Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сімдіктерді түгендеу. Аяқталмаған құрылысты түгендеу



8. Өсімдіктерді түгендеу

33. Өзге негізгі құралдарға жатқызылған өсімдіктер (көшелердегі, алаңдардағы, саябақтардағы, гүлзарлардағы, мемлекеттік мекемелердің аумақтарындағы, тұрғын үйлердің аулаларындағы көгалдандыру және сәнді отырғызулар, тірі шарбақтар, аққала және өріс қорғау жолақтары, құмды және өзендердің жағаларын бекіту үшін отырғызулары, жыра-сайлы отырғызулар, ботаникалық бақтардың және басқа да ғылыми зерттеулер үшін ғылыми-зерттеу мемлекеттік мекемелер мен оқу мақсаттарында жасанды отырғызулары және басқа жасанды көп жылдық отырғызулар осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомосіне) енгізіледі.
34. Биологиялық активтерге жатқызылған өсімдіктер (олардың жасына қарамастан көпжылдық отырғызулар: жеміс-жидек отырғызулардың барлық түрлері (ағаштар мен тал-шіліктер); отырғызылатын материалдар ретінде көшеттіктерде өсірілетін көпжылдық отырғызулар осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомосіне) енгізіледі.

9. Аяқталмаған құрылысты түгендеу

35. Аяқталмаған құрылыс бойынша аяқталмаған құрылысты түгендеу актісінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес объектінің атауы, әрбір объекті мен жұмыс түрлері бойынша орындалған жұмыс көлемі мен сипаттамасы, сметалық және нақты құны көрсетіледі.
36. Түгендеу комиссиясы:
аяқталмаған құрылыстың құрамында монтаждауға берілген, бірақ іс жүзінде монтаждау басталмаған жабдықтардың бар-жоғын;
құрылысы консервіленген және уақытша тоқтатылған объектілердің жағдайын тексеруі тиіс.
Құрылысы консервіленген және уақытша тоқтатылған объектілер бойынша оларды консервілеудің себептері мен негіздемелерін анықтау қажет.
37. Іс жүзінде толық немесе ішінара пайдалануға енгізілген, қабылдауы және қолданысқа енгізілуі тиісті құжаттармен ресімделмеген құрылысы аяқталмаған объектілерге жеке түгендеу актісі жасалады.
Сондай-ақ жеке түгендеу актісі қандай да бір себептермен пайдалануға енгізілмеген, аяқталмаған объектілерге де жасалады. Құрылысы тоқтатылған объектілерге, сондай-ақ баланстан есептен шығаруға жатқызылған жүзеге асырылмаған жобалау-іздеу жұмыстары бойынша түгендеу актісі жасалады, онда орындалған жұмыстың сипаты және құрылысты тоқтату себептері көрсетіле отырып, смета бойынша құны көрсетіледі. Бұл үшін тиісті техникалық құжаттамалар (сызбалар, сметалармен басқа да құжаттар), жұмыстарды, кезеңдерді тапсыру актілері, құрылыс объектілеріндегі орындалған жұмыстарды есепке алу журналы және басқа құжаттар пайдаланылуы тиіс.
38. Ғимараттардың, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың, энергетикалық қондырғылардың және басқа объектілердің аяқталмаған күрделі жөндеулеріне осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жеке түгендеу актісі жасалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.