|
||||
Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;Стр 1 из 24Следующая ⇒ 44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы; Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді
13 августа, 2013 Рубрика Экономика и бизнес Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шартты әзірлеуде. Бұл туралы ақпараты Қайрат Сарыбай (Сыртқы істер министрінің орынбасары) ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында таратты. Биыл Астанада өткен Қазақстан, Ресей және Белорусьтің Мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық кеңесін құру туралы уағдаласқан болатын. Қазіргі таңда осы мақсатта Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық нормалары есепке алына отырып келісімшарт дайындалуда. Жоспар бойынша, ол 2014 жылдың 1 мамырына дейін әзір болуы тиіс. Айта кетейік, аталмыш ведомствада Еуразия ықпалдастығы мәселелерімен айналысатын жеке департамент құрылған. Ресей Еуразия одағы туралы келісім әзір еместігін мәлімдеді
27 марта, 2014 Рубрика Экономика и бизнес Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов Ресей, Беларусь және Қазақстан мұнай және газ саудасына қатысты "әлі толық түсінісе алмай жатқанын" мәлімдеді.
Ресей, Қазақстан және Беларусь биыл мамыр айында үш ел арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдетуді көздейтін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бірақ Игорь Шувалов үш ел мұнай, газ және алкоголь, темекі өнімдері мен медициналық дәрі-дәрмектер сияқты маңызды өнімдер саудасында бірнеше жылға шектеулер енгізуді жақтап отырғанын айтады. Кремль 2015 жылға қарай Еуропа Одағының үлгісіндей Еуразия экономикалық одағын құрғысы келеді.
|
||||
|