|
|||
Еуразия идеясын ХХІ ғасырда жаңаша саралауЕуразия идеясын ХХІ ғасырда жаңаша саралау Менің Еуразиялық одақ құру туралы идеямда ешқашан маниловщина да, болашақ саяси ностальгизмді қалқалау да болған емес. Оның негізінде қашанда олар қандай да бір ізгі ниет немесе мақсаткерлікпен бүркемеленсе де саясаттың экономикаға кез келген зорлық пішінін қабылдамайтын прагматикалық қадам жатты және солай болып қала береді. Еуразия жобасында тек сыртқы экономикалық, әскери, саяси, ақпараттық, технологиялық, экологиялық және басқа да қатерлерден ұжымдасып оқшаулану мүмкіндігін ғана көру алысты аңдай алмаушылық болып табылады. ЕАО-ның тарихи перспективаларын осындай тар шеңберде түсінген кезде жаңа «темір шымылдыққа» ұқсас бірдеңе пайда болды деп айқайлағың келетіні, бірақ ол басқа геосаяси сарындарда көрініс табатыны ақиқат. Біз Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде қарастырамыз. Оны кең ауқымды көлемде, мысалы, Еуроодақпен, басқа да бірлестіктермен өзара іс-қимылсыз елестетуге болмайды. КСРО-ны ешқандай да «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» жоқ және болмайды да. Бұл тек өткеннің фантомдары, жорамалдары мен саудаға салулар. Және мұнда біздің Ресей, Беларусь және басқа елдермен көзқарастарымыз толықтай сәйкеседі. Қазіргі таңда «одақ» және «империя басқыншылығы» дейтін дүрлікпелі сөздерден үрейленуді еңсеру керек. Бұл туралы В.Путиннің «Известиядағы» өзінің мақаласында жазғаны маңызды. НАФТА шеңберіндегі Солтүстікатлантикалық интеграция да үш мемлекет – АҚШ, Канада, Мексикадан тұрады. Бірақ ешкім де АҚШ-тың империялық шамшылдығы туралы сөз қозғамайды. Кейбір батыс сарапшылары Еуразиялық одақ Қытай экономикалық экспансиясы дегеннен қорғану үшін құрылмақшы деп мәлімдеме жасағанда асығыстық танытып отыр. Мұндай мәлімдеменің шындықтан тым алшақ жатқанын айтуға тиіспін. Керісінше, ҚХР соңғы екі онжылдық бедерінде Ресей мен Қазақстанның да, Беларусьтің де стратегиялық әріптесі болып табылады. Біз интенсивті саяси үнқатысу және тығыз экономикалық ынтымақтастық ұстанып келеміз. Біз сондай-ақ ШЫҰ және АӨСШК шеңберлерінде тығыз іс-қимыл танытудамыз. Осымен бір мезгілде мен осыдан 17 жыл бұрын айтқан еуразиялық интеграция қағидаттарына әрбір қатысушы елдің ішкі дамудың тұрақтылығы, ұлттық экономикалық, несие-қаржылық және әлеуметтік саясаттың нәтижелілігі мен жауапкершілігі мәселелерін қосу аса маңызды. Бұл біз үшін үлгісі аса пайдалы Еуроодақ экономикасындағы қазіргі қиындықтарды еңсерудің тәжірибелерін есепке алғанда айрықша маңызды. 2009 жылдан бастап біз Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастырудың барлық заңгерлік мәселелерін бүге-шігесіне дейін пысықтау жұмыстарын жүргізіп келеміз. Үстіміздегі жылдың соңына дейін үкіметтер деңгейінде тиісті келісімдер жасалатын болады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталады. Бірте-бірте үш елдің экономикалық саясатын үйлестірудің тетіктері, қызметтердің, капиталдар мен еңбек ресурстарының, біріздендірілген заңнамалардың трансшекаралық еркін қозғалысын қамтамасыз ету шындыққа айналады. Бизнестің ұлттық субъектілері БЭК-ке қатысушы әрбір мемлекеттің инфрақұрылымдарына теңдей қол жеткізу мүмкіндігін иеленетін болады. Болашақта біртұтас көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйе қалыптасады. БЭК интеграцияның мейлінше жоғары сатысы – Еуразиялық экономикалық одаққа өту үшін берік негіз қалайды. Бұл қуатты бірлестік болады. Үш мемлекеттің жиынтық ІЖӨ-сі шамамен 2 триллион долларды құраса, өндірістік әлеуеті 600 миллиард долларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі – шамамен 112 миллиард долларға, ал жалпы тұтыну рыногы 165 миллион адамға бағаланып отыр. ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақты жаһандық дамудың нақты бақыланған трендтерінен тыс қалыптасқан жаһандық күштердің табысты орталығы ретінде көз алдыңа елестету мүмкін емес. Үстіміздегі жүзжылдықта аймақтану жалпыәлемдік үрдіске айналды. Еуропалық одақ таяудағы жылдарда құрамына Хорватияны, болашақта Сербия мен Черногорияны және басқа елдерді қосу есебінен одан әрі кеңеюді жоспарлап отыр. Шығыс Азияда Қытайдың және бірден екі миллиард тұтынушыны қамтитын АСЕАН елдерінің қатысуымен планетамыздағы аса ірі еркін сауда аймағы құрылуда. Қаржы-экономикалық тұрғыда Парсы шығанағы өңірі өзінен өзі ұйымдасып жатыр. Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерінің интеграциясы нығая түсуде. Егемен дамудың 20 жылында Ресейдің, Қазақстанның және өзге де еуразиялық интеграцияға қатысушылардың экономикалары жаһандық экономиканың бөлшегіне айналды. Бүгінде біздің елдеріміз модернизациялануының, ғылыми ауқымды инновациялық экономика құруының маңызды шарты АҚШ-пен, Еуроодақпен, Қытаймен, Азия-Тынық мұхиты экономикалық қоғамдастығы елдерімен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты белсенді өрістету болып табылады. Жаңа жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үдерістерінің маңызды аспектілерін де қаперге алған жөн. Менің табанды бастамаммен осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын қабылданған ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында біртұтас және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігін құру мақсаты белгіленді. Сондықтан бүгінде ХХІ ғасырдағы алыс болашаққа, мүмкін тіпті, одан кейінгі ғасырларға бағдарланған еуразиялық интеграция идеясын жаңаша саралау көкейкесті болып табылады!
|
|||
|