін көптеген ұстанымдар бойынша келіссөздер жүріп, құқықтық негіздегі 51 құжат қабылданды. — 170 миллион халқы бар орасан зор нарық қалыптасты. Елдеріміздің жалпы өндірістік көлемі 600 миллиард долларды құрап отыр. Тек қана мұнайларымыздың қоры 90 миллиард баррель. Бұл бізді әлемдік энергия көздері нарығындағы аса маңызды ойыншыға айналдырды. Ауыл шаруашылығымыздың ортақ әлеуеті 112 миллиард доллар. Әлемде өндірілетін бидайдың 12 пайызы, оның экспортының 17 пайызы біздің елдерге тиесілі. Ішкі жалпы өнімдеріміз екі триллион, ал ортақ тауар айналымымыз 900 миллиард доллардан асып жығылады,— деді Қазақстан Президенті.

 

Бүгін Астанада басталған «Кедендік одақ: тәжірибе, мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» отырысы барысында Инвестициялардың табыстылығын зерттеу агенттігінің бас сарапшысы Гүлнұр Рахматулина Кедендік одақтың нақты кемшіліктерін жария етті.

Оның айтуынша, Кедендік одақтың барлық тетіктері іске қосылғаннан бері Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдері арасындағы экономикалық ықпалдастық күшейе бастады. Бірақ одақ ішінде әлі күнге дейін шешілмей жатқан мәселелер бар. «Ең бастысы, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында нақты байланыс жоқ. Сондай-ақ біздің кәсіпкерлерлер тауар сертификатын екі рет алып, қосымша құн салығын екі есе артық төлеуге мәжбүр болып отыр. Ресейде - 18 пайыз, ал Қазақстанда 12 - пайыз, барлығы 30 пайызға шығып отыр. Бұл - үлкен шығын. Осының нәтижесінде елімізде тауар қымбатшылығы басталады», - дейді Г.Рахматулина.

Бас сарапшы атап көрсеткендей, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үлес салмағы 20 пайызға да жетпейді. Ал Жапония, Германия, Болгария және Италия елдерінде бизнес саласы ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын береді.

Үш елдің ортақ кедендік аумағын құру - бұл тиімді және стратегиялық ақталған қадам - сарапшы пікірі

МӘСКЕУ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Өткен жұма күні Ресей, Беларус және Қазақстан басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың кезекті отырысы барысында Кедендік одақты құру бойынша бірқатар негізгі құжаттарға қол қойды. Бұл оқиға, шын мәнінде, үш көршілес мемлекеттердің интеграциялық үдерістерінің шарықтау шегі - ЕурАзЭҚ аясында тиімді өзара іс-қимылдың іс жүзіндегі көрінісі болып табылады.

Орта мерзімді болашақта біздердің елдерімізді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын тілшімізбен болған сұхбатта «Еуразия мұрасы» коммерциялық емес қорының президенті Елена Яценко әңгімелеп берді.
- Елена Борисовна, үш мемлекет арасында кедендік аумақ құру өзін-өзі қаншалықты ақтайды, заман шақыруларына жауап беретін интеграцияның нысаны болып табыла ма?

- Үш мемлекеттің - Беларустің, Қазақстанның және Ресейдің ортақ кедендік аумағын құру - бұл тиімді және стратегиялық ақталған қадам. Бүгінгі күні мәселе әр мемлекет үшін нақтылы пайда туралы емес, бұл пайданың бар екенін және олардың шегерімдерден айтарлықтай көп пайда екенін принципті түрде тану туралы болып отыр. Жалпы алғанда жаңа ешқандай да өзгеріс болған жоқ. Проблемалары ортақ үш мемлекет оларды барынша азайтқысы келеді. Кедендік одақ құруға ұмтылу біздің тарихымыздағы жаңалық емес, алайда шарттық негіз бар болғанымен посткеңестік бірігу күрделі жылжыды. 1993 жылғы Экономикалық одақ туралы шарт пен 1996-1997 жылдардағы «бесеудің» Кедендік одағы жұмыс істеген жоқ. Алайда біртұтас экономикалық кеңістік (Беларус, Қазақстан, Ресей және Украина) аясында даярланған келісімдер із-түзсіз кеткен жоқ және бүгінгі күні үш мемлекет Кедендік одағының құжаттарына негіз болды. Сөз орайында айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздердің мемлекеттеріміз экономикасын интеграциялаудың қашанда жақтасы болып келді. Өткен ғасырдың аяғындағы келіссөз үдерісінің бірқатар қатысушылары «Қазақстан-Ресей» жобасы бойынша бастамашы болған Қазақстан көшбасшысының ұсынысына дер кезінде үн қоспағанына әлі күнге дейін өкінеді.

Алайда қазіргі жағдайда еркін сауда және Кедендік одақ өңірінде тоқтап қалуға болмайды, біздердің елдеріміздің бизнесіне инвестициялардың еркін қозғалысы және оларды қорғау, сондай-ақ жұмыс күштерін орын алмастыру бойынша қолданыстағы келісім қажет. Сондықтан, саяси шешімдер қабылдау керек және біртұтас экономикалық кеңістік құру қажет. Егер біздер қызып кететін ескі компьютер сияқты шектеліп және тоқтап қалсақ интеграцияның алғашқы кезеңінде заман шақыруларына жауап бере алмаймыз және уыстан шығарып алған мүмкіндіктеріміз үшін тағы да өкінетін боламыз. Экономикалық интеграция қандай болған жағдайда да әлде бір саяси интеграцияны, саяси шешімдер қабылдауды көздейді. Осы жерде проблемалар болуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.