Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары



Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары

Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 № 22 бұйрығымен.

 1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 № 22 бұйрығымен.
2. Түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау;
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;
пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;
материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен шарттарының сақталуын тексеру;
есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржы инвестицияларын және бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.
3. Түгендеу:
жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында;
материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде (қабылдап алу-тапсыру күніне);
ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде;
өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше жағдайлар болған жағдайда;
мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған (қосу және біріктіру, бөлу, бөліп беру және қайта құру) кезде жүргізіледі.

2. Түгендеу жүргізу мерзімдері

4. Мемлекеттік мекемелер түгендеуді мынадай мерзімдерде:
1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;
4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет;
5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кейін;
6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ 1 қазаннан кейін;
7) тамақ және спирт өнімдерін - тоқсанына кемінде бір рет;
8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын - есепті жылдың 1 қазанынан кейін, және бұдан басқа, кезең-кезеңмен тиісінше бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейтін мерзімде;
9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды - 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына екі рет;
10) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді – мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;
11) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтерінің деректері бойынша тиісті шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есепті нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктердің үзінді жазбаларымен салыстыру жолымен - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргізіледі;
12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды - тоқсанына кемінде бір рет;
13) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды - жылына екі реттен кем емес;
14) баланстың басқа да баптарын - 1 қаңтардағы жағдай бойынша - жүргізуге міндетті.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.10.2015 № 523 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
5. Бұрын жыл бойында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған құндылықтар, сол сияқты белгіленген мерзімде түгендеуге жатады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.