Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аяқталмаған өндірісті түгендеу



6. Аяқталмаған өндірісті түгендеу

30. Аяқталмаған өндіріске дайындалуы, өңделуі және жинақталуы бітпеген өндірісі аяқталмаған бұйымдар жатады.
31. Түгендеуді бастамас бұрын өндіріс үшін керек емес материалдарды, сатып алынған бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды, сондай-ақ осы сатыда өңделуі аяқталған барлық бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды қоймаға тапсыру қажет.
Аяқталмаған өндіріс жинақтарының (бөлшектер, торабтар, агрегаттар) қалдықтарын тексеру іс жүзінде есептеу, салмағын өлшеу, көлемін қайта өлшеу жолымен жүргізіледі.
Түгендеу актілері әрбір құрылымдық бөлімше (цех, учаске, бөлімше) бойынша дайындалуы мен жинақталуы бітпеген бұйымдардың атауы мен саны немесе атауы, көлемі және жұмыстардың аяқталмау дәрежесін көрсете отырып жасалады.
Жұмыс орындарында тұрған және өңдеуге ұшырамаған материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттар аяқталмаған өндірісті түгендеу актісіне енгізілмейді, бірақ жекелеген актілерде түгенделеді және жазылады.
Жарамсыз болып қалған бөлшектер аяқталмаған өндірісті түгендеу актісіне енгізілмейді, бірақ олар бойынша жекелеген актілер жасалады.
Түгендеу нәтижелері осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес аяқталмаған өндірісті түгендеу актісінде ресімделеді.

7. Жануарларды түгендеу

32. Жануарлардың, құстардың, үй қояндарының, терісі бағалы аңдардың, ара ұяларының барлық түрлері олардың құнына қарамастан түгендеуге жатады.
Биологиялық активтерге (өнім беретін және асыл тұқымды малдар: сиырлар, өнім беретін бұқалар, енекелер мен қодастар (жегілмейтіндерден басқа) өнім беретін айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жегілмейтін), табында ұстауға ауыстырылған биелер, өнім беретін нар түйелер (жегілмейтін) мен ұрғашы түйелер, сондай-ақ аталық шоқалар, аналық шошқалар, аналық қойлар, ешкілер, қошқарлар және басқа асыл тұқымды ядроны құрайтын жануарлар) осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомосі) бөлек енгізіледі, онда жануардың нөмірі (биркасы, таңбасы) жануардың лақап аты, туған жылы, тұқымы, қоңдылығы, тірі салмағы (массасы) мен бастапқы құны көрсетіледі.
Тұқымы малды бағалау деректерінің негізінде көрсетіледі.
Топтық ретімен есепке алынатын негізгі табынның жануарлары осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес әрбір топ бойынша жасына және жынысына қарай топтар бойынша бас сандары мен тірі салмағы (массасы) көрсетіле отырып, тізімдемеге енгізіледі.
Өзге негізгі құралдарға жатқызылған жануарлар (жегілетін малдар – жылқылар, өгіздер, түйелер, есектер және басқа көліктік және спорттық мақсаттарда пайдаланылатын жегілетін жануарлар, сондай-ақ қызметтік иттер) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомосіне) енгізіледі.
Ірі мүйізді қараның, асыл тұқымды жылқылар мен жегілетін малдардың төлдері түгендеу нөмірлері, лақап аттары, жынысы, түсі, тұқымы көрсетіле отырып жеке тізімдемеге енгізіледі.
Бордақылауға қойылған жануарлар, шошқалардың, қойлар мен ешкілердің төлдері, құстар, аралар ұясы және басқа топтық ретпен есепке алынатын жануарлардың түрлері осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес және есепке алу тіркелімінде қабылданған номенклатураға сәйкес әрбір топ бойынша бас саны және тірі салмағы (массасы) көрсетіле отырып, түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомосіне) енгізіледі.
Тізімдемелер жануарлардың түрлері бойынша есепке алу топтары мен материалдық жауапты адамдар бөлігінде бөлімшелер бойынша жеке жасалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.